Махаббат хикаясы: Сол бір көктем
Менің махаббат оқиғам да барлық махаббат оқигалары сияқты қарапайым басталды. Бірақ қазір ойланып қарасам, сол бір күннің тура сол кездегідей өткенін қаламас едім. Жарайды, болар іс болды, өткен күнге өкіну еш пайда әкелмейтіні сөзсіз.
Сол бір кез тамылжыған көктем болатын, дәлірек айтсақ 10-наурыз, күлкілі әрине, бірақ канша жыл өтсе де ол күн әлі есімде.Мектептен қайтқан соң құрбым екеуміз есік алдына серуенге шыққан болатынбыз,бірақ үй жақтан біршама алыстап кеттік.Үй маңында мектеп бар еді.
Құрбым екеуміз сол мектеп ауласына барып отырдық.Сол кезде мектептен қайтып бара жатқан 1топ жігіттерді көрдік.Сол жігіттердің арасынан бойшаң, сүйкімді келген біреуі менен көзін алмай қарады, ия мен де оны байқадым. Ол достарына бізді көрсетіп, танысқысы келді ме білмеймін, ал достары асығып жүріп кете берді.Ал бойшаң жігіт мектеп маңында қалды.Ол алыстан ұзақ уақыт біз жаққа қарап тұрды, бірақ қасымызға жақындауға батылы бармады.
Біздің де үйге қайтатын уақытымыз болды, тұрып үй жаққа қарай жөнеле бердік.Жүріп келе жатып артымыздан «қыздар» деген жағымды дауыс естілді.Бұрылып қарасақ, әлгі жігіт екен.Ол бізге танысуға болады ма деді.Мен үндемедім (бірақ ішімнен әрине танысқым келіп тұр).Ол Ерсұлтан деп қолын ұсынды.Мен өз есімімді айтып, ары қарай танысып кеттік.Ерсұлтан менен телефон нөмірімді сұрады, Ò қалай екенін білмедім бірақ ойланбастан бере салдым.Содан ары қарай хабарлвсып, бір-бірімізді көріп,жақсы сөйлесіп жүрдік, мен ол жігітке ғашық бола бастадым.Бірақ Ерсұлтанның маған деген сезімін түсіне алмадым.Сөйтіп жүргенімізде күз де келіп жетті,біз күзде мүлдем сөйлеспей кеттік, Ерсұлтан хабарсыз, менім де хабарласуға батылым жетпеді.Қыста да арамыз мүлдем суып кетті.Көктем келе мен оны қайтадан жолықтырдым.22-наурыз болатын, мен құрбыммен, ол достарымен бір-бірімізді көріп қалдық.Сол сәтте менің ішімдегі үміт оты одан әрі лаулай түсті.
Тура сол кезде оның маған деген сезімін түсінгендей болдым.Адам айтса сенгізіз, бірақ ол тіл қатып айтпаса да Ерсұлтанның жұмбақ сезімін іштей жылумен сездім.Сол кезде ағам келіп қалды, ол Ерсұлтанға да (названный) аға болып келеді екен.Ерсұлтанды ары қарай алып кетіп екеуі сөйлесіп келді.Содан кейн Ерсұлтанның маған деген көзқарасы өзгергендей болды, ия ағамның не дегенін өзім де түсініп қойдым.Махаббат азабының барлығы осы оқиғадан кейін басталды.Бір-бірімізді сүйеміз,бірақ көзімізге қарап тұрып соны сөзбен жеткізе алмай ,іште сақтаймыз.Солай 1жыл жүрдік, оның сүйген қызы жоқ, менің жігітім жоқ, үнсіз махаббат.Өтірік емес,мүмкін ол мені сүймейді,менің сезген сезімім жай ғана қиял шығар деген ойлар да болды.Сол танысқан көктемнен бері екі жыл да зымырап өте шықты,еш өзгеріс жоқ.Үмітім жәймен үзіле бастады, 2 ойлы болып жүргенімде 1жігітті кездестірдім, онымен сөйлесіп, жақсы араласып кеттік.Ол маған сөз айтып, біз қыз бен жігіт ретінде кездесе бастадық.Жігітім екеуіз саябақта қыдырып жүріп Ерсұлтанды көрдік.Ол мені корген сәтте беті бозарып, түрі өзгеріп кетті.
Мен сонда қуанышты сезімде болдым.Ия, жігітіммен жүріп жүргенде алғашқы 3-4 ай өте керемет өтті, кейін Ерсұлтанды қайтадан сағына бастадым.Мен жігітімді ұнаттым, уақыт өте жақсы көріп кетем деп ойладым. Бұл Ерсұлтанды ұмытуға үлкен мүмкіндік болатын.Бірақ барлығы менің ойымдағыдай болмады,Ерсұлтанды ұмыта алмаппын.Ал жігітімді тастайын десем ол мені қатты жақсы көретін.Мен 1 сәт өзімді оның орнына қойып көрдім,Егер мен Ерсұлтанмен кездесіп жүріп, ол басқа қызды сүйетінін айтып мені тастап кететін болса мен қандай сезімде болла р едім?Сол сұрақпен өзімді жегідей жеп жігітімді 1жыл бойы тастай алмай жүрдім.Дегенімен де шыдамның да шегі бар,оны тастау қиын болса да, батыл қадам жасап айрылысып кеттік.
Енді сүйген адамыммен қосыламын-ау деп жүргенімде Ерсұлтанның қызы бар екенін естідім.Сол кезде Ерсұлтанның бозарып кеткен түрі есіме түсіп, өзім де тура сол күйде болдым.Көз жасым көл болып күндерім жылаумен өтті.Маған да жігіттердің сезімдерін білдіріп, ұсыныс жасағандары өте көп болды,бірақ жүрегім мұз сияқты қатып қалды да әлі күнге дейін ешкімге жіби қоймад ы.
Қазір Ерсұлтан қызымен бақытты ма, ол қызды шын сүйеді ме? Осы сұрақтарға жауап таба алмадым.
Мүмкін ол да менімен бірге болуды армандап,менен күдіктенетін шығар деген ойлар да келеді.Тура осылай ойлап жүргеніме 4жыл болды, әлі түсіне алмай келемін.Барлығы да жұмбақ күйінде қалуда.Біздің жолымыз енді ешқашан 1 арнада қосылмайды.Шын ғашықтарға бірге болуды жазбаган деген рас та шығар, дегенімен де барлығы уақыттың еншісінде.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: