Махаббат хикаясы: Кеш... Тым кеш...
Ғашықтық... Ғашықтар... Мына бұрышта бүктетіліп, екі тізесін құшақтап, басын жерге қаратқан күйі қара көздерінен ащы жасты аямай төккен балауса жас қыз да сол ғашықтың бірі. Өмірінің мән-мазмұны, бар қайғысының себепшісі болған сүйіктісінен айырылған ғашықтың бірі. Жүрегіне бақыт ұялатып, «сүю» деген аяулы сезімді сезіндіртіп, өзін өмірден артық жақсы көретін адамынан айырылған ғашық. Бұл ғашық өмірдің өзіне осындай қаралы да қайғылы сый тартатынын білме-ді де, сезбеді де. Ертеңіне не күтіп тұрғанын алдын-ала кім сезіп-білген.
Махаббат та сол күтпеген сыйлықтың бірі емес пе?! Өмір бұған мөлдір махаббаттың, таза сүйіспеншіліктің аялы, пәк сезімдерін сыйлап бақытты етсе, ежелден келе жатқан жауластықтың өшкен отын қайта тұтатып, қайғыға душар етті. «Кімді таңдаған жөн? Не істеймін?» деген жауабы жоқ сұрақтар санасын улап, жанын жаралады. Онсызда жаралы жүрекке сүйіктісінің қазасы қосылып, өмірден түңілді. Қанға боялған ғашық жүрегі сүйіктісін ойлауменен ғана кеудесінде әлсіз соғуда. Қос ға-шықтың махаббатының арасында бөгет болып іскерлік бәсекелестіктен туындаған әкелердің өзара жауластығы тұрып еді. Жауластықты, әке-шешені бәрін тастап, тәуекелге бел буып, бірге болу үшін алысқа кетіп қалмақшы болды. Бірақ... Әкелері: «Егер қосылатын болсаңдар, теріс батамды беріп, қарғысқа ұшыратамын!» деп Құдай атымен ант-су ішкен болатын.
Ғашықтар теріс батасыз да бақытсыз екен-діктерін білетін. Енді оған теріс бата қосылса, өмірлері тозақтың тозағы болмай ма? Осының бәрінен шаршаған жас жігіт бақытты болар жол іздеп, миы айналып келе жатып, жолға да қарамай апатқа ұшырап, о дүниеге аттанды. Бәлкім, оның жаны бақида жай тауып тынышталар. Кім білсін... Міне, осындай қатыгез қастық бір жастың ғұмырын қиса, екіншісін тірі өлікке айналдырды. Жастарға осыншама қасірет сыйлаған адамдардың өшігулерінің басты: билік басына ұмтылу еді. Қай-сысының соған қолы жетті?! Ешқайсысының! Екеуі мақсат еткен орынды үшінші біреу иеленді емес пе? Сонда қастықты жалғастырудың не мәні бар еді?! Баяғы жалған намыс та... Мәнсіз пендешілікке салынды.
Олар өздерінің қателіктерін бірі баласын тірідей, екіншісі өлідей жоғалтқанда ғана түсінді. Алайда кеш еді, тым кеш ед і. Балаларының өксіткен өмірлерін орнына қайта келтіру мүмкін емес болатын. Тірі өлікке айналған қызының қайғыдан қиналған түрін көруден қасірет шеккен әкесі оған өлім тіледі. Өмірден баз кешкенше, о дүниеде сүйгеніне қосылып, жаны жай тапқанын қалады. Әке тілегі қабыл болып, қайғысы ішіне түскен қыз көп өтпей сүйгенінің жанына кетті. Байғұс әке перзентінің бұл тамұқтан құтылғанына қуанғанмен, жоғалтқанына, мәңгілікке айырылғанына қапаланып зар жылады. Бұл зардың ішінде ішін күйдірген өкініш те бар еді.
Аллаһ Тағала балаларын жылатқан екі әкені, араша болмаған екі шешені кешірсін… Кешіре көрсін!

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: