Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (К әрпі бойынша ат қою)

Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (К әрпі бойынша ат қою)

КАБИРА - араб тілінен алынған кабир — ұлы, зор, үлкен; маңызды, байыпты, салмақты.

КАРИНА - жаңа есім — Карск теңізі атынан қойылған есім.

КӘМАЛИЯ - араб тілінен алынған камал — толықтық, жетіктік.

КӘРИМА - араб тілінен алынған карим — жомарт, мырза, ақкөңіл, кеңпейіл, сүйкімді.

КӘУСӘР – араб тілінен алькаусар –жұмақ көзінен жыққан су, яғни таза, мөлдір жан деген мағынаны білдіреді.

КЕЛБЕТ - көрік, ажар, әр, тұлға.

КЕНЖЕ - ең кіші, соңғы перзент. Түрлері — Кенжегүл, Кенжеқыз.

КЕҢЕСГҮЛ - жаңа есім — Советтік елдің гүлі. Кеңес елінде туған бақытты бала.

КЕРІМБАЛА - керемет сұлу қыз бала.

КЛАРА - латын тілінен — жарқын, айқын, нұрлы.

КҮБАРА - араб тілінен алынған кубра - үлкендер, ұлылар.

КҮЛАЙ - гүл және ай сөздерінен жасалған есім. Ай мен гүлдей боп жайнап, құлпырып тұрсын, әдемі болсын деп қойылған есім.

КҮЛАЙХАН - гүл + ай + хан, яғни гүл мен айдай әдемі, сұлу ханым. Қысқарған түрі - Күлән.

КҮЛАЙША - тәжік тілінен алынған гул + қазақ сөзі айша. Ай сияқты әдемі, көркем.

КҮЛӘНДА - тәжік тілінен алынған гуландом — гүлге ұқсас тұлға, нәзік денелі.

КҮЛӘСИЯ - иран тілінен алынған гул + араб тілінен алынған әсия — емші, дәрігер қыз, гүл жайнаған көркем дәрігер қыз.

КҮЛБАҒИЛА - иран тілінен алынған гуль + араб тілінен алынған багила ~ бахи — мәңгі, мәңгілік, мәңгі жасаушы + ла қосымша, яғни бағы гүлдей жайнаған мәңгі өмір сүруші, ұзақ ғұмырлы қыз деген мәнді білдіреді.

КҮЛБАҒИРА - иран тілінен алынған гул + багира , бәкір — зерттеуші, тергеуші, яғни ғалым, зерттеуші.

КҮЛБАЛА - кул (гул) + бала, гүлдей жайнаған сұлу да әдемі қыз бала.

КҮЛИРА - иран тілінен алынған гул + араб тілінен алынған ира , ирода — ерік, ықтияр.

КҮМІСАЙ - қыз баланы күміс пен айға балай, күмістей жарқыраған аппақ сұлу, әдемі, аса көрікті, нұрлы болсын деген тілекпен қойылған есім.

КҮНАЙ - күн мен айдай болсын деп қойылған есім.

КҮНЖАМАЛ - күндей сұлу, көркем. Еркелетіп айтылған тұлғасы — Күнке.

КҮНСҰЛУ - күндей сұлу, әдемі.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
әдемі қыз аттары, қыз есімдері тізімі мағынасымен, мұсылманша қыз есімдері, ең әдемі қазақ қыздарының есімдері, қазақ қыздарының есімдері және мағынасы, самые красивые имена девушек на казахском

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]