Махаббат хикаясы: Эххх..... өкiнiштi....
Бір күні кешкілік уақытта бір жас жігіт өзінің көлігімен жұмысынан келе жатыр екен. Оның сол кездегі көңіл-күйі тамаша еді! Оған да себеп бар, өйткені оны 2 демалыс күн күтіп тұрған. Көктем еді. Көшеде қаптаған қыдырып жүрген адамдар. Бір мезетте, оның машинасы бірдеңеге тірелгендей болды…
Ол лезде тормоз беріп, мән жайды білуге машинасынан шықты. Оның машинасының қасында қағылған 11-12 жасар бала жатыр екен… Ол бала еш қимылсыз жатты. Құжынаған адам қағылған баланың қасына тез жинала кетті. Араларынан біреу пульсын қарап: «Бұл бала тірі! Тезірек ауруханаға жеткізу керек!» деген аз да болса жұбатарлық хабар айтты. Әлгі жігіт баланы өзі апармақшы болып, салонына баланы жақсылап орналастырды да, дәл оқиғаның болған жерінен алыс емес бұрыштағы ауруханаға апарды. Ауруханада ол бір дәрігерді ұстап алды да мән-жайды түсіндірді. Баланы дәрігерлер «приемный покойға» апарды.
Бірақ дәрігер әлгі баланы қарауға асыққан жоқ. Ол жас жігітті шақырды да ақша әкелмейінше әлгі баланы қарамайтынын айтты да бір қағазға қанша ақша керек екенін жазып берді. Жігіт қағазға қарады да: «Қазір әкелемін, сіз баланы тексере беріңіз,» - деп машинасына қарай жүгіреді. Ал әлгі дәрігер болса баланы қарамай, әрі қарай өзінің шаруаларымен жүре береді. Жарты сағаттан кейін жігіт ауруханада болды. Дәрігерді тауып алып ақшасын берді. Сөйтсе дәрігер әлі баланы тексермеген екен. Бірақ ақшаны ала салысымен әлгі балаға қарай жүгіреді. Ол баланы тексерейін деп жатса, бәрі кеш екен… Бала көз жұмыпты… Дәрігер баланың бетіне қараса ол бала өзінің туған ұлы екен.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: