Махаббат хикаясы: Алыстағы оралмас алғашқы махаббаты

Махаббат хикаясы: Алыстағы оралмас алғашқы махаббаты

2005 жыл. Мен асем қалам Атырауда 2-ші курста оқып жатырдым. "505" танысу орталығына жай ғана тіркелген болатынмын. Тізімде тек 5 адам болу керек. Артық тіркелмейді. Содан 16-шы желтоқсан күні (алі есімде)Рысбек есімді жігіт достық жіберді. Смс арқылы хат алыстық. Алматы қаласының жігіті, Ақтөбе қаласында оқыды. Жақсы араласып кеттік. 3 ай бойы суретімізді жіберіп хат алыстық. Суретін көріп жүрегім дүрсілдеп, махаббат сезімі оянды. Катты ғашық болдым. Ол да жасырмады. 4-ші айда құрбыларыммен Ақтөбе қаласына барып Рысбекпен кездестім. Кездесіп, екеуміз тіке көімізге қарай алмадық (неге екенін білмім), жүрек соғысы тоқтар емес. Оқулары қатаң тәртіппен болғандықтан кездесуіміз 2 сағатқа созылды. Жеке әңгімемізді айта алмадық, бірақ көзбен бірімізді қатты түсіндік. Себебі қасымызда менің және оның достары болған. Оларға берілген уақыт шектеулі болғандықтан, қоштасуымызға тура келді. Кетерде қолыма хат ұстатты. Үйге барғасын оқуымды өтінді. Қимастықпен, бір бірімізді көзбен алысқааааа шығарып салдық. Үйге келіп хатын ашып оқыдым, қатты ғашық болғанын сөзбен жеткізі алмайтынын кайталап тусіндіруде. Түсте жарты сағатқа шыға алатынын айтты. Мен де сезімімді білдіріп хат дайындап, кездескенде қолына ұстаттым. Келесі күні Атырауға қайттық. Жанары көз алдымнан кетер емес. Сағына жүре сабағымды жалғастырдым. Арадағы смс, қоңырау, хат, суреттер алмасу үдей түсті. 2-ші курсты бітірдім. Ол Атырауға 1 кунге келді. Құрбыларыммен қаланы араладық. Екеумізден бақытты адам болмады. Бірақ ернімізден сүюге де қимадық. Келесі күні шығарып салдық, поездың қозғалғанда ол да жүгіріп мінді. Қимадық. Амал қанша. 3ші курска көштім. Телефонмен сойлесу тоқтамады. Ол күзде оқуын бітіретін болып, менің диплом алу кешіне барғанымды қалады. Белгілі себептерге байланысты мен бара алмадым. Содан ол қолына дипломын алып Алматыға қайтты. Сөйлесе жүріп, екеуміздің семьямыз біздің арамыздағы махаббатты білетін болды . Арманымыз көп болды. 4-ші курсқа көштім. Сөйлесеміз, бірақ қоңырау сиреп кетті. Оның тарапынан өтірік әңгімелерді байқадым. Өтірікті ұнатпайтын болғандықтан неге екенін билмим қатты ренжіп мүлдем хабарласпауын өтіндім. Арине жүрегім оны қаламасада.Сөйтіп жүріп 4ші курсты да бітірдім. Мні құттықтауды да ұмытты. Арым жібермесе де, қатты сағынғандықтан қарындасына телефон соғып, не істеп жургенін түсіндіруін өтіндім. Екеуміз ұзақ сәйлестік. Өзі қыз бала болғандықтан менің алданғанымды қаламады. Ол басқа қызбен танысып бәрі бірге тұрып жатқанын естігенде көзіме жас келді. Бірақ біздің сөйлескенімізді ағасына айтпаймыз деп келістік. Он күн шамасы өткенде Р тел соқты. Ол ештеңе білмеді, әлі бұрынғы әңгімелерін айтуда. Алып кетем барасын ба деді. Ренжідім. Жоқ дедім. Басқаның қасында жүрсін, бірге тұрасын дегенде мойындамады. Жігіт бола тұра шындықты айтпады. 6 ай уақыт өте ол жұмыс бабымен атырауга келіп, мені жұмыс орнымнан тауып алды. Уақыт тауып әңгімелестік. Ол мойындамасада мен басқа жігітпен кездесіп жүргенімді айттым. Бірақ көзімізде мхб оты жанып тұрды. Ол кетті. Мен қалдым. Келесі күні бір қыз телефон соғып, амандық сұрасып, менімен сөйлескісі келетінін айтты. Екеуміздің әңгімеміз 2 сағатқа созылды. Рысбектің қызымын деп таныстырды. Танысқандарына 1 жыл, бірге тұрғандарына 6 ай болғанын өз аузынан естідім. Ештене білдірмедім. Қыз одан бала көтергенін айтты. Мен бақыт тілеп қала бердім, бірақ жүрекке әмір журмейдііііі... Одан кейін 1,5 жыл уақыт өтсе де ол жігіт әлі телефон соғып амандығымды біледі. Қателестім дейді, бірақ амал қанша... Алғашқы махаббат деп түсіндім. Ғашықтардың алыста болғаны қиын екен. Ойымнан әлі де кетпейді.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
махаббат хикаясы Алыстағы оралмас алғашқы махаббаты туралы казакша история любви на казахском, история любви Алыстагы оралмас алгашкы махаббаты на казахском языке махаббат хикая скачать бесплатно, қызықты махаббат хикаялары жинағы оқу, интересные история любви на казахском языке, Алыстағы оралмас алғашқы махаббаты

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]