Кеңестер

Әрбір үйге қажетті дәрілер және алғашқы амалдар және алғашқы көмек

1. Егер жарақат алып қалған жағдайда - иод, зеленка, перекись водорода;
3. Күйіп қалған жағдайда - бепантен, пантенол;
4. Түрлі жарақаттарға - мақта, бинт, лейкопластыр, эластикалық жгут;
5. Ауырсