Әдемі, ерекше ұл бала есімдері мағынасы (Н әрпі бойынша ат қою)

Әдемі, ерекше ұл бала есімдері мағынасы (Н әрпі бойынша ат қою)

НАҒИ - араб тілінен алынған нәки — таза, қоспасыз.

НАҒЫМ - араб тілінен алынған нәгим — амансаулық, есендік, бақытты өмір, рақат, ләззат.

НАҒЫМБЕК - араб тілінен алынған нагым + қазақ сөзі бек. Мықты саулық, бақытты өмір.

НАЗАР - араб тілінен алынған нәзәр - қарау, көзқарас, көз салу; ықылас, ілтипат. Метафоралық мағынасы — жәрдем, көмек, игі ниет, сүйеушілік, жақтаушылық.

НАЗАРБАЙ - жұрттын ықыласына, ілтипатына бай болсын деген тілекпен қойылған есім. Фонетикалық түрі — Назарбек.

НАҚЫП - араб тілінен алынған нәкиб — бастык, басшы.

НАҚЫСБЕК - араб тілінен алынған нәкш - сурет, әшекей, өрнек; түрлі жазба, яғни көрікті, әрлі адам.

НАРБАЙ - нар - жалғыз өркешті ірі түйе; ауыспалы мағынасы — үлкен, мықты, ерекше, зор + бай. Бала үлкен, зор, мықты болсын деген тілекпен қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Нарбек, Нарбол.

НАРИМАН - иран тілінен алынған нари - батыл, ержүрек + ман, яғни батыл, ер адам.

НАРКЕС - өткір, батыл.

НАРМАҒАМБЕТ, НАРМҰҚАМБЕТ – қазақтың сөзі нар + араб тілінен алынған Мағамбет — зор, мықты Мұқамбет. Қысқартып еркелету түлғалары - Нарымбет, Нармат, Нарыш, Наркен, Наржан, Нартай.

НАРТАУ - бала тау сияқты зор, үлкен болсын деген тілекпен қойылған есім.

НАРТУ - дүниеге ірі, зор боп кел деген мәндегі есім.

НАРЫМЖАН - нарым — менің нарым, менің сүйіктім, менің жаным.

НАСЫР - араб тілінен алынған наср — жәрдем беруші, көмек етуші; жеңімпаз. Біріккен тұлғалы есімдер Насыролла, Насырбай.

НАУРЫЗ - иран тілінен алынған нов — жаңа + руз - күн. Новруз ирандықтардың календары бойынша жаңа жылдың басы — 21 март. Бұл мейрам күні туған балаларға Наурыз, Наурызбай, Наурызғали, Наурызбек деген есімдер берілген. Қысқаша айтылу түрі — Науан.

НӘБИ - араб тілінен алынған нааби — әулие, құдірет, жаратушы, елші; яғни жаратушының елшісі.

НӘБИБОЛЛА - араб тілінен — жаратушының, құдіреттің, әулиенің елшісі.

НӘДІР - араб тілінен алынған надыр — сирек, таңдаулы.

НӘДІРБАЙ – араб тілінен алынған - қазақ сөзі бай— сирек, тандаулы бай.

НӘДІРБЕК - сирек, таңдаулы бек, әкім.

НӘЖІП - араб тілінен алынған нәджибь — мейірбан, қайырымды, ақ көңіл, кең пейілді, құдіретті.

НӘЗІР - араб тілінен — салтанатты уәде, серт; ант.

НӘЗІРБЕК - уәдеде, сертте тұратын, берік адам.

НӘРІК - араб тілінен алынған нари — отты, жалынды.

НЕСІП - араб тілінен — үлес, сыбаға; бақыт, тағдыр.

НЕСІПБАЙ - өз бақыты, өз тағдыры бар, байлыкқа кенелген.

НЕТӘЛІ - (қараңыз: Ниетқали).

