Ас үй ханшайымдарына қажетті 10 кеңес

Ас үй ханшайымдарына қажетті 10 кеңес

Әр үй бикесінің ас бөлмеде қолданатын өзіндік амал-айлалары болады. Назарларыңызға ас үй ханшайымдарына қажетті кеңестерді ұсынамыз.

1. Күйіп кетуден сақтайтын табалардың сырын кетіріп алмау үшін тазалап болған соң ішіне қағаз төсеп қою керек.

2. Мыстан жасалған ыдыстарды лимон шырынымен сүртіп жылтыратып, өңін ашуға болады.

3. Азық-түліктерді турағанда астына тақтай қойып тураған дұрыс. Пышақ өткірлігін сақтайды.

4. Азық турауға арналған тақтайшаларды жағымсыз иістен арылту үшін лимонмен ысқылап, соңынан таза сумен шайыңыз.

5. Пышаққа сіңген иісті тұзды сумен жуып кетіреді.

6. Сарымсақ езгішті тіс щеткасымен оңай тазалауға болады.

7. Сырлы ыдыстарды қолданардан бұрын ішіне өсімдік майын жағып, ең төменгі температураға қойылған пешке 1 сағат қояды. Артынан суытып, құрғақ майлықпен сүртеді.

8. Алюминийден жасалған ыдыстардың ішіндегі қарайған дақтарды кетіру үшін ішіне толтырып су құйып, лимон шырынын тамызып, баяу отқа қойып қайнатады.

9. Ыдыс түбіндегі күйген тағамды оңай кетіру үшін ыдыс жууға арналған сұйықтықты қосып, үстінен ыстық су құйып, 1-2 сағат жібітіп қойыңыз.

10. Сорпаға тым көп тұз салып қойған жағдайда, оған бір ашылған картопты қосыңыз. Картоп артық тұзды өзіне сіңіріп алады.

Дайындаған: Нұржамал Үсенова, дереккөзі
Беттер:
1 2 3
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Ас үй ханшайымдарына қажетті 10 кеңес, ас үй, ас үй иелеріне қажетті кеңестер, керек кеңестер, бұл қызық, пайдалы кеңестер, үй, аспаздық, тағам әзірлеу, қыздарға, асхана, ас үйге пайдалы кеңестер, ас үйге қатысты пайдалы кеңестер, пайдалы кеңестер ас үйде

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]