Махаббат хикаясы: Алғашқы махаббат
9-сыныпта оқып жүрген кезім. Өзімнен 8 жас үлкен әпкемнің сыныптасы Е. мектепке музыка сабағынан мұғалім болып орналасты. Менен 9 жас үлкендігі болса да, жақсы араласып тұрдық. Арада тек таныстық сыйластық қана болатын. Осылайша жиі араласып жүріп арада сезім пайда болды. Мектеп қабырғасында жігітпен кездеспеймін деген өз қағидамнан аса алмай жүрдім. Жариялы түрде қыз бен жігіт болып кездеспесек те, екеуміздің бір-бірімізді ұнататынымыз көзімізден көрінетін. Бұл ара қатынасымыз бір күні Еріктің анасы,менің сынып жетекшіме де белгілі б олды. Өзімнен сұрай келген мұғаліміме араласатынымыздың рас екенін айтсам да, ағайымды ұнататынымды жасырып қалдым. Уақыт өтіп мен 11 сыныпта оқып жүрдім. Е-мен 3 жылдың көлемінде тек дос ретінде араласып келдім. Бірақ іштей қатты ғашық болатынмын.Оқта-текте кездесіп, сырласып тұратынбыз. Оқу жылы аяқталар тұста екеуміз бір-бірімізге сезімімізді білдіріп, сөз байластық. ҰБТ өтті. Мен аттестатымды қолыма алып, ЖОО-ға кеттім.
Студент атанып, бірінші курста жүргенде жиі хабарласып тұратынбыз. Екінші курсқа өткен кезімде телефон арқылы хабар алмасудың азайғанын байқадым. Бұрынғыша ертерек оқуыңды аяқтасаң, екеуміз бір отбасын құрсақ деп армандап айтылатын әңгіме де азайды. Мүмкін жұмысын ауыстырған соң, қолы тимейтін шығар деп ойлайтынмын. Алайда бәрі бекер болып шықты.
Қысқы демалыс кезі.Жамбыл облысында уақытша жағдайлармен тұрып жатқанбыз. 13 қаңтар ескі жаңа жыл болатын. Телефон шылдыраған соң, құттықтап хабарласқан туыстар шығар деп тұтқаны алдым. Еріктің дауысы... Қуанышымда шек жоқ. Жағдай сұрасып, мерекемен құттықтап жатырмын. Бір кезде тұтқаның арғы жағынан той әуендерінің дыбысы естілді. Сұрағанымда бір досының тойында екенін айтты.Жылы қоштасып, тұтқаны қойдық.
Арада 10-15 күн өткен соң, оқуға келдім. Оқу ғимаратында Еріктің құдашасын кездестіріп қалып, ауылдың жай-күйін сұрастырдым. Құдашасы маған 13 қаңтар күні Еріктің үйленгенін айтып, сүйінші сұрады... Төбемнен жай түскендей күйде тұрсам да, білдірмеуге тырыстым. Алайда, неге менімен сол күні хабарласып тұрып, шындықты айтпағанын түсіне алмадым.
Сол жылы отбасымызда үлкен қайғы болып, қайтадан ауылға көшіп келдік. Бір күні ойламаған жерден кездесіп қалдық. Осыдан соң біршама уақыт телефоныма хабарласып жүрді. Өзінің жақсы көретінін, тек отбасының асықтыруымен осындай жағдай болғанын жеткізді. Сондай-ақ, менің болашағыма балта шапқысы келмей осындай әрекетке барғанын да айтып өтті. Қаншалықты қимастық болса да, онымен хабарласпау жөнінде шешім қабылдап, алғашқы махаббатымнан алыстай түстім... Бірақ қанша алыстасам да, сол бір мөлдір де пәк махаббатты, шынайы сезімді ұмыта алмаймын, қимаймын.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: