Кеңестер

Сулықтар сыры

Қолды жуу, макияждарды кетіру, жемістерді сүрту, жарақатты тазалау, әйнектер мен айналарды жылтыратып қою, үйді шаңнан тазарту... Аталғандарды бір-бірімен байланыстыратын не болуы мүмкін? Әрине, барлығын да сулықтардың көмегімен жасауға болады. Сулықтардың адамзат тұрмысында пайда болғандығына көп уақыттың жүзі болмаса да, бүгінде кең таралып, көпшіліктің қажетіне жарап жатыр. Тек қана аруларымызды емес, ержүрек бекзадаларымыздың өзін сулықтарсыз елестету қиын.

Испания ханшайымы Изабела Кастильская өмірінде екі-ақ рет: алғашқысы – туылғанда, екіншісі - үйлену тойы күні шомылғандығын мойындаған. Егер де сулықтар сонау ХV ғасырларда пайда болса, ханшайымның бұл әрекетіне таң қалмаған болар едік. ......
Кеңестер
Толық
0 0

ҚАМЫР ИЛЕУ ҚҰПИЯСЫ

Қамыр илей алу — аспаздық қасиеттің асқақтығының белгісі. Қамыр илеп үйрену үшін тәжірибе мен уақыт қажет, оған қоса осы өнердегі құпияларды біліп жүрген жөн.

Бәліштердің тәтті болып пісуінің сыры — ұнды елеп салу. Електен өткізу арасында ұнтағы артық құрамдас бөліктерден арылып, оны ауамен араластырып, қамыр жақсы көтеріледі.

Пісірген нан келесі күні қатып қалмау үшін қамырға картоп крахмалын қосыңыз.

Нан, бәліш, құймақ қамырына ұнтақ жармасын (манка) (жарты литр қамырға бір ас қасық) қосыңыз. Наныңыз ұзақ сақталып, қатпайды ......
Кеңестер
Толық
0 0

Хрустальды әйнек ыдыстан қалай ажыратамыз

Хрусталь сатып алғанда оның таза хрусталь екеніне күмән келтіріп жатамыз. Сондықтан хрусталь ыдысты қарапайым әйнектен ажырату жолдарын бірге іздеп көрейік.

Хрусталь – қорғасын қосылған әйнек. Оны XVII ғасырда Георг Равенскрофт есімді ағылшын әйнек құрамын зерттеп отырғанда кездейсоқ ойлап тапқан. Ол әйнекке қорғасын тотығын қосқанда, әйнек ерекше мөлдір түске ие болып шыға келген. Ол заманда хрустальды тек бай адамдар қолданған. Бүгінде технология дамып, хрустальды қарапайым халық та сатып алатын болды. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Балалары жиі ауыратын аналардың назарына

«Балам ауырғанша, өзім ауырсам...» дегенді аналардың аузынан жиі естиміз. Баланың ауырғаны ана үшін үлкен азаппен тең. Ауырған баласы қатарына қосылғанша ананың жүйкесі де тозып, бар уақыты мен ақшасы да аурумен «күреске» кетеді. Ал бала жиі ауыратын болса, бұл ауыртпалық бірнеше еселенетіні анық.
Әдетте, қатарластарынан жиі ауыратын балалардың есімдерін педиатрлар арнайы топқа, яғни жиі ауыратын балалар тобына кіргізіп жатады. Ал аналар не істеу керек?
Аналар төменде тізілген 10 қағиданы естерінде ұстап, балаларын бұл топтан шығарып алулары керек.

Бөлмесін дұрыс жабдықтаңыз
Баланың өз бөлмесі болғаны жөн. Егер ондай мүмкіндік болмаса, балаңыз ұйықтайтын және уақытының көп бөлігін өткізетін бөлмеде артық заттардың болмауын қадағалаңыз. Айталық, шаң басып тұратын кітаптар, жұмсақ ойыншықтар, тағысын тағы. Мұндай ұсақ-түйектің барлығын беті жабылатын қораптарға салып, күнделікті олардың шаңын сүртіп тұру қажет. Сондай-ақ ойыншықтарының бәрі жуылатын болғаны жөн. Ал таңертең ұйқыдан тұрғанда және кешке жатар алдында бөлменің ауасын тазартып, терезені ашып, таза ауа кіргізу керек. Сонымен қатар күнделікті бөлмені тазалап, дымқыл шүберекпен шаңын сүрту маңызды. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Жеңілдеудің жеңіл жолдары

Адам бойында өкпе-реніш пен ыза-кек жиналған сайын ол ауыр жүкке айнала береді. Әлдекімге деген реніш санаңда сайран сала бастаса, одан тезірек құтылған жөн. Әрине, тек тура жолмен ғана. Адам баласының көңілі кейде нәзік жіптей, ал кейде үзілмес қыл арқандай. Ішіңдегі бұйымтайыңды айтамын деп жақыныңның көңілін суытып алмау үшін не істеу керек? Бүгін біз осы жазба арқылы ішіміздегі бар ауыртпалықтан арылып, жеңілдеуге тырысайық.

