Махаббат хикаясы: Аналарымыз аман болсын!!!
Он екі жыл отбасылық өмірден соң, менің жан жарым ресторанда тамақ ішуге және киноға баруға өзге әйелді шақыруымды қалады. Ол :
- Мен сені сүйемін, бірақ сені менен де артық сүйетін бір әйел бар... Мен уақытыңды сол әйелмен өткізгеніңді қалаймын - деді.
Уақыт бөлу керек болған өзге әйел - менің Анам болып шықты. Ол 19 жылдан бері бөлек тұратын. Менің үш балам мен жұмысым анама көңіл бөлуіме кедергі болатын, сол үшін анда-санда барып тұрдым.
Сол түні оны кешкі тамақ пен киноға баруға шақыруға қоңырау сақтым.
- Не болды? Жағдайың қалай? - деп бірден сұрады.
Менің анам - егер телефон кеш шырылдайтын болса, жаман хабар ма деп ойлайтындардың қатарына жатады.
- Менімен бірге уақыт өткізуге қалай қарайсыз - деп сұрадым. Ол бір - екі секунд ойланып:
- Мен оны қатты қалаймын - деп келісімін берді.
Жұма күні кешке жұмыстан кейін анама жол тарттым, бір жағынан қобалжу да бар. Оның есігінің алдына келгенімде, ол да мені күтіп, аздап қобалжып тұрғанын көрдім. Ол иығына пальтосын қойып, шаштарын өріп, мерекеде сыйға берген әдемі көйлегін киген болатын.
- Мен өз құрбыларыма, балам бүгін менімен күнін өткізеді, бірге ресторанда тамақтанамыз, артынша киноға барамыз деп мақтандым, олар таңырқап қалды - деп машинаға мініп жатыр.
Біз ресторанға да келдік. Өте қымбат болмаса да, әдемі, әрі ыңғайлы екен.
Анашым қолымнан ұстап, ханшайымдар секілді келе жатты. Үстелге келгенде, мәзірді оқып бердім. Анамның көзі тек қана үлкен жазуларды ғана оқи алатын. Мәзірді оқып болып, анама қарасам, анам маған қарааап, күлімсіреп отыр екен.
- Кішкентай бала кезіңде, мәзірді мен оқитын едім - деді.
- Онда қызмет көрсету уақыты маған келген екен - дедім.
Тамақ барысында жақсы әңгіме жүргіздік. Айтарлықтай жаңалықтар болмады. Жәй ғана өміріміздегі соңғы өзгерістерді айтып шықтық. Әңгімеге кірісіп кеткеніміз соншалықты, киноға кешігіп қалдық. Кейін үйіне әкеген кезде, ол:
- Сенімен тағы 1 рет ресторанға барамыз. Бірақ бұл жолы мен шақырамын - деді. Мен:
- Жарайды, келістік - дедім. Үйге келген соң әйелім:
- Кездесу қалай болды?
- Өте керемет! Мен ойлағаннан да жақсы өтті.
Арадан біраз өтіп анам жүрек ауруынан қайтыс болды. Аяқ астынан болды, мен оған ештеңе істей алмадым.
Ал, 1-2 күннен кейін қолыма конверт түсті, ішінде анашым екеуміз тамақтанған ресторанға шақырту мен алдын ала төленген қағазы бар. Конвертте:
- Біздің екінші кездесуімізге алдын ала төлеп қойдым - деген жазу бар еді.
Расында, сенімен тағы да тамақтануыма сенімді емеспін. Сонда да саған және сенің әйеліңе алдын ала төледім. Мен екеуміздің бірге өткізген күнімізді сөзбен айтып жеткiзе алмаймын. "Балапаным менің, мен сені өмірімнен артық жақсы көремін..."
Ата-ананың қадірін тірі кезде білейік, бауырлар.... Егер ата-анаңыз тірі болса, оларға жиі-жиі қоңырау шалып, жағдайын біліп, сыйлықтар сыйлап, көңілін аулап, жылы сөздер айтып, қуанышқа бөлейік! Ата-анамыз біздің үлкен бақытымыз. Ата-анасы жоқ адамдар қаншама, оларға ата-ана арман, олардың сезімін тілмен жеткiзу мүмкін емес! Мүмкін сол соңғы кездесуіңіз, соңғы сойлесуіңіз, соңғы мүмкіндігіңіз болар

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Шығарма: Менің анам
» Шығарма: Ана қуанышы
» Махаббат хикаясы: Мен күткен жан
» Шығарма: Аяулы анам
» Шығарма: Ата анаға хат
» Шығарма: Менің анам
» Шығарма: Ана қуанышы
» Махаббат хикаясы: Мен күткен жан
» Шығарма: Аяулы анам
» Шығарма: Ата анаға хат
Іздеп көріңіз: