Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (Ш әрпі бойынша ат қою)

Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (Ш әрпі бойынша ат қою)

Шара-Шырынгүл

ШАРА – қазақ есімі — көздің ұясы, ойдымы, көздің аумақ көлемі; амал, әдіс, айла.

ШАРАПАТ - араб тілінен алынған шарафат — ізгілік, адамгершілік, жақсылық; абырой, құрмет, даңқ, ізет.

ШАРБАНУ - иран тілінен алынған шахр + бану — ханым, қала бастығы, әкімі; қаланың сұлу бикештері.

ШАФИҒА - араб тілінен алынған — шарапат, мейірім жасаушы, рақымы мол қыз.

ШАХЗАДА - иран тілінен алынған - араб тілінен алынған — шах баласы, қызы.

ШАХИЯ - иран тілінен алынған — шахқа байланысты, шахқа тән; ең жақсы, ең тандаулы, аса зор.

ШӘКИРА - араб тілінен алынған — алғыс айтушы, кұрметтеуші; мейірбанды, асыл.

ШӘМСИЯ - араб тілінен алынған - кун. Түрі - Шәмшия.

ШӘРБАТ - араб тілінен алынған — жеміс шырыны, суы.

ШӘРИПА - араб тілінен алынған шариф — мейірбан, игі, қасиетті, құдіретті.

ШЕКЕР - иран тілінен алынған шакар — қанттын уақ, майда ұнтағы; ауыспалы мағынасы тәтті құмшекер. Түрі — Секер. Біріккен тұлғалы есімдер — Шекерқан, Секерқан.

ШОЛПАН - қазақ тілінен алынған таңғы жарық жұлдыз.

ШҰҒА - биязы, жұмсақ мата.

ШЫНАР - қазақ тілінен алынған — биік, тау терегі, шынар ағашы; жадырақты зәулім биік ағаш; ауыспалы мағынасы колжетпес биік, асқақ.

ШЫНАРГҮЛ - шынар ағаш гүлі сияқгы әдемі, сұлу.

ШЫРАЙГҮЛ - гүлдей көрікті, әдемі сұлу қыз.

ШЫРЫН - иран тілінен алынған — жеміс нәрі.

ШЫРЫНГҮЛ - тәтті, нәрлі гүл, яғни гүлдей нәзік, әдемі, сұлу.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
әдемі қыз аттары, қыз есімдері тізімі мағынасымен, мұсылманша қыз есімдері, ең әдемі қазақ қыздарының есімдері, қазақ қыздарының есімдері және мағынасы, самые красивые имена девушек на казахском, имена на казахском языке женские, современные казахские женские имена, мусульманские женские имена для детей, қазіргі заманғы қыз есімдері, қыздар есімінің мағынасы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]