Ұлттық ойын: Қуалап соқ

Ұлттық ойын: Қуалап соқ

Қуалап соқ — ұлттық ойын.

Ойынға оннан отызға дейін адам қатынасады. Ойынды спорт залында, аулада, үлкен бөлмеде өткізуге болады. Ойнаушылар екі топқа бөлінеді. Бұл топтың екеуі де тіке тартылған сызықтың бойында тұрады. Мұнан соң бұл сызықтан 20—30 метрдей жерде тағы да сондай сызық тартылып, оның екі жағынан екі жалау шаншылады.

Ұйымдастырушы әр топтан бір-бірден ойыншы шақырып алып, оның біреуіне белбеу береді.

Ойынды бастаушының белгісі бойынша, әлгі екі ойыншы жалаулармен белгіленген сызыққа қарай жүгіреді. Белбеуі бар ойыншы екінші ойыншыны қуып жетсе, сол сызыққа жеткенше белбеумен соға береді. Сызыққа жеткен соң бірінші ойыншы белбеуді сызықтың, үстіне тастай беріп, өзі кері жүгіреді, ал екінші ойыншы белбеуді ала салып кейін қашқан ойыншыны қуып жетіп, белбеумен ұруға тырысады. Егер ол мұны орындай алса, жеңген болып есептеледі. Ал егер де белбеуді оған тигізе алмаса — жеңілгені.

Мұнан соң келесі екі ойнаушы шықырылады да, ойын жалғаса береді. Жеңілгендер алдын ала белгіленген тәртіп бойынша өлең, тақпақ, не мақал-мәтел, жаңылтпаш айтады.

Белбеумен соғу дегенді қашушының арқасына тигізу деген ұғым деп түсінген жөн. Ойын елдің бәріне қызықты болу үшін ойын тәртібін сақтау дұрыс
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ Қуалап соқ ұлттық ойыны казак улттык ойыны казакша, қазақтың ұлттық ойындары, казактын улттык ойындары туралы малимет, қазақтың ұлттық ойындары туралы мәлімет, казахские национальные игры на казахском, Қуалап соқ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]