Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (Ж әрпі бойынша ат қою)

Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (Ж әрпі бойынша ат қою)

ЖАЗИРА - араб тілінен - ен дала, кең аймақ. Бала қайырымды, мінезі кең, көпшіл болсын деген тілекпен қойылған есім.

ЖАЙНА - гүлдей жайна, жайқал деген мәндегі есім.

ЖАМАЛ - араб тілінен — сұлулык, көркемділік, сүйкімділік.

ЖАМАЛИ - араб тілінен — сұлу, көркем, сүйікті.

ЖАМИҒА - араб тілінен — барлығын қосушы, біріктіруші, жинаушы, баршасы, барлығы.

ЖАНАН - тәжік тілінен алынған джонон — жан аямасдос, жан жолдас.

ЖАНАР — көздің жанары, сәулесі; күннің сәулесі, шапағы. Ауыспалы мағынасы, келбет, көрік, ажар, рең.

ЖАНАРГҮЛ – қазақ және иран тілдерінен алынған — гүлдей көрікті, әдемі, ажарлы.

ЖАНАТ - ең асыл, көркем, керемет, рахат.

ЖАНЕРКЕ - қараңыз: Еркежан.

ЖАНИПА - иран және тәжік тілдерінен алынған жан-джон - яғни жан біткеннің ибалысы, сыпайысы, көріктісі.

ЖАНИЯ - иран және тәжік тілдерінен алынған джон — жаным, жан сәулем.

ЖАННА - көне еврей тілінен келген— кептер, көгершін.

ЖАННАТ - араб тілінен — бақ, жұмақ бағы.

ЖАНСАЯ – иран және тәжік тілдерінен алынған джон — жанға сая, тірек болсын деген тілекпен қойылған.

ЖАНСҰЛУ - жан біткеннің сұлуы, әдемісі, көркемі деген мағыналы есім.

ЖӘЛИЛА - араб тілінен алынған жалил — ұлы, даңкты, атақты.

ЖӘМИЛА - араб тілінен алынған жамил — әдемі, тамаша, көркем, сұлу; сүйкімді, ажарлы.

ЖЕҢІСГҮЛ - (қараңыз: Гүлжеңіс).

ЖҰЛДЫЗАЙ - жұлдыз бен айдай жарқыраған сұлу болсын деген тілекпен қойылған.

ЖҰМАБИКЕ - араб тілінен — джумга — жұма, бике — хан кызы, яғни жұма күні туған ханиза. Түрі — Жұмагүл. Еркелетіп айту тұлғасы — Жүмаш.

ЖҮПАР - хош иіс.

ЖІБЕК - мінезі жібектей, әрі әдемі, сұлу болсын деген ниетпен қойылған.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
әдемі қыз аттары, қыз есімдері тізімі мағынасымен, мұсылманша қыз есімдері, ең әдемі қазақ қыздарының есімдері, қазақ қыздарының есімдері және мағынасы, самые красивые имена девушек на казахском, есімнің мағынасы немесе ат қоярда нені ұмытпаған жөн, ат қою

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]