НИЕТҚАЛИ - араб тілінен алынған нийат — пиғыл, ой, талап. Яғни жоғары пікірлі, ақылды, парасатты адам. Фонетикалық түрі — Нетәлі.

НИЗАМ - араб тілінен алынған тәртіп, орнығушы.

НИЯЗ – тәжік тілінен алынған ниязъ — өтініш, тілек, жалбарыну; үміт; сый, тарту. Біріккен тұлғалы есімдер — Ниязбай, Ниязғали.

НИЯЗМҰХАМБЕТ – тәжік тілінен алынған - Мұхамбет пайғамбар сыйға тартқан.

НОҒАЙБАЙ - ноғай — халық аты + бай.

НОИЛЬ, НОЭЛЬ - араб тілінен - мақсатқа жетуші, жетістік.

НОЯН - моңғол тілінен алынған ноен 1/10000 адамның яғни түменнің бастығы, әкімі; ханзада, патша баласы; мырза, төре, әмір, үстемдік етуші. Біріккен тұлғалы есімдер — Ноянбай, Ноянбек. Фонетикалық түрі — Доян.

НӨКЕРБЕК – моңғол тілінен алынған нохэр — жолдас, дос.

НҰҒМАН - көне еврей тілінен келген - амандық, есендік, жақсылық.

НҰР - араб тілінен - жарық, сәуле.

НҰРАБАЙ - Нұра өзенінің бойында туған балаға қойылған есім.

НҰРАЙДАР - араб тілінен алынған нұр + айдар. Айдары жарқыраған бақытты бала. Қысқарған түрі — Нұрақ.

НҰРАҚЫН - нұрлы, сәулетті ақын.

НҰРАЛЫ - араб тілінен алынған нұр - жарык, сәуле. Әлидің нұры яки Әлидің жарығы. Фонетикалық түрлері — Нұрәли, Нұрғали. Қысқарған түрі — Нұран. Еркелете айтылатын түрі — Нұраш.

НҰРБАЙ - араб тілінен — нұрлы, көрікті ер бала.

НҰРБАҚ - араб тілінен алынған бағы жанған, бақытты, нұрлы.

НҰРБАПА - араб тілінен алынған нур + қазақ сөзі бапа — баба — үлкен ата, арғы ата.

НҰРБЕК - араб тілінен алынған нұр + қазақ сөзі бек — берік, мықты; өте нұрлы, әдемі, көркем.

НҰРБОЛ - нұрлы, көркем, көрікті болсын деген тілекпен қойылған есім. Фонетикалық түрлері — Нұрболат, Нұрболсын.

НҰРГЕДІ - араб тілінен алынған нұр + қазақ сөзі келді, яғни өмірге әдемі, көркем, бақытты бала келді деген мәнді есім.

НҰРҒАЗЫ - араб тілінен алынған нұр + ғазы — әскер, қосын; яғни нұры тасыған, керемет әскери адам.

НҮРҒАЛЫМ - араб тілінен алынған нұр + ғалым - тамаша, нұры тасыған, бақытты ғалым.

НҰРҒИСА - араб тілінен алынған нұр + ғиса - Иса, яғни келбетті, сұлу, көркем тұлғалы Иса, Ғайса.

НҰРДАН - нұрдан туған, жаратылған деген мағынаны білдіреді.

НҰРДӘУЛЕТ - араб тілінен алынған нұр + дәулет; яғни байлығы, дәулеті, сәулеті жарасқан.

НҰРЖАҚАН - араб тілінен алынған нұр + иран тілінен алынған жиһан — дүние, әлем, шартарап; яғни дүниедегі, әлемдегі адамзаттың нұрлысы, сұлуы.

НҰРЖАН - араб тілінен алынған нұр + иран тілінен алынған жан; яғни жан біткеннің нұрлысы, әдемісі, көріктісі.

НҰРЖАУ – араб және қазақ тілдерінен - нұр жаусын, бақытты болсын деген мағыналы есім.

