Махаббат хикаясы: Періште қыз

Махаббат хикаясы: Періште қыз

Терезеден сығалаған күн нұрының алтын сәулелері бөлме ішіне тінтіне қарайды. Бәлкім ол да аруымның ай дидарлы жүзіне ғашық па екен «ә». Аймаламашы оны, ары кетші десем Алладан ұят боларма? Бір пендесін періштедей жаратып, бәрімізді қызғандырып қойғанын қараңызшы. Тіпті мен адам түгіл ана аймалаған күннен, сүйіп үпкен самалдан, құлаң шәшын жуып өткен жаңбырдан бәр- бәрінен қызғанам, өртенем.
О. Тәйірі сірә саған бар әлемнің сұлулығы сыр боп тұнған ба екен, бүкіл өмірім бір қиылып түскен бұрымымның құнындай ғана шығар- ау. Қара көз айым қадалған жанарынан тараған бір ыстық жалын өне бойымды шарпып барады. Санамның азғантай салауатын сұлулықтың, сиқыр сезімнің пірі жеңіп, сайарда зарла қызыл тіл байланып, көп сөздерім көмейге тығылып, көңілде көбіршіп қалып барады. Бір күш булығып тулайды... есімнен танармын.
Пай, пай мынау аппақ дүние, сондағы кіршіксіз ұлпа қар болсаң, сені таптар аяқтардың бәрін матап тастар едім, солай да ақ сәуле періштем нәзік, монтаздай жүрегіңе тинамдай ноқат, сызат түсірсем кешірілмес күнәға белшемнен баттым деп өкінер едім. Мөлдір жанарыңнан бір тамшы жас найзадай кірпігіңнен суырылып кетсе, ол маған көп, ол көл болып көрінеді.
әттең пенделер арасындағы періште қыз сен мені түсінермысың?!
Білем он сегіз мың ғаламды жаратушы раббым, періштелерін нұрдан жаратқан. Олар тамақ ішпейді. Жемейді. Тек Алланың құзырына қызмет етеді. Пайғамбарымыз с.ғ.с. айтады: аспанда төрт саусағың сиярдай бостық жоқ, раббісіне сиынған сансыз періштелер бір бөлімі сәждеде жатыр, бір бөлімі қиямда тұр. Олар неше мың, миллион жыл, өтсе де, ұлы жаратушысына зікір етіп тұра бермек» дейді. Ал адамды Алла тағала әуелі топырақтан жаратқан. Біз өткінші мынау дүниеге сынақ етіп жіберілген пенделеріміз, әлсіз құлдарымыз ғой. Демек күллі мадақ, ұлылық бір ж аратушыға ғана тән. Ол жалғыз........ бірақ мына өмірдің бар құпиясын махаббат етіп, жұп- жұптан жаратқан ием, жасампаз, береген -ақ шүкір тәубә, бір пендесінің мінезі мамықтай жұмсақ, жүрегі гүлдей нәзік, көңілі уыздай пәк, ажары айдай әсем, күндей көркем, әттең тіл жетпей күрмелем.
Құрғыр сағаттың тілі шыр айналып, өмірімді ұрлап жатса да сенсіз бір минутым, бір сағат, бір сағатым, бір күндей боп, өтпей ақ, сағынышпен салғыласып жата беретіні сонеша, өмірім мәндіреп, сенсіз сергелдең күйде сенделіп кетеді. Бірақ, әйтеу көп сәттерде қара қалам, қиялыма қанат бітіріп, ақ қағазбен сырласамда отырам, міне, міне біраз жеңілдеп қалғандаймын. Жыр боп өрілген содан бір үзік сыр...

Жаратқанға сыйынып,
Бұлтты ақырын сыйырып,
Ай боп саған үңілдім,
Сымбатыңа сүйініп.

Дір етті бір тұла бойым,
Соққандай зіл құла құйын.
Қобыз кеуде қоңырлатып,
Төк сағыныш, тұма күйін?!

Періштем менің өрік қыз,
Шәшыңды тұр өріп құз.
Шуағын төкші махаббат,
Жүректен кетсін еріп мұз.

Әдемі піскен өрік қыз,
Тұрайық бірге өніп біз.
Кетейік бірге бақйға
Жыласа жапырақ өліп күз...

Мүмкін мұны түсінерсің, иә, түсінбессің. Бірақ, әйтеу менімен тілсімдессің. Жалт еткен жанарыңмен жас жүрегімнің жалын отын жасқандырдың, кім білсін сол жанарыңда маған деген махаббатыңның маздап жанған оты барлығын, не маған деген махаббатыңдағы бір шоқ гүлің солып, жасырынған сонда бір, көлеңке барлығын...
Қойшы, кіршіксіз періштем, саған қалай кінә артам, біздегі бір тілек сені бақытты ету ғана, мен сыйлай алмаған бақытты мүмкін тағы біреу сыйға тартар, сенің бақыт қуанышың, бір күлімсірегеніңнің өзі мен үшін зор мерей, қанша қайғы- мұң құшақтап жатсамда, мен саған қарап бақытты екенімді сезінемін. өйткені әсем сұлулықтың, асыл махаббаттың не екендігін алғаш өзіңнен ғана түсінгем, өзіңнен ғана түйсінгем. Мен сені шексіз сүйем, періште қыз!!!
P.S. жалғыздық Аллаға ғана жарасады. Мүмкін ол жалғыз ай, жалғыз күн шығар. Бірақ жұлдыздар сансызда бір -бірімен жымыңдасып, сыбырласып тұрары дәйім. Қара аспаннан жарқ етіп, жасын боп кеткен сол бір жұлдыз, қара жердегі бір пенденің өмірі екен ғой. Мен түнгі аспанға телмірем. Аспанда жүзген жұлдыздар өз жұптарын іздеуде... илләһи оларға ақ жол, баянды бақыт тілеймін, абзал жандар, аңсаған армандарына жете берсе екен.
Қос жұлдыздар
Қос ғашықтар мәңгі- мәңгі жайнай бер.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
махаббат хикаясы Періште қыз туралы казакша история любви на казахском, история любви Периште кыз на казахском языке махаббат хикая скачать бесплатно, қызықты махаббат хикаялары жинағы оқу, интересные история любви на казахском языке, Періште қыз

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]