Мақал - мәтел: Дін, иман, Құдай, Алла, сенім, намаз

Мақал - мәтел: Дін, иман, Құдай, Алла, сенім, намаз

Мұсылманшылық әсте-әсте,
Кәпір болу бір пәсте.
Зекетсіздің малы сүндетсізге бұйырар.

Сайрамда бар сансыз баб.

Құдай ұрғанды Пайғамбар асасымен түртеді.

Құран сөзі - Құдай сөзі.

Құдай қылғанды былай қылма.

А, Құдай! А, Қүдай!
Сыйынғанның белгісі. Тек! Тәйт! Шәйт!
Бұйырғанның белгісі.

Діні пәктің - ділі пәк,
Ділі пәктің - тілі пәк.

Оразада көшкен ермек.

Әулие де қасындағысын қолдайды.

Әулиеден бас жесең,
Жүре-бара тас жерсің.

Бақыл әулие емес,Әулие бақыл емес.

Май - әулие,
Майсыз жарылқайтын қай әулие?
Әулие әуелі өзін жарылқасын.

Тұттаған сөзді қолдаған,
Мұхаммедке үмбет емес.
Әулие аттаған оңбайды.

Аруақты жерден ат үркеді.

Шариғат - ағып жатқан бұлақ,
Бұрынғының сөздері - жағалай біткен құрақ.

Қол қолды табар,Шариғат жолды табар.

Ораза, намаз - тоқтықта,
Иман кетер жоқтықта.

Қарны ашқан молданың,
Сәлдесі қалар боқтықта.

Ескі мешітке көкек азаншы,
Есі кеткен ауылға есек азаншы.

Отыз күн оразаның бір айты бар
,Әр қылған жақсылықтың бір қайты бар.

Құлқуалламен» қойды құртты,
«Ассалаумен» асты құртты,
Енді жан-жағын қармауды шығарды.

Діті барға діттеп бер.

Шашы өскеннің ауылы кәпір,
Тырнағы өскеннің өзі кәпір.

Діні басқаның - тілі басқа.

Желіні сау қосаққа жүрмейді,
Құр табаққа бата жүрмейді.

Екі ойбайдың бір тобасы бар.

Жауынменен жер көгереді,
Батаменен ел көгереді.

Кәпір тоқ болса, мұсылман тыныш.

Ишанға қол бермеген,
Шайтанға жол береді.

Біреуге бата, біреуге қате тиеді.

Пайғамбардың қасында шадияр кісі ме?

Періштенің де бес міні бар.

Өзбектен дін қалды.

Арыстанбабқа түне,
Әзірет сұлтаннан тіле.

Мұрты өскендердің өздері кәпір,
Шашы өскендердің елі кәпір.


Тамұқты көрмеген ұжмақтың қадірін білмейді.

Мединеде - Мұхаммед,
Түркістанда - Қожа Ахмет,
Самарканда - Шер Ахмет,
Маңғыстауда — Пір Бекет.

Қырықтың бірі - Қыдыр,
Мыңның бірі - Уәли.

Әзірет Әлінің қылышы,
Саған да тиер бір ұшы.

Сұрай-сұрай Меккеге барады.

Заманақыр болғанда,
Пір мүриттерін іздейді.

Хамза бар, не қам бар?

Әр Мұсаға - бір перғауын.

Діні бір дәм береді,
Діні бөлек діңкелетеді.
Ұранға сенбе,
Құранға сен.

Ауызашары келіспегеннің сәресісі де келіспейді.

Біссімілламен кескен бармақ ауырмас.

Мешітің алыс болса да,
Мазарың жақын болсын.

Жұма намаздан үмітің болса,
Бейсенбіде қимылда.

Шәһит орны жұмақта.

Заһар тілден шықса,
Кәпір діннен шығады.

Тіріге - сәлем, өліге - бата.

Бармаса бата қаза.

Бата ескірмейді.

Ғайыптан тапқан алтыннан,
Ақсақалдың батасы артық.

Бата - бастан, су - аяқтан.

Бота алғанша бата ал.

Баталы құл батар,
Батасыз ұл қатар.

Ақ қойдың қаны,
Ақ батаның заңы.

Жаман түске де - садақа,
Жақсы түске де - садақа.

Аруақ аттаған оңбайды.

Пайғамбар өз елінде танылмайды.

Шариғаттың шарты - иман.

Рух өлмейді, көшеді.

Рух - таза ақыл.

Әуеліде «бар» болып,ақырында «жоқ» болу шариғатқа қилап.
Дін тазасын ой табар.

Дінсіз - кәпір.
Ақсарбас шалынса,
Тілекті Тәңір қабылдар.
Tipi адамның наласынан
Аруақтың наласы жаман.

Қыдырдың бірі -
Көлденең көк атты.

Кітаптардың Кітабы - Құран.

Көп қайда болса, құдай сонда

Қожа молданы басындағысынан білерсің,
Бек пен төрені қасындағысынан білерсің.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
пословицы на казахском языке, пословицы на казахском языке про религия, дін туралы мақал мәтелдер, дін туралы мақал мәтел, дин туралы макалдар, Дін туралы мақал мәтел макал мател, иман туралы мақал мәтел макал мател, Кудай Құдай туралы мақал мәтел макал мател, алла туралы мақал мәтел макал мател, сенім туралы мақал мәтел макал мател, намаз туралы мақал мәтел макал мател

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]