Ұлттық ойын: Аңшылар

Ұлттық ойын: Аңшылар

Жануарлар дүниесінен, аңшылықтан туындайтын ұлттық ойындарының бірі — «Аңшылар» ойыны.

Ойынға қатынасушылар араларынан біреуін ойын жүргізуші етіп сайлап алады да, кең жазық алаңға жиналады.

Жүргізуші күні бұрын белгіленіп сызылған шеңбердің (радиусы 5—10 м) бойына, қолына доп беріп, үш жерге үш ойыншыны тұрғызады,— бұлар «аңшылар». Қалған ойыншылар «үйрек» болып, ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша шеңбердің ішіне жамырай жүгіріседі де, «Тоқта!» деген кезде бәрі орындарында қозғалмай тұра қалады. Осы кезде «аңшылар» қолдарындағы доптарымен «үйректерді» атқылай бастайды. «Аңшылар» атқылаған кезде «үйректерге» доптан бұлтаруға болады, бірақ тұрған орнынан жүріп кетуге болмайды. «Өлген үйректер» аңшыны алмастырады, ал «үйректерге» тигізе алмаған «аңшылар» доптарын алып қайтадан атқылайды. Осылайша үш «аңшы» орындарын ауыстырғаннан кейін ойын қайта жалғасады.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ Аңшылар ұлттық ойыны казак улттык ойыны казакша, қазақтың ұлттық ойындары, казактын улттык ойындары туралы малимет, қазақтың ұлттық ойындары туралы мәлімет, казахские национальные игры на казахском, Аңшылар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]