Қыздарға кеңес

Қыздарға кеңес

✅ Саған адал әйел ✅

Ертеректе бір көпес төрт әйелімен өмір сүрді.

4-ші әйелі: Көпес оны бәрінен қатты жақсы көретін. Әдемі көйлек пен бағалы сыйлықтардың бәрін соның үстіне жапсыратын. Соның күтімін жасап, соны аялап, алақанында ардақтаушы еді.

3-ші әйелі: Көпесі оны да қаты жақсы көрді. Оны сұлулығын мақтаныш көріп, әр жолы реті келгенде достарына көрсетіп қалуға тырысатын. Алайда, ертелі-кеш біреуге кетіп қалар ма екен деген қорқыныш кеудесінен кетпейтін.

2-ші әйелі: Екінші әйелін де жақсы көрді. Екінші келіншегі өте ұқыпты әрі сабырлы болатын. Әр жолы басы дауға қалғанда, содан барып көмек сұрайтын. Қиын уақыттардың бәрінде ол қол ұшын беретін.

Көпестің бірінші әйелі адал, жұмсақ жан еді, әр уақытта көпестің өсіп-өркендеуін тілеумен жүретін. Бірақ, оған көпес назар аудармайтын, назар аударса да, мән бермейтін. Ал ол болса өліп-өше сүйіп қала беретін.

Бір жолы көпес қатты сырқаттанып қалып, алыс-жақында көз жұматынын түсінді. Төсекте жатып, жүріп өткен өз өмір жолына қарап, ойға шомды: "Қазір менің төрт бірдей әйелім бар, бірақ, өлім сәтінде жалғыз өзім ғана қаламын. Ах, қалай жалғыз қаламын..."

Көпес сол сәтте төртінші әйелін шақыртып алды: "Мен сені бәрінен артық жақсы көрдім, бар байлықты, бар жақұтты бір үстіңе үйіп төктім. Енді, міне өлгелі жатырмын. Арғы өмірде бақытты болуым үшін менімен бірге қаласың ба?

"Еш уақытта!" - деді төртінші әйелі, одан артық бір ауыз сөз айтпастан, үйді тастап кетіп қалды. Көпес болса, жүрегіне тікен қадалған күйі, іші удай ашып қала берді.

Қайғы басқан көпес үшінші әйелін келтірді: "Өмір бойына сені қатты жақсы көрдім және алақаныма салып келдім. Өлім сәтінде менің қасымда қаласың ба?"

"Жоқ - деп жауап берді үшінші әйелі, - Өмір кереметке толы. Қалай сен көз жұмасың, артынша басқа бір байға тұрмысқа шығамын. Маған ренжи көрме". Көпестің бұл сөзді естуі мұң екен, жүрегі мұздап кетті.

Арада екінші әйелін шақыртты: "Қиын сәттерге көмек сұрап едім, қол ұшын берумен болдың. Қазір де көмектесесің бе, сен де мені тастап кетпейсің бе?" "Өте өкінішті" - деді ол,- Бірақ, осы жолы көмектесе алмаймын. Қолымнан бар келетіні, жан тапсырғанға дейін қасыңда болып, көрге алып барып тапсыру". Бұл жауапты естіген көпес төбесінен жай оты түскендей халде қалып, ұнжырғасы түсіп кетті.

Кенет тыныштықты дүр бұзған дауыс естілді: "Сенімен бірге барамын. Сен қайда барсаң, мен сонда боламын. Және сені еш уақытта тастап кетпеймін". Көпес басын көтерсе, алдында бірінші әйелі тұр. Арық, жұқа келіншектің жүдеу өңі тұрды. Қатты қапаланған көпес, сондай былай деп тіл қатты: "Қолымнан келген тұста саған артық көңіл бұруым керек еді. Адалдық танытпаппын. Кешір".

* * * *

Шындығы сол, бұл өмірде бәріміздің басымызда 4 әйелден бар...

4-ші әйел - бұл біздің денеміз. Қанша жерден күтім жасап, аялап тұрсақ та, өлім сағатында тастап кетеді.

3-ші әйел - дәулетіміз, атақ-дәрежеміз және бет-беделіміз. Өлгеннен соң өзгенің қолына өтіп кете салады.

2-ші әйел - бұл отбасы мен достар. Бұл өмірде қанша жерден жақын болмасын, өлім сағаты туғанда олардың қолынан бір-ақ нәрсе келеді. Ол - соңғы сапарға ғана шығарып салу ғана.

1-ші әйел - көзге көрінбейтін, физикаға бағынбайтын құдіретті күш. Ол - біздің Жанымыз. Материалдық дүниенің артынан, көңіл құмарлығын қандыру жолында жиі-жи ерік беріп кетіп қалып жатсақ та, ол үнемі артымыздан ере береді. Тіпті, өлгеннен соң да.

Соған қарамастан, адам баласы Жанның бар екенін жоққа шығарады. Ағаштың ішкі дінін қалай көре алмайтын болсақ, оны да дәл солай көре алмайтынымыз ақиқат емес пе?!..
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
пайдалы Қыздарға кеңес кеңес кенестер советы на казахском, пайдалы кенестер кыздарга, полезные советы на казахском языке, Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер, кенес кенестер жігіттерге ерлерге, денсаулыкка арналған кенестер, Қыздарға кеңес

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]