Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (Д әрпі бойынша ат қою)

Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (Д әрпі бойынша ат қою)

ДАЙАНА - латын тілінен алынған Диана — пәктік пен ай құдайының аты.

ДАМИРА – жаңа есім — «да здравствует мир» , әйелдер есімінің қосымшасы «а».

ДАНА - иран тілінен — білгір, данышпан.

ДАНАГҮЛ - иран тілінен — гүлдей құлпырған дана, данышпан, ақылды деген мәнде қойылған есім.

ДАРА - қазақ тілінен алынған ерекше, өзгеше, яғни басқадан артық. Яғни бала басқадан ерекше, артық, ақылды я сұлу болсын деген тілекпен қойылған есім.

ДАРИҒА - иран тілінен — шіркінай, ойпырай деген көңіл-күйді, таңдануды білдіретін сөз, керемет, тамаша деген мағыналы есім.

ДАРИЯ - иран тілінен — теңіз, ұлы өзен.

ДӘЛИЛА - араб тілінен — белгілі, таныс, жол көрсетуші, жолбасшы, жетекші, яғни жөн айтушы, бағыт беруші, ағартушы.

ДӘМЕЛІ - үмітті, үміткер.

ДӘМИНА - араб тілінен — жақсарушы, әдемі, көркемдеуші, күшті, мығым. Өзгеріскен түрі - Дамина.

ДӘНЕШ - иран тілінен — білім, ғылым.

ДИДАРА - иран тілінен — түр, жүз, келбет, қыз бала әдемі, көрікті, келбетті болсын деген тілекпен қойылған есім.

ДАНЕШ - иран тілінен — знание, наука.

ДИЛА – грузин тілінен — жарық таң, бала сұлулығын жарық таңға балаудан қойылған есім.

ДИЛЬНАЗ - парсы тілінен өмір еркесі, қосымша сөзі наз – еркелік, кежірлік.

ДИНАРА - араб тілінен - алтын тиын, ақша.

ДҮНИЯ - араб тілінен алынған дунйа — әлем, жер жүзі; өмір, тіршілік.

ДҮРИЯ - иран тілінен алынған дуруйе - жібектен тоқылған әдемі мата.

ДІЛАРА - иран тілінен - көңіл көтеруші, сүйген жар, аса әдемі, өте сұлу.

ДІЛБАРА - иран тілінен - сүйікті, өте сұлу.

ДІЛДӘ - араб тілінен — алтын ақша; таза алтын.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
әдемі қыз аттары, қыз есімдері тізімі мағынасымен, мұсылманша қыз есімдері, ең әдемі қазақ қыздарының есімдері, қазақ қыздарының есімдері және мағынасы, самые красивые имена девушек на казахском, есімнің мағынасы немесе ат қоярда нені ұмытпаған жөн, ат қою

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]