НҰРЗАДА - араб тілінен алынған нұр + иран тілінен алынған зада — перзент, бала; әдемі, ажарлы, сұлу бала.

НҰРЗЕРЕК - араб және қазақ тілдерінен - көрікті, нұрлы, зерек бала.

НҰРЖІГІТ - араб және қазақ тілдерінен - нұрлы, әдемі, көрікті жігіт.

НҰРИ - араб тілінен алынған — нұрлы, көрікті.

НҰРҚАСЫМ - араб тілінен алынған нұр + қасым; аса әдемі, сұлу, шырайлы.

НҰРЛАЙ - нұрлы және ай сөздерінен жасалған есім, яғни жарық ай.

НҰРЛАН - араб тілінен - ажарлану, өрлену, нұрлы, бақытты болу.

НҰРЛАТ - араб тілінен - нұрландыру, көріктендіру; бақытты ету.

НҰРЛЫ - араб тілінен алынған — өте әдемі, көркем, сұлу. Біріккен тұлғалы есімдер — Нұрлыбай, Нұрлыбек.

НҰРМҰҚАМБЕТ - араб тілінен алынған нұр + мохаммед — Мұхамбеттің нұры, сәулесі. Қысқарта, еркелетіп айту тұлғалары — Нұрмат, Нұрым, Нұртай, Нұрқан, Нұркен, Нұрыш, Нұржан.

НҰРНИЯЗ - араб тілінен алынған нұр + тәжік тілінен алынған нияз - өтініш, сый. Тілеп алған көркем, сұлу бала.

НҰРПЕЙІС - араб тілінен алынған нұр + иран тілінен алынған пейиш - ұжмақ; ұжмақтың, пейіштің сәулесі, нұры.

НҰРСАПА - араб тілінен алынған нұр + сафа. Ең көркем, өте сұлу деген мағынаны білдіреді.

НҰРСЕЙІТ - араб тілінен — ажарлы, нұрлы мырза.

НҰРСҮЛТАН - араб тілінен — әрлі, нұрлы сұлтан.

НҰРТАЛАП - талабына нұр жаусын, талабы зор, талантты болғай деген тілекпен қойылған есім. Қысқартылған тұрі — Нұртай.

НҰРТАС - араб тілінен алынған нұр + қазақ сөзі тас. Бұл есім, негізінде, баланын нұры тасысын, сәулесі, шапағаты басқаларды да шарпысын деген тілекпен қойылған.

НҰРХАН - араб тілінен - нұрлы, көрікті хан.

НҰРЫМ - араб тілінен алынған — менің сәулем, жарығым, нұрлым.

НҰСҚАБАЙ - араб тілінен алынған носхе — көшірме, бейне; тұлға, келбет, сырт көрініс. Мұндай есімдер бала келбетті, тұлғалы болсын деген тілекпен қойылса керек.

НҰСҚАР - ақыл-кенес берер ақылды бала болсын деп қойылған есім.

НҮСІП, НҮСҮП - (қараңыз: Жүсіп).

НЫҒМЕТ - араб тілінен алынған нигмәт — береке, дәулет, байлық; бақытты, бақытты өмір.

НЫҒМЕТЖАН - араб тілінен - дәулетті, бай адам.

НЫҒМЕТҚАЛИ - араб тілінен алынған нигмәт + қали - ғали; аса дәулетті, байлығы артық.

НЫҒМЕТОЛЛА - араб тілінен алынған — берекелі.

НЫСАНБАЙ - (қараңыз: Белгібай).
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақша ерлер есімдері, есімдер жинағы, қазақша есімдер тізімі ер балаға, красивые имена для мальчиков на казахском, қазақша есімдер тізімі ер балаға мағынасымен, қазақша есімдер ұл балаға, қазақша есімдер тізімі ер балаға мағынасыменқазақша есімдер жинағы ұл балаға

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]