Пайдалы кеңес: Киімді дұрыс тазалау жолдары

Пайдалы кеңес: Киімді дұрыс тазалау жолдары

Жаңадан алған киімімізге байқаусызда бір нәрсе тамызып, төгіп алып, кетіре алмай жатамыз. Немесе қымбат киімді «бүлдіріп аламын» деп, киюге қимай, гардеробта тоздырамыз. Сондықтан назарларыңызға киім жуып, тазалағанда пайдасы тиетін кеңестерді ұсынамыз.

1. Жиырылып қалған трикотаждан жасалған киімді дымқыл матамен сулап, үтіктеу керек.

2. Ақ түсті жүннен жасалған киімдерді ағарту үшін арнайы дайындалған ерітіндімен жуу керек. Ерітіндіні дайындау үшін 10 литр суға 2 ас қасық сабын салып, араластырыңыз. Киімді 2 сағаттай ерітіндіде ұстап, уақыт өткен соң, жуу керек. Жүннен жасалған киімді ыстық немесе салқын суда жууға болмайтынын ескеріңіз. Сондықтан суыңыз жылы болсын.

3. Киім ұйысып қалса, жуардан 1 сағат бұрын арнайы дайындалған ерітіндіге салып алу керек. Оны дайындау үшін 10 литр суға 3 ас қасық мүсәтір спиртін, 1 ас қасық скипидар, 1 ас қасық иіссу қосып, араластырамыз. Киімді ерітіндіге 1 сағатқа салып алу керек.

4. Түрлі түсті киімнің түсін ашығырақ еткіңіз кесе, жуатын кезде 2-3 ас қасық тұз салыңыз.

5. Ыстық үтіктің ізін жою үшін сарғайып қалған жерді салқын сумен сулап, 1 стақан суға 1 шай қасық хлорлы әк қосылған ерітіндімен сүртіңіз.

6. Жібек не жүннен жасалған киімдерді майлы дақтардан тазарту үшін қыша тұнбасына салып, жуу керек. Ол үшін 1 стақан құрғақ қышаны суға араластырып, сұйық ботқа күйіне айналдырыңыз. Оны дәкеге құйып, 10 литр жылы суға салып, 2-3 сағатқа тұндырып қоямыз. Киімді жуып болған соң, мүсәтір спирті қосылған сумен (10 литр суға 1 шай қасық) шайыңыз.

7. Трикотажды киім жұмсақ болып қалсын десеңіз, жуып болған соң, глицерин ерітіндісіне шайып алу керек. Ол үшін 2 литр суға 1 шай қасық глицерин құйыңыз. Бұдан кейін, тура сол шамадағы мүсәтір спирті қосылған ерітіндімен (салқын сумен) шаю керек.

8. Жүннен жасалған киімді жұмсарту үшін жуатын суға 1 шай қасық глицерин қосу керек.

Жалғасы бар...

Дайындаған: Фариза Абилова, дереккөзі
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Тегтер: майды тазарту, майды кетіру, майды кетиру, майды тазарту, майдан тазарту, киім тазалау, киім жуу, киімді дұрыс тазалау, киімді дұрыс жуу, киим жуу, киим тазалау, киимди дурыс тазалау, ата-аналарға арналған кеңестер, қыздарға арналған пайдалы кеңестер, керек, қасық, жасалған, киімді, салып, киімдерді, арнайы, түсті, қалған, сулап, дайындалған, ерітіндімен, салқын, мүсәтір, глицерин, Киімді, сумен, қосылған, Сондықтан, жүннен

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]