Ұлттық ойын: Ат үстіндегі тартыс

"«Ат үстіндегі тартыс»" ойынын жүргізу үшін 20-30 шаршы метр алаң әзірленеді. Осы әзірленген алаң ортасына ойынға қатынасушы 3-5 жаяу мен бір атты шығады. Жаяу ойыншылардың мақсаты — аттыны жаяулату. Атты жаяулардан қашады. Ойынның шарты бойынша, жаяулардан қашқан аттының белгіленген алаңның сыртына шығып кетуіне болмайды. Ойын жүргізуші жаяуларға аттының атына тиіспей, өзін аударып тастау үшін 10-15 минут уақыт белгілейді. Осы уақыт ішінде аттыны құлата алмаса, жаяулардың келесі тобы шығады
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Іздеп көріңіз: