Махаббат хикаясы: Зағип жігіттің махаббаты
Ол екеуі жұлдызы жарасқан жұп еді. Көркіне көз тоймайтын сұлу келіншек, келісті жігіт. Сырт қараған жандардың қызығуы мен қызғанышын қатар оятардай жарасым тауып тұратын. Бақыттың бал шырынына батқан жұбайлар күндерін ерек көңілді өткізетін.
Бірде күйеуі іссапармен алысқа кететін болды. Осынау қос ғашық үшін бұл сапардың сағынышы махаббаттарын тереңдетпесе, өзге кесірін тигізе қоймайтынына әрі екеуі де сенетін. Сүйіктісін шығарып салып, үйде қалған келіншек сағынышты күндерін өткізе берді. Ол осы күндерде әлдебір тері ауруына душар болады да, жас келіншектің сырқатына ем қонбайды. Бір күні таңертең ол ояна сала айнаға қарап шошып кетті. Сұлу жамалынан көлеңке де қалмаған. Қорқынышты болып бұзылып кеткен ақша жүзі оны қайғы теңізіне батырды. Бұл сырқатын күйеуінен жасырып жүретін. Күндер өте келе, оның қайтып келер сәті де жақындай түсті. Ол мына бейнесін көрсе, қандай көңіл күйде болар. Осыны ойлаған сайын оның қасіреті асқына берді. Айна алдына баруға жүрексініп, күндерін өксумен өткізді.
Осынау азапты күндерде ол хабарлама алды. Іссапармен кеткен күйеуі жол апатынан қос жанарынан айрылыпты. Бір айналдырғанды шыр айналдырған қасіретті тағдыр осы да.
Бірақ олар бұрынғыдай-ақ бақытты күндерін жалғастыра берді. Жас келіншектің бүлініп кеткен жамалын күйеуі көрмеді. Күйеуі қайда барса да, келіншегі оны жетелеп жүретін еді. Бұрынғы қызыға қарайтын жұрт оларды мүсіркейтін болды. Жарасымды жұбайлардың келісті бейнесі ертегіге айналып қала берді. Бірақ, сонда да олардың бақытына сызат түскен жоқ. Әйелі қайтыс болғанға дейін жарасымын бұзбады.
Сүйікті жарын жерлеу кезінде өмірдегі ең сұлу асылын жоғалтқан адам қабір басында үнсіз ұзақ отырды да, орнынан тұрып, қайтуға ыңғайланды. Қос жанары тас қараңғы зағипты достары келіп сүйей беріп еді. Ол жақындарының қолын қысып ұстап «Мен соқыр емеспін. Оның ауруға шалдыққанын шетелде жүріп-ақ естігенмін. Өз бейнесінен азаптанбасын, махаббатымызға сызат түспесе екен деп өтірік соқыр болып өмір сүріп келдім. Мен оны шексіз сүйемін» деді де, бұрылып жүре берді.
Қабыр басындағы адамдар осынау махаббат жолында жалғыз қайтып бара жатқан адамға қарап, көздеріне тағы бір мәрте жас алды.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: