Махаббат хикаясы: Өлімін бе, тірімін бе, әлі де білмеймін

Махаббат хикаясы: Өлімін бе, тірімін бе, әлі де білмеймін

Іштегі сыр жүрегіңді қысып, тамағыңды тұншықтырып тұратынын әркім білетін шығар. Оны ешкімге, тіпті жақын құрыбаларыға да айта алмасаң. Мен де осы дертпен өмір сүріп келе жатқаныма жарты жыл болды.
Оқу бітіріп, енді жұмыс істеймін, алда бала кезден армандаған ойларымды жүзеге асырамын деп, қуанышым ішіме толмай жүрген кез болатын. Бұрын талай жігіт сөз айтса да, мен оларға оқуымды бітіріп, өз мақсаттарымды жүзеге асырып алайын, соған дейін күте тұр деп қалыңдайтынмын. Сол жазда құрбым бір досымен таныстыруға ниет білдірді. ол жігіт өзіне жақсы жар болатын қыз іздеп жүр деді. Мен алып қашып кетер деп деп қорқып, таныспай жүрдім. Бірақ айтып қоймаған соң, танысуға келістім. Алдымен телефон арқылы сөйлесіп жүрдік. Бір аптадан соң кездестік. Ол маған бірден ғашық болып қалғанын айтты. Ол да маған ұнады. Кездесе бастадық. Біраз күннен соң үйленейік деді. Мен біраз ойлана келісімімді бердім. Бұрын ешқашан олай сүйіп көрмеппін. Жатсам да, тұрсам да оны ойлайтынмын. Ешқашан өзімді сондай бақытты сезінген емеспін. Мен өмірде көп қиындық көрген адаммын, арманымның көп болуы да содан шығар. Бірақ ол жігітті кездестіргеннен бері арманым тек оның қасында өмір бақи бірге болу еді. Тойға дайындала бастадық. Әке-шешесімен, туған-туыстарымен таныстырды.

Менің де ата-анам ұзату т ой жасаймыз, тіпті үйге ремонт жасап, дайындалып жүр еді. Осы бақытты күндерімде бір нәрсені байқамаппын да. Ол жігіт танысқан күні-ақ өзінің бұрынғы қызы мазасын алып, қайта-қайта телефон шалып жүргенін айтқан болатын. Онымен жарты жыл бұрын айырылысқам, оны сүймегем деген еді. Мен ооған үйленгелі жатқаныңды айт, сонда қоятын шығар дедім. Ол досы арқылы осы жаңалықты қызға жеткізді. Алайда, ол қыз одан бетер жиі телефон шалып, смс жіберетінді шығарды. Менің көзімше де талай смс жіберді, жігітім оларды маған оқытатын. Онда "сен мені пайдаланып кеттің" деген сөздер де болды. Мен ол қыз ренжіген соң осылай айтып тұрған шығар деп, оның сөздеріне мән бермедім. Керісінше, оған жанып ашып, жігітіме онымен жылы сөйлес, ренжітпе дейінмін. Жігітім ол қыз емес болатын, сол үшін оны алғым келмеді деген. Мен сол кезде өзімнің қыдығымды, абыройымды сақтағанды мақтан көретінмін, той көйлегін пәк күйімде кию мен үшін бала кезден өмірлік қағида сияқты көрінетін.
Той жақындаған сайын жігітім бірге болайық, бәрібір үйленеміз ғой деп қыстай бастады. Мен жоқ, тек тойдан кейін дей бердім. Бір күні сен маған әлі сенбейсің деп, ренжіген сыңа танытып, ашуланған соң, келістім. Осы күннен бастап, ол мүлдем өзгергендей боп көрінді. Ашуланшақ болып кетті. Бір аптадан соң ол "бұрынғы қызымның аяғы ауыр, не істерімді білмей жүрмін, оны мамасы звондап, қорқытып, маза бермей жүр" деп алдымда жылап жіберді. Менің төбеме жай түскендей болып, не сенерімді, не сенбесімді білмей отырдым. Үйге барып, түні бойы жылап шықтым.

Ертесі күні оған "сол қызға үйлен, мен саған кедергі болмаймын, бірақ бұдан былай ешкімді алдама" дедім. Ол үндеген жоқ. Бір айдан соң олардың тойы болды. Біз өзіміздің тойымызға таңдаған кафеде.
Ал мен болсам, мен.. өлімін бе, тірімін бе, әлі де білмеймін. Жылап-жылап, ауырып қалған соң туған жеріме анамның қасына бардым. Бірақ ол жақтағы туыстар тойың неге болмайтын болды деп сұрауын қоймады. Бір айдан соң қайтіп келдім. Армандарым, өмірге деген құлшынысым, өмірдегі тірегім.. бәрі бәрі мәнісін жоғалтты. Егер, ол қыз шынымен аяғы ауыр болса.. жеңіл болар еді маған деймін.. Бірақ мен шындықты білмеймін, оған сенбедім. Жарты жыл бұрын айырылысқан қызы қалай...? Жарты жылдай ештеңеге зауқым болмай үйде жаттым. Күндіз-түні жылаумен болдым. Ашуланшақ, ешкімге сенбейтін болып кеттім. Одан кейін екі-үш жігіт сөз айтты. Беттерін қайтарып тастадым. Оларға қалай қыз емеспін деп айтам? қалай сенем? қалай сендірем? Қыздығымнан айырылғанымды ешкімге, тіпті құрбыларыма да айта алмадым. Олар сол бір жігітке бола неге сонша жылайсың деп түсінбейді. Сол жігітпен таныстырған құрбыммен де араласпай кеттік. Оның кінәсі жоқ әрине, бірақ оны көрсем ана жігіт есіме түседі.
Қазір жағдайым жақсарды, өз мамандығым бойынша жұмысқа орналастым, бірақ сонда да ол ойымнан кетер емес, оның маған істегені әлі де өзегімді өртеп, жүрегімді ауыртады. Іштей оны кешірдім, бақыт тілеймін де. Бірақ өз өмірімнің бақытты болашағын енді елестете алмаймын да.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
махаббат хикаясы Өлімін бе тірімін бе әлі де білмеймін туралы казакша история любви на казахском, история любви Олимин бе тиримин бе али де билмеймин на казахском языке махаббат хикая скачать бесплатно, қызықты махаббат хикаялары жинағы оқу, интересные история любви на казахском языке, Өлімін бе тірімін бе әлі де білмеймін

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]