Махаббат хикаясы: Бұйырмаған бақ

Махаббат хикаясы: Бұйырмаған бақ

Жоқ, оған бұл керек емес еді. Біреу кеудесіне қолын сұғып, жүрегін суырып алып жатқандай көрінді өзіне. Амал қанша? Енді қайтсін? Не істей алады? Көзінен аққан көлдей жасқа тұншығып қаламын ба деп те ойлады. Жоқ, олай емес, оның мына жағдайында сол тұншыққаны жақсы еді. Бірақ, амал қанша, олай да болмады. Көздерінен парлап аққан жасқа беті жуылып тұра берді. Өксік тамағына тығылып, бір кезде өзінің денесінің де селкілдей бастағанын сезді. Енді қайтсін? Енді қайтсін қыз байғұс?! Өзінің сүйгені қарсы алдында тұрып бұның өмір бойы бақытты бо луын тілеп тұр, ал бұл болса, өзге жігіттің қолынан ұстап жас жұбайларға арналған стол басында тұр. Өмір де осындай болады екен-ау...

Дене мұздай, көзде жас, бұл қыздың ендігі ойы не екен? Сыртынан қарасаң қуыршақтай! Өмірде бұл қыздан асақан бақытты, асқан сұлу қыз жоқ секілді бір көрген адамға. Әп-әдемі ақ көйлек, сұлу келбеті, маған қара дегендей қап-қара көздері... Бірақ сол көздері жастан бір құрғамады. Өз сүйген жігіті мұны бақытты ете алмады. Әлсіздігі болар, бәлкім... Ал бұл болса, ол жігіттің қасында жүргеніне мәз болып, сонымен өткізген әр күніне шүкіршілік етіп жүре беріпті-ау, ақымақ қыз! Не істесе екен? Қайтсе болады? Бәрін тастап қарсы алдында тұрған сүйікт ісінің мойнына барып асыла кеткісі келді. Бірақ, амал қанша? Іші қан жылап, жүрегі миллиардтаған бөлшекке бөлініп жатқандай болды.

« ...Қалай ғана мені өзге біреудің қолына еркін беріп қойдың? Қалай ғана осылай менен еш қиналмай-ақ бас тартып тұрсың? Мені біреудің қолына, құшағына өз еркіңмен итере салғандай болдың ғой сен! Солай жасап тұрсың да! Менің не жазығым бар еді? Неге? Менің бар жазығым – сені өзімнен де артық сүйгенім бе? Неге? Неге екеуміз бірге бола алмаймыз? Біз кімге кедергі бола аламыз? Жоқ! Маған сенсіз өмір сүрудің еш қажеті жоқ. Сенсіз күнімді елестете де алмаймын. Мені сүйе тұрып, неге менен өз еркіңмен бас тарттың сен? Қалай ғана мені шырылдатып таптап кетесің? Расымен де, енді екеуміз ешқашан қосылмаймыз ба? Енді ешқашан сенің жүзіңді көрмеймін бе? Сенсіз қалай өмір сүрем? Қалай? Қалай?...»

Осылай қыз байғұс сүйген жігітімен үнсіз сөйлесті. Бұл – оның жан айқайы еді. Иә, үнсіз шыққан жан айқайы.
Жүрегі өзінде емес, ойы тіптен басқа жақта, ал айналасындағылар бақыттан мас болып жүр. Ал бұл ше? Бұл болса, екі көзі өзінің сүйіктісінде. Ол да мұнан көзін алмай қарап отыр. Көзіне жас та келіп қалады. Бірақ, қанша дегенмен, жігіт қой, оны білдіргісі келмей, өтірік күліп қояды. Бір уақытта мұндай қиналысқа шыдамады ма, әлде, өз сүйікті қызының өзге біреумен қолтықтасып қарсы алдында тұрғанына жаны қиналды ма, алдындағы ащы судан біраз тартып-тартып жіберді.
« Сен түсінбейсің мені.... Түсінбейсің! Ешқашан да түсіне алмайсың!!! Мен сені шын сүйдім, сүйдім. Жақсы көрдім. Өмірімде еш қызды жақсы көрмегендей жақсы көрдім. Ал сен оны да бағалай алмадың. Ешқаша түсінбегенсің мені. Әлі де түсінбейсің. Сол түсінбеген күйі кетіп бара жатырсың. Бақытты болшы, жаным... Жаным... жаным...»

Соңғы сөзін жігіт дауыстап айтып қалды. Бірақ, оны өзінен басқа ешкім де естіген жоқ. Енді ойланып қараса, өздері бірге жүрген уақыттың ішінде сүйіктісіне жылы сөздер мен «Жаным» деген бір ауыз сөзін де жарытып айтпапты ғой. Бағалай алмапты ғой! Қыз көзінен тамшылаған әр тамшы жасқа өзін кінәлады, өзін сол қызды жылатқаны үшін өмір бойы кешіре алмайтынын білді. Өкінді. Өзіне қайтарғысы келді. Қайтадан оны өз құшағына басқысы келді. Бірақ, бірақ, бәрі де кеш еді.

Міне, көз алдында сүйіктісінің үйлену тойы өтіп жатыр. Ал бұл екі көзінен жас парлаған күйі өзінің әлсіздігіне ызаланып үнсіз отыра берді және ол қыздан өмір бойы кешірім сұраса да, оның бір тамшы көз жасына да тұрмайтынын түсінді... Бір дауыс «Сен оның титтей де қиналысына тұрмайсың. Сенің қиналғаның оның қиналғаныңның қасында ештеңе де емес. Қайта ол қыз сенімен бірге емес, өзгемен қалғаны үшін бақытты. Ол сенсіз бақытты болады...» деп қайталап тұрғандай болды.

Достар, бұл хикая менің қатты қиналып, жан күйзілісіне бой ұрғанымда жазғаным болатын. Бұған әркім өз бағасын берер. Бірақ осы мақаланы оқи отырып, бұл тек жай ғана ойдан шығарылған нәрсе емес, шынымен де өмірде болған, бір қыздың басынан өткерген қайғылы махаббаты деп біліңдер. Ол қыз қазір шынымен де өзгежігітке тұрмысқа шықты, өзге бір жігітпен өмір сүріп жатыр. Ал бұрынғы жігіті барлық қателігін енді түсінгенмен, оны қайтара алмайтынына налып, өмірден баз кешіп жүр.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
махаббат хикаясы Бұйырмаған бақ туралы казакша история любви на казахском, история любви Буйырмаган бак на казахском языке махаббат хикая скачать бесплатно, қызықты махаббат хикаялары жинағы оқу, интересные история любви на казахском языке, Бұйырмаған бақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]