1-әдіс: Суретіне қарап ұрысу

Оңашада ашуың келген адамның суретін қабырғаға іліп ап, оған ойыңа келгенін айт. Жасырма, бәрін айт. Өңменінен өтіп кететіндей сөз естіп тұрған өзі емес, жансыз суреті ғой. Қандай ренішің бар? Неге оған ашулысың? Көз алдыңда сурет емес, ол тұрғандай сөйлей бар. Ішіңдегі ашудың азулы арыстанын жайына жібер. Бәрін айтып босап қалған соң баяғы өкпе-ренішің бойыңда қайта қылт етпеу үшін біржола бәрін кешір. Ашуыңды төгіп болған соң, суретті жырт та, қоқысқа лақтыр. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Арапа күні туралы не білеміз?

АРАПА АНЫҚТАМАСЫ
Дінімізде «Арапа» сөзі қасиетті ұлық мерекенің бастауын білдіреді. Құрбан айт мейрамынан алдыңғы күнді «арапа» деп атайды. Ислам тарихына үңілсек, бұл күннің бастауы сонау Ибраһим пайғамбардың  өмір тарыхынан маңызды кезеңді еске түсіреді.
Яғни, зүлхиджа айының сегізі күні Ибраһим пайғамбар түсінде құрбандыққа баласы Исмайылды шалып жатқанын  көреді. Әуелде бұған аса мән бере қоймайды. Көрген түсін жәй түс болар деп ойлаған Ибраһим пайғамбар....


Кеңестер
Толық
0 0

Қашықтан білім алудың артықшылықтары

АҚШ-тың ірі 33 университеті талапкерлердің барлығын қашықтан білім беру бағдарламасы бойынша оқытады, Түркияда ЖОО студенттерінің жартысы ешқашан оқытушысын көрмеген, ал Ұлыбританияда көптен бері оқушылар пәндердің жартысын үйден шықпай-ақ оқиды...
Ғаламтор арқылы білім алу немесе e-learning өзінің тиімділігін әлдеқашан дәлелдеген. Әлемдегі миллиондаған адамдар жаңа білім алудың заманауи әдісін бағалап үлгерді. Оның мұндай керемет танымалдылығының құпиясы неде? Соны талдап көрейік.


Кеңестер
Толық
0 0

Қоғам қайраткерлерін еске алып, бір минут үнсіздік сақтау шариғатқа қайшы ма?

بسم الله الرحمن الرحيم الحمد لله رب العالمين و الصلاة و السلام على سيدنا محمد وعلى آله وأصحابه أجمعين ” أما بعد“


Аса мейірімді, ерекше рақымды Алланың атымен бастаймын.


Барша мадақ атаулы әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың асылы пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның отбасы мен сахабаларына салауат пен сәлем болғай!


Ислам діні адам баласын тірі күнінде де қайтыс болғаннан кейін де құрметтеуге шақырады. Ол жайында Алла Тағала: «Расында Біз адам балаларын қадірлі еттік. Оларды құрлықта және теңізде көліктерге мінгіздік және оларға адал ырыздықтар бердік. Оларды Өзіміз жаратқан көп нәрседен абзал еттік» - дейді......
Кеңестер
Толық
0 0

Қаза намаз - қаза болмасын

Өткізіп алған парыз намаздардың қазасы еске түскен мезетте өтеледі. Ал намаз оқымайтын үш уақытқа тура келіп қалса, өткізіп барып өтейді. Анас ибн Малик Алла елшісінің ﷺ: «Кім намазды ұмытып не ұйықтап қалса, оның кәфараты - есіне түсіргенде оқумен жүзеге асады»,- деген.

Ұйықтап қалу, ұмыту, немесе себепсіз өткізіп...
Кеңестер
Толық
1 0