Махаббат хикаясы: Арақашықтық - махаббатқа қаяу келтірмейді!

Махаббат хикаясы: Арақашықтық - махаббатқа қаяу келтірмейді!

Махаббаттың тұзағына іліну өте қиын екен.Бір ілінсең, шығуың ауыр, әрі соншалықты ұзақ болары анық.Сезім...бір тылсым күш барлық денеңді жаулап алғандай болады.Жүрегіңнің соғысы жиілеп, тек бір пенде үшін соғылып тұрғанын байқайсың.Бұл тылсым күштің астарында қаншама жайттарды басыңнан кешіресің.Сол үшін де сен бақыттысың!!!
Осындай сезімді мен де бастан кешіремін деп ойламағанмын да...Мен осыдан 2 жыл бұрын ғана өзге жан етінмін..қазіргі қалпыммен салыстыру өте қиын...мен бүгін өзге жанға айналғандаймын...мені әлде, махаббаттың тылсым күші өзгертіп жіберді ме екен?! кім білсін?! мүмкін солай да шығар...
Мен де бүгін өздерің тәрізді, өзімнің тұла бойымдағы сезімімен бөліскім келіп отыр...
- Сол бір кез әлі есімде...жаз айы болатын.Жазғытұрымның кешқұрым шағы...ол кезде мен 9-сынып оқушысымын.(Жаз айларында ауылда болғаның қандай керемет десеңші?! Қаладағы бір тұрақсыздықтан, у-шудан арыласың!) Кешке, сол ауылдың жастарымен бірге түнделетіп отыру,әңгіме шерту, солармен бірге жүру мен үшін өте қызық болатын! 2010-шы жылдың тамыз айы...21 ші жұлдызы.(Мен сол сәтте ештене байқамаппын да!) Біздің танысуымыз дәл осы күні болып еді.Онымен тағдырымның дәл осы күні тоғысқаны есімнен кетер емес.Уақыт өте келе, біз онымен араласып кеттік.Ол шақтары мен қалада болатынмын, оқу жылы да басталып кеткен.Біз телефон арқылы сойлесіп, бірімізді-біріміз жақын тани бастадық.Қоңыраулар шалысы жиелей берді, жиелей берді.Бір күні, ол маған қоңырау арқылы сезімін білдіріп,сөз салған еді.Мен оны танып, білгеннен бе, білмедім, әлде жай ойын ретінде ғана көргенім бе,білмеймін, онымен бірге болуға жауабымды жай бере салған болатынмын.Уақыт өте берді. Менің қысқы демалыстарым да келіп жеткен еді.Мен сол пенде үшін де, тағы ауылға бардым.Біз кездестік, бәрі тамаша өтті.Кездесіп, көріскеннен кейін тұла бойымды осы айтып отырған тылсым күш билеп алғандай болды.Оны жаныма жақын тарттым.Бар болғаны небәрі 5 күн ішінде оған қатты бауыр басып қалыппын, онымен қоштасқым келмеді.Сондай қимастық сезіммен кеткенімді білсеңіздер ғой,шіркін!Ол өте тамаша адам!Осыған дейін,мен мұндай жан кездестірмеппін әлі!Оған жіпсіз байландым да қалдым.Оның жан дүниесіне қатты ғашық болдым!Ол өзгелерден ерекше адам.Солай біз телефон арқылы сөйлесіп жүрдік. Әттен, арамыздың алыс болмағанында ғой...оны көру, онымен бірге жүріп, бірге тұру мен үшін қандай бақыт болар еді!
Айлар өтіп жатты. Мен 10-сынып бітіріп, қайта ауылға асыға бардым. Оны қатты сағыныппын!Оны көргенімше тыным таппадым. Осы уақыт аралығында менің оған деген сезімдерім асқар таудай биіктеп кеткенін бәлкім, тек ол ғана білетін шығар.Біздің бірге болған кездеріміз әлі де есімнен кетпейді.Сондай бақытты едік!Әрбір онымен өткізген сәт мен үшін өте қымбат еді!Оған қатты бауыр басып калғанымды сездім!
...Осылай, ол бакқытты күндерім де бітті...мен 11-сыныпқа көштім. Қазір бәрі сол қалпынша.Міне бүгін, оны көрмегелі 145 күн болыпты.Оны қатты сағындым.Оны шын сүйемін.Оның есімі -Жақсылық...Ол мен үшін аса қымбат адамдардың қатарына жатады. Оған деген сезімім арамыздың алыстығына қарамастан,пәк, шынайы, таза! Алла тағалама осы пендемен мені жолықтырғанына ҮЛКЕН РАХМЕТІМДІ айтамын! Ол алыста болса да, оның жүрегі жанымда. Оған деген сезімімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Алайда сіздерге жеткізе алдым деп ойлаймын...Осы өмірімнің бір сәтін өзімше осылай түйіндедім: Арақашықтық - махаббатқа қаяу келтірмейді! Тек бұл сезім шынайы болса, болғаны.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
махаббат хикаясы Арақашықтық - махаббатқа қаяу келтірмейді! туралы казакша история любви на казахском, история любви Аракашыктык - махаббатка каяу келтирмейди! на казахском языке махаббат хикая скачать бесплатно, қызықты махаббат хикаялары жинағы оқу, интересные история любви на казахском языке, Арақашықтық - махаббатқа қаяу келтірмейді!

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]