Есімдер мағынасы

Әрбір ата-ана өмірге келген сәбиге әдемі, көркем есім таңдауға тырысады. Бүгінде елімізде қазақы аттардан бөлек, басқа тілдерден енген, көпшілік арасында кең таралған заманауи есімдер жиі қойылады.

Әдемі, ерекше ұл бала есімдері мағынасы (У әрпі бойынша ат қою)

УАЙЫС - араб тілінен алынған — күш, жігер.

УАХАП - араб тілінен алынған уаһуп — мырза, жомарт, қайырымды.

УАХАТ - араб тілінен алынған уахит — жалғыз, жалқы, бірінші (бала).

УӘЛИ, УӘЛІ - араб тілінен — әкім, қожайын; үкімет басқарушы; туысқан, бауыр. Біріккен тұлғалы есімдер — Уәлиахмет, Уәлиолла, Уәлихан.
Есімдер мағынасы
Толық
0 0

Қазақша - арабша Алла тағаланың 99 көркем есімдері және мағынасы

Аллаһ - الله

Оның (Аллаһ тағаланың) бар екендігі және Оның иләһи сипаттарын білдіретін есім. Раббымыздың ең ұлық есімі. Кім Жаратушының осы әдемі есімін күніне 1000 рет қайталап зікір етсе, иманы берік болады.
Есімдер мағынасы
Толық
4 -2

Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (О әрпі бойынша ат қою)

ОРАЗГҮЛ - көне түркі тілінен келген орыз — ырыс, құт, бақыт. Есімнің екінші сыңары иран тіліндегі гүл.

ӨМІРШЕ - араб тілінен алынған — өмір бақи, мәңгілік.

РАСИМА - араб тілінен — рәсім, әдетті берік ұстаушы.

ПАРАСАТ - араб тілінен — ақыл, сана.
Есімдер мағынасы
Толық
0 0

Әдемі, ерекше ұл бала есімдері мағынасы (А әрпі бойынша ат қою)

АСҚАР – қазақ есімі, ең биік, сеңгір тау, қарлы биік шың; тірек, сүйеніш. Біріккен тұлғалы есімдер — Асқарбай, Асқарбек, Асқарәлі, Асқаржан.

АСТАМ – қазақ есімі — басқадан өктем, үстем, асқақ.

АСФАНДИЯР, СПАНДИЯР – иран тілінен алынған, иран халық эпосындағы басты кейіпкердің бірінің есімі; иран жыл санауындағы ай аты.

АСХАТ - араб тілінен алынған асхад - ең бақытты, құтты, ырысы мол.

АСЫЛ - араб тілінен алынған: негіз, түбір, ақиқат, нағыз; ардақты, қымбатты, бағалы. Біріккен тұлғалы есімдер Асылбек, Асылбай, Асылхан, Асылмұрат, Асылхожа, т. б.
Есімдер мағынасы
Толық
1 0

Қазақтың балаға ат қою рәсімі

Бала дүниеге келгенде әр саналы отбасы оған жарасымды әрі әдемі есім беруге тырысады. Кейбірі заманына сай, ел арасында кең таралған, заманауи есімдерді қойып жатса, кейбірі ата-бабаларының, ұлы тұлғалардың есімін, кейбірі ежелгі есімдерді қояды.
Есімдер мағынасы | Кеңестер
Толық
0 0

Қазақша есім мағынасы: Абай (-ев, -ева)

Абай (-ев, -ева) - қазақ халқының ұлы ақыны Құнанбаев Ибраһимнің екінші есімі. Бұл есім "бала ұлы ақын Абайдай болсын" деген мақсатпен кейінгі ұрпақтарға жиі қойылып отырған. Солардан тараған балалар Абаев, Абаева деген фамилияларға ие болып отыр. Абай "сақ, әзір, дайын" (ҚТТС, 1, 32). - Абай отырмасаң сүтіңді ақтарып, өзінді майып етеді, - дейді (Қ. Қамбаров, Алтай аясы). Абай болды. 1. сақ болды. Асылы абай болу керек (М. Қаратаев, Даладагы дабыл). 2. ес болу, бас-көз болу. Өйтеуір абай болып, анда-санда айгайлап қойып, өзі де ығып келеді (Ғ. Мүсірепов, Оянған өлке). Алайда, сөз етіп отырган....
Есімдер мағынасы
Толық
0 0

Қазақша есім мағынасы: Абзал

АБЗАЛ – түбірі арабтың «фәзл» деген сөзінен шыққан. Білімді, даналық иесі деген мағынаны білдіреді. Қазақ халқы ардақтайтын адамын «Абзал жан» деп атайды. Нәрестеге «құрметті, білімді болсын» деген ниетпен....
Есімдер мағынасы
Толық
0 0

Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (А әрпі бойынша ат қою)

АБИРА - тәжік тілінен алынған абера — шөбере, шөбере қыз.

АҒИЛА - араб және иран тілдерінен алынған агиля — ақылды, парасатты сөзінен жасалған.

АҒЛИЯ - грек тілінен — сұлулық, көркемдік, салтанат.

АДЛИЯ - тәжік тілінен алынған адл — әділдік, ақиқаттық + ия қосымша.
Есімдер мағынасы
Толық
0 0