Безеулер картасы және олармен күресу жолы
Беттегі дақтар мен безеулердің қайдан шыққанын біліп алмастан бұрын, түрлі гельдер мен кремдер пайдаланып жан ұшырамыз кейде. Көзге көрінбей, тез кетсе болды бізге. Десе де, оның не үшін, қалай, неден шыққандығын бір сәт ойланып көрелікші. Ағзаңыз дұрыс жұмыс істемесе, нәтижесі бірден бетіңізде байқалады. Сондықтан, безеулер картасымен жүріп проблемалы аймағыңызды көрсетіңіз. Себеп-салдарын төменнен оқып, ауруды анықтай аласыз!
1-2. Ас қорыту жүйесі
Ас қорыту жүйесі жұмысының әлсіздігінен маңдайдың жоғары бөлігінде безеулер пайда болған. Мұның бәрі дұрыс тамақтанбану салдарынан. Сондықтан, тез дайындалатын, майлы, тәтті, яғни, денсаулыққа зиян тағамдарды аздап жегеніңіз дұрыс. Оның әсері бірден теріде көрінеді.
3. Бауыр
Екі қастың дәл ортасындағы безеулер бауырыңызды емдеу қажеттігін білдіреді. Алкоголь, майлы тағам,сүт өнімдеріне шектеу қойыңыз. Сіздің организміңіздің қалауы осы. Сонымен қатар, ұйқыңыздың қанып тұрғаны маңызды және күнде жеңіл физикалық жаттығулар жасап жүргеніңіз жөн.
4-5. Бүйрек
Суретте көрсетілген 4 пен 5 санына назар салыңыз. Екі көздің қасына шыққан безеулерден құтылғыңыз келсе, су ішіңіз! Одан бөлек, көз айналасындағы барлық кемшіліктер, тіпті қара шеңбер де құрғақшылықтың әсері.
6. Жүрек
Артериальді қан қысымыңызды өлшеп, В дәруменінің деңгейін анықтаңыз. Ащы тағамдарды аздап жеп, ал рационыңыздағы еттің мөлшерін қысқартыңыз. Холестериннің деңгейін түсіріңкіреп, «жаман» майларды «жақсы»майларға алмастырып көріңіз. Жаңғақта, балық пен авокадо да пайдалы дәрумендер көп кездеседі. Тағы да ескерте кететін жайт, осы аймақтағы тері саңылауларындағы безеулер ескі макияждан ғана емес, мерзімі өтіп кеткен косметикадан да пайда болады.
7-8. Бүйрек
Тағы да бүйрек. Көп су ішіңіз. Есіңізде болсын, кофе, газдалған сусындар мен алкоголь зиянын тигізбесе, пайдасын әкелмейді. Оларды қанша ішсеңіз де ағзада «құрғақшылық» бола береді.
9-10. Кеңірдек
Темекі тартасыз ба? Онда бұл орын сіздің проблемалы аймағыңыз. Егер, ешқандай аллергия болмай, темекі тартпасаңыз, организмде салқындатылған өнімдердің көп болуын қамтамасыз етіңіз. Қанттан бас тартып, далада көп серуендегеніңіз дұрыс. Қышқыл тағамдардың (сүт өнімдері, ет,алкоголь, кофеин) мөлшерін азайтып, көкөніс, дән-дақылдарды жи жегеніңіз жөн.
11-12. Гормондар
Жүйке жүйесі мен гормональдық өзгерістердің белгісі. Осы себепті, дұрыс өмір сүру қалпын ұстану қажет. 8 сағаттан көп ұйықтамай, пайдалы тамақтанып, күніне өз мөлшерінде су ішу қағидасы. Бір қызығы, мұндағы белгілер аналық жасушаның жетілуінен де (овуляция) орын алады екен.
13. Асқазан
Клетчатканы көбейтіп, зиянды заттарды шағарып, ас қорытуды жақсарту үшін шөптік шайларды ішіп жүргеніңіз абзал.
14. Ауру
Аурудан айығу үшін денеңіз бактериялармен күресіп жатқан болу керек. Әзірге безеуге тиіспеңіз, одан да өзіңізді күтіп, жақсы ұйықтап, көп су ішіп, спортпен айналысыңыз. Бұдан жақсы ем жоқ!

Дайындаған: Гүлжанар Жарқынбекқызы, Дерекөзі: anabol.kz, massaget.kz
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: