Махаббат хикаясы: Бұл махаббат па деп жүрсем....

Махаббат хикаясы: Бұл махаббат па деп жүрсем....

Өмір деген қызыққой, бірде жылатса, бірде күлдіртеді.Қандай жағдай болсада бұл біздің маңдайымызға жазылған тағдырымыз. Бұған біз бағынуға міндеттіміз.Сол тағдырыма бағынып отырған адамдардың бірі мен боламын. Басымнан не өтпеді барлығына көндім, енді бір түсте жүрген сиақтымын,қашан оянатынымды білмеймін, тіпті өмір бойы оянбай кетемінба деп те қорқамын. Неден бастасам екен. Осыдан 9 ай бұрын бір жігітпен таныстым. 3 ай сөйлескеннен кейін маған сөз салды, мен келістім. Екеуміз жүрдік, қуанышты күндерді бірге өткіздік. Мен ол кезде 2 ші курс оқып жүргенмін, сабақ бітіп, өз ауылыма қайттым, ол да өз ауылына кетті. Екеуміз 3 ай бойы телефонмен хабарласып жүрдік. Сені сағындым, қашан демалысымыз өтіп кетеді екен деп жүрдік. Солай уақытты өтті. Сабақта басталды екеуміз кездестік. Менің басым бақыттан айналды. Ол адам менің ең бірінші жігітім болатын маған сондай ыстық болатын.Мені құшағына қысып, жылы сөздер айтқанда мен барлығын ұмытып кететінмін. Солай келіп жүрді. Бір күні мені бір жаққа шақырды, мен келістім жүргенімізге жарты жылдай болып қалған кез еді. Сол күнді ешқашан ұмытпаспын сірә..... Сол күні онымен бір түн өткіздім. Екеумізде олай болады деп ойламаппыз. Жылап жібердім еріксіз.Ол мені құшағына қысты, мен итеріп жібердім. Таң атқанын күттім, көз ілмедім .Таң ата сала сол жерден алды-артыма қарамай кеттім. Қатты өкіндім,жыладым, біршама қиналдым. Жігітіммен де сөйлестім істеген ісімді мойынымен көтеремін деді. Сен менімен амалсыздан жүргенінді қаламаймын деп оның көзінше жыладым. Кейн арамыз қатты суыды, солай болатынында білдім, соңғы уақытты келмей кетті, мен кел сөйлесеміз дедім. Сол кезде менің ата-анам саған қарсы деді, тағы бір қызбен жүрдім соңғы кездері деп бетіме айтты. Маған тап солай істейді деп ойламаппын. Жүрегімнің қысылғаны-ай. Не істерімді білмедім. Сонымен барлығы бітті, мен осы жерден тоқтатайық дедім, қиналатын мен бәрібір. Оның көздеріне қарап тіпті оны, өзімді жек көріп кеттім.Мен ол адамға сеніп едім.... Осы уақытқа дейн әлі қиналамын. Сол күнді өмір бойы қарғап өтетінім анық.Қазір ең мықты университеттердің бірінде оқып жатырмын, алға қойған мақсаттарым бар, балалар үйіне көмектескім келеді. Болар іс болды ғой, қаншама өкінсемде жазылмайтын дерт. Қазір осы хикаяны оқып жатырған адам бұл қыз не деген адам? ары, ұяты қайда екен?ата-анасы тәрбиелемеген ба? деген сұрақтарды ішінен айтып жатырған шығар. Барлығына өкінемін қатты. Бұл махаббат па деп жүргенімде, менің өмір бойы жазылмайтын дертім болып шықты...Мен ол адамсызда әлі де бақытты өмір кешем, ешқашан ешкімнің алдында бас имеймін. Ол өз жолымен жүре берсін, менің алдымда ешқашан кездеспесе болды,бар тілерім осы.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
махаббат хикаясы Бұл махаббат па деп жүрсем туралы казакша история любви на казахском, история любви Бул махаббат па деп журсем на казахском языке махаббат хикая скачать бесплатно, қызықты махаббат хикаялары жинағы оқу, интересные история любви на казахском языке, Бұл махаббат па деп жүрсем

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]