Ұлттық ойын: Домалақ ағаш

Ұлттық ойын: Домалақ ағаш

Қазақтың ежелден келе жатқан ұлт ойындарының бірі — «Домалақ ағаш» ойыны. Бұл «Қазан» ойынының бір түрі. «Домалақ ағаш» ойынын қыста мұз үстінде, ал жазда тақыр алаңда ойнауға болады. Ойынға қатынасушылардың әрқайсысының басы қайқы қақпа таяғы мен ағаштан істелген домалақ шары болуы керек.

Ойынға қатынасушылар ортадан шеңбер сызып, бір «қазан» қазады. Ойнаушылардың саны көп болса, шеңбер соғұрлым үлкен болады. Шеңбердің бойымен қатарласа тұрып, арасы бір-бірі адымдай жерден, яғни әрқайсысы өзінің алдынан «қазан» қазып алады, домалақ ағашын соған алып қояды. Шеңбердің ортасында бір ойыншы бос «қазанды» күзетіп тұрады, яғни басқа шеңбер бойында түрған ойыншылардың әрқайсысы өзінің шарын ортадағы бос «қазанға» түсіру; ал ортадағы бос «қазанды» қорып тұрған ойыншы басқалардың домалақ ағаштарын өзі қорып тұрған «қазанға» түсірмеуге тырысады. Егер ортадағы «қазанға» домалақ ағашын кім түсіріп алса, сол адаммен орындарынауыстырады. Ойын жалғаса береді
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ Домалақ ағаш ұлттық ойыны казак улттык ойыны казакша, қазақтың ұлттық ойындары, казактын улттык ойындары туралы малимет, қазақтың ұлттық ойындары туралы мәлімет, казахские национальные игры на казахском, Домалақ ағаш

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]