Еркек үйге асығу үшін...
Еркекті үйге, яғни күйеуіңізді үйге асықтыратын жанұя жылулығы. Жарының жылы қабағы ынтықтырып тұрады. Үйден шығарда, сәттілік тілеп, мұнтаздай етіп, тағатсыздана күтетініңізді наздана жеткізіп, ауладан ұзағанша, артынан қарап тұрыңыз. Бұл күйеуіңізге өте жағымды әсер. Сіздің өзіне деген құштарлығыңызды сезініп, қайта үйге оралғанша асығады. Үге асықтырудың 6 амалы;
1. Ол келгенше, үй ішін тазалап, барлық затты орын орнына қойыңыз, немесе ауыстырыңыз. Бұл оның көзіне түсірер басты қағида. Есікті ашқанда, тынысты кеңейтетін жұпар иіс аңқып тұратындай болсын.
2. Босағадан енген сәтте қабағына қараңыз. Күлімдеп қарап қойғанның артықтығы жоқ, бұл сәл шаршауын басады. Күлімдеген жанарыңызға қарап оның қабағындағы ашудың ұшқыны да қалмайды. «Күлімдеу» деп аталатын жалынға ерімейтін мұз жоқ. Жымиып қарсы алыңыз. Отырған кезде, өзі сөз бастағанша, әрнәрсені қазбалай сұрай бермеңіз. Өйткені миы тынығу керек. Күні бойы немен айналаысқаныңызды да айтып тікбектей бермеңіз.
3. Үй шаруасындағы әйел болсаңыз көркіңізге мән беріңіз. Бұл оның шаршап жүрген кезіндегі сізге қараудың басты қаруы. Келбетіңіз бен сымбатты жүрісіңіз, жинақы киіміңізге сүйсінетіндей құмартатындай болсын.
4. Күн сайын әр түрлі бір біріне ұқсамайтын түрлі тағамдар, сусындар, тәттілер әзірлеңіз. Кейде оның ас үйге кірері анық. Қарны тоқ, көңілі жай адам өз үйінен безбейтінін естен шығармаңыз.
5. Ер адамдар күні бойы «Жұмыс ертерек бітсе, үйде тамақтанып, теледидар алдында тынығармын» деп жүреді. Бұл барлық адамның ойы. Күйеуіңіз келгенше, балаларыңызды тамақтандырып, қажетісін орындап үлгеріңіз. Шаршап жүрген оның жүйкесіне шулаған, жылаған баланың айқайлары әсер етеді. Ескертіп отырыңыз.
6. Кейде ол болмашыдан ілік іздеп, ашу шақырса, қабақ шытып, қарсы шықпаңыз. Отағасы болған, түздің адамы болған соң оныкі дұрыс. Қасына отырып, басу сөздер айтып, сабырға шақырыңыз, әңгімеге тартыңыз. Таза ауаға дем алыңыздар. Бұл оның жүйкесі мен шаршағанын басатын амал.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: