Махаббат хикаясы: Тағдыр тауқіметі (1 бөлім)

Махаббат хикаясы: Тағдыр тауқіметі (1 бөлім)

Оқу жылы аяқталып қалған болатын. Аяулым бүгін бір ерекше көңілді еді.Себебі барлық сабағын өте жақсы деген бағаға аяқтап сүйікті ата анасынан сүйінші сұрауға асығып бара жатқандай.Үлкен ағасы Ерілікке де балмұздақ,шоколад алып бер деп еркелеп мойынына асылатын болдым деп қуанышы басылар емес.Бірақ Аяулымның бұл қуанышы ұзаққа бармады.Себебі, ол үй ауласына жақындағанында есік алдындағы бөтен,топырлаған адамдарды көріп кілт тоқтай қалды. Есін жинай алмай абдырап тұрғанын жанына жедел жәрдем көлігі келгенде ғана байқады.Жалма-жан ішке қарай беттеді.Өз көзіне өзі сене алар емес.19 жыл өмірінде ол кісілерден артық, ол адамдардан жақыны болмап еді ғой.Тіпті ағайын туыстарымен деп жөнді араласпайтын үйдің ерке қызы не жыларын не күлерін білмей қалды.Мәпелеп өсірген әкетайы мен анасы ана өмірге аттанып кетіпті.Қалай дейсіздер ма?Аяулым ешнәрсе білмегенімен әкесіның үлкен көлемде қарызы болған көрінеді.Жанкесер жауыздар сол қарызының өтеміне Ауялымды тұл жетім етіп зар еңіретіп жылатып қалдырған екен.Басқа салса көнесің демекші.Күндер өтті, айлар өтті.Әке-шешесін жер қойнауына тапсырып Аяулым жалғыз қала берді.Ал ағасы Ерлік сол үлкен қазадан кейін көрінген жоқ.Ағасы қайда?не істеп жүр?неге келмейді? Аяулым бұл сұрақтарға жауап таба алмады.Оқуды тастап кетті.Ата-анасынан қалған кішкентай шағын үйде жалғыздан жалғыз тұра берді.Туған туыстар тек 40 күндік намазысын берісімен алыстап кетті. Осылай жүріп 4 ай уақыт өтті.Ауялым үйінен тәтті нан, шелпек пісіріп вокзалға барып сатып, солай ақша тауып күн көрді.Күн жексенбі еді.Аяулым ол күні жұмысына бармады.Үйін тазалап, кілемдерді қағып біраз тазалықпен айналысты.Кеш бата дүкенге шығып қайтар жолда.Жанына бір шетел иномаркасы келіп тоқтады.
- Сәлем қарындас. Қайдар деген кісінің үйін іздеп жүр едім.Осы маңда деп түсіндіріп
еді.Жол көрсетіп жібермес пе екенсіз?
- Жоқ танымаймын,- Аяулым қысқа қайырды. Негізінде Қайдар Аяулымның әкесі.Сол әке
шешесінің басын жалмаған жанкеспелер шығар деген үрей бойын билеп алды.
- Қарындас өтініп сұрайын.Тығыз шаруам бар еді,-деп сұлу жігіт қыздың жолын кеспектеп тұрып
алды.
- Танымаймын дедім ғой,- Аяулым жүгіре жүріп үйіне жеткенше асықты.
Таң атты.Әдеттегідей тәттілерін пісіріп алып азаңғы поездға шықпақшы. Уақытқа қарап еді, кешігіп барады екен.Жалма жан киініп сыртқа шығып такси тоқтатты. Қәзір поезды жіберіп алсам еңбегім құр кететін болды ау деп күйіп пісіп тұр.Еш такси өтпей бір қырсық шалды.Негізінде ертерек шығып қанша алыс болсада бәліштерін қымтап орап алып жаяу баратын.Бүгін кешіккенін өзі де байқамай қалды.Түнімен елеңдеп қорқып жатқаннан болар бәлкім.Осындай алып-ұшпа ойының жетегінде тұрғанында кешегі иномарка сигнал басып жанынан өте шықты.Аяулым сасқанынан артына қарап алып ,қадамдарын тездетіп үйне қарай жүгіріп кетті. Бір қорқып бір тәуекел деп отырып поездын жүрер уақыты болғанын білді.Қаншама пісірген нандары тәттілері бос кетпесін деп далаға аңдап шығып бәрін бәрін көршілердің балаларына таратып келді.Енді Аяулым сыртқа шығуға қорқып үйде тығылып жата берді.Бір кезде есік қағылмасы бар ма? Көршілер емес,себебі олар улап шулап жүреді.Жай кішкентай балалар емес себебі соққысы нық әрі қатты естілді.Жүрегі ұшып не істерін білмеді.Есік соғуын тоқтатпады.Ақырын барып жөнін сұрады.
- Мен,- деді бейтаныс дауыс
- Кім керек,- дегені сол еді дүрсіл одан да қатты жиілеп қоя берді. –Кім керек деймін сізге?
- Ерліктің досымын Аяулым аша қойшы есікті.Ерлік жіберді,- дегенде ғана жалма-жан есікті ашты.
- Сәлем сұлу қыз,- кешелі бері шошып қорқып жүрген шетелдік көліктегі жігіт Аяулымға ерекше бір
ықыласпен жымиып қарап тұрды.
- Сәлем.Ерлік қайда? Ағам қайда? Аман-есен ба өзі? Сізбен бірге келді?Қайда деймін?жауап
берші,-деп Аяулым жылап жіберді.Қанша айдан бері хабар-ошарсыз кеткен ағасын ұзақ күткендігі, жан қиналысы ішіне сыймай қатты қиналғандығы Руслан досының жүрегіне батып кетті.
- Тынышталшы Аяулым, тыныштал.Бәрін айтам, сұрағыңның бәріне жауап берем.Тек мені үйіңе
кіргізші,-деп тағы да жымиып Аяулымның көңілін аулағысы келді.Ерліктің досымен бірге келмегеніне көзі жеткен Аяулым Русланды үйге кіргізді.
Жалғасы бар...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
махаббат хикаясы Тағдыр тауқіметі (1 бөлім) туралы казакша история любви на казахском, история любви Тагдыр таукимети (1 болим) на казахском языке махаббат хикая скачать бесплатно, қызықты махаббат хикаялары жинағы оқу, интересные история любви на казахском языке, Тағдыр тауқіметі (1 бөлім)

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]