Салт-дәстүр: Неке қияр

Салт-дәстүр: Неке қияр

Неке қияр , неке қию – 1) отбасын құрған адамдардың мемлекеттік азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАЖ) органдарында тіркелу рәсімі; 2) Неке қияр дәстүрлері қазақ қоғамында молда және куәлікке алдын ала белгіленген екі жігіт арқылы атқарылған.

Ең алдымен неке суы дайындалады. Мұнда үлкен кесеге су құйылады да, оған аздап тұз, қант қосылып, сақина салынады. Су – екі жастың пәктігіне, тұз – егер жастардың біреуі келешекте опасыздық етіп, осы некені бұзса, дәм атуына, қант – екеуінің тату-тәтті өмір сүруіне ырымдалып қосылса, ал сақина неке ескерткіші ретінде салынады. Неке суына алтын немесе күміс сақина, тіпті кейде күміс мәнет салынуы мүмкін. Оған молда дұға оқып үшкіреді. Куәлар молданың тапсыруымен жастардың өз ықтиярларымен некелесетіндігін сұрап біледі, содан соң күйеудің жұбайына қамқоршы, ал қалыңдық еріне адал жар болуға міндетті екендігін айтып, олардан ант алады да, мұны жария түрде молдаға, көпшілікке жеткізеді. Әр сұраққа жауап алғаннан кейін олар міндетті түрде “куә жарын” айтып отырады. Молда Құран аяттарын оқығаннан кейін неке суын куәлар алдымен жас жұбайларға, одан соң қатысушыларға бір-бірден ұрттатып шығады, қолдарына сақина кигізіледі. Жиналған қауым жастарға ақ тілектерін айтып құттықтайды, ақсақалдар бата береді. Қазақ халқында сақталған Неке қияр дәстүрінде ислам мәдениетімен біте қайнасып кеткен байырғы жол-жоралғылардың да жиынтығы көрініс тапқан.
Неке - қасиетті ұғым, беріктік шарты. Қазақ халқы мұны "ақ неке" деп ардақтайды. "Ақ некелі жарым" деп мақтанады. Бас қосқан ер мен әйелдің міндетті түрде некесі қиылады. Ол көпшілік алдында жасалады. Қосылған, бірақ некесі қиылмаған адамдарды халық "некесіз" деп сөккен және оларға салқын қараған. Олардың балалары да "некесіз туған"деген жаман атқа қалған. Рәсім барысында өлеңше ұйқасқан сөздер айтылып, содан соң, неке суы ішіледі. Бұдан кейін олардың некесі қиылып, ерлі-зайыпты адамдар болып саналады. Үлкендер жақсы тілек тілеп, қол жайып бата береді.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ Неке қияр салт дәстүр казак салт дастур казакша, қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, казак халкынын салт дастурлери казакша, қазақтың салт дәстүрлері туралы мәлімет, казахские обычаи и традиции на казахском языке, Неке қияр

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]