Жоғары лауазымды тұлға бюджеттен 1,2 млрд теңгені ұрлады деп айыпталды
Кеше Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Арман Құмашевты ұстады, деп хабарлады ведомстводан.
Ол Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары бола тұра, Сәтбаев атындағы канал үшін сатып алынып отырған гидрокүштік жабдықтың бағасын көтермелеу жолымен 1,2 млрд теңге бюджет қаражатын ұрлады деп күдіктелуде.
Бұдан басқа, Құмашев Сәтбаев атындағы каналдың қайта құруға бөлінген 6,6 млрд теңге бюджет қаражатын ұрлауға оқталды деген күдік бар. Қаржы полициясы органдарының араласуының арқасында аталған бюджет қаражатын ұрлауға жол берілмеді.
Оған қоса, Құмашев бюджет қаражатын ұрлауға бағытталған мақсатына жету үшін өз қызметттік уәкілеттігін теріс және асыра пайдаланып, қызметтік жалғандық жасаған деп күдіктенуде.
28 тамызда соңғыға қатысты жоғарыда көрсетілген фактілер бойынша 3 қылмыстық іс қозғалды. Қазір оған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындау мәселесі шешілуде. Қылмыстық істер тергелуде, нәтижелері жұртшылыққа жеткізілетін болады.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» 15 млрд теңге көлемінде пара алған шенеунік қызметінен шеттетілді
» Есеп комитеті төрағасының мәліметі Нұрсұлтан Назарбаевқа аса жақпай қалды
» "ЭКСПО-ға" тағы 33 миллиард теңге бөлінетін болды
» Үкімет мемлекеттік қызметкерлердің жалақысына 20 миллиард теңгені артық жұмсамақ
» ЭКСПО- 2017 көрмесіне 150 млрд теңге бөлінеді

KZ | Жаңалықтар
Іздеп көріңіз: