Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (М әрпі бойынша ат қою)

Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (М әрпі бойынша ат қою)

МАҒРИПА - араб тілінен алынған магрифет — білім, таным, өнер, сауаттылық яки солардың иесі.

МАЙНА - иран тілінен — индия қараторғайы.

МАЙНҰР - май айында туған нұрлы, көркем, сұлу қыз.

МАЙСА - тәжік тілінен — ерте көктем; көк майса, шалғын.

МАҚПАЛ - иран тілінен алынған бахмал — барқыт.

МАНАТ - көбіне қызыл түсті келетін, фланель тектес мата.

МАНЗУРА - араб тілінен — бағышталған, арналған.

МАРЖАН — теңіз астынан алынатын қызыл, яки ақшыл түсті тастар; інжу.

МАРЗИЯ - араб тілінен алынған мәрзия — разы қылушы, яки жағымды, келіскен; көпшілік ұнатқан, мақұлдаған.

МАРИЯ - көне еврей тілінен келген— өте жақсы, тамаша; биік мәртебелі ханша. Дыбыстық өзгерген түрі — Мәрия, Мәриям.

МАРФУҒА - араб тілінен алынған марфуа — биік мәртебелі, үлкен дәрежелі.

МАРХАБА - араб тілінен алынған мархабан — хөш келдіңіз, қайырымдылық.

МАСТУРА - араб тілінен — жамандықтың алдын алушы, жақсылық тілеуші; адал, таза, құрметті әйел.

МАТЛУБА - араб тілінен — арманы орындалған.

МАУСЫМЖАН - араб тілінен алынған - маусым - уақыт, шақ, жиынтерін; ескі календарь бойынша төртінші ай аты; мейрам, мереке.

МАХБАРА - тәжік тілінен алынған мах — ай + бара — сұлу, махпора — сұлу, көркем.

МАХБҮБІ - тәжік тілінен алынған мах + араб тілінен алынған бубі ~ бибі, яғни айдай сұлу, сүйікті, сүйкімді.

МАХИНҮР - иран тілінен - айлы, жарық, айға ұксас сұлу.

МӘДИНА - араб тілінен алынған Мәдинә Сауд Аравиясындағы қала.

МӘЛИКЕ - араб тілінен - патша әйел, ханша, ханым; билеуші әйел, патшаның әйелі.

МӘНЗИЛА - араб тілінен - дәреже, атақ; әлеуметтік жай.

МӘНСУРА - араб тілінен алынған мансур — женімпаз, жеңуші.

МӘРМАРА - араб тілінен - асыл ақ тас.

МӘУЕ - араб тілінен - жеміс.

МЕЙРАМГҮЛ - қуаныш гүлі. Түрі — Мейраш.

МЕЙІЗ - иран тілінен - жүзім, кептірген жүзім. Біріккен тұлғалы түрі — Мейізгүл.

МЕЙІРЖАН - иран тілінен алынған меһр — ынта, ықлас, ынталы, ықласты, ақ пейіл.

МЕРЕКЕ - той, тамаша күні туған балаға берілген есім.

МЕРУЕРТ - иран тілінен - асыл моншақ.

МИРА - жаңа есім - бейбіт, тыныштық өмір.

МҰХТАРИМА - араб тілінен - қадірлі, құрметті, сыйлы.

МҰКАРРАМА - араб тілінен - құрметке бөленген, қадірлі, сыйлы.

МҮЛИПА - араб тілінен — кітап шығарушы ақын.

МҮНИРА - араб тілінен - нұрлы, жарық, жарқын, айқын. Түрі — Мінира.

МҮШТӘРИ - араб тілінен — сатып алушы; жұлдыз.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
әдемі қыз аттары, қыз есімдері тізімі мағынасымен, мұсылманша қыз есімдері, ең әдемі қазақ қыздарының есімдері, қазақ қыздарының есімдері және мағынасы, самые красивые имена девушек на казахском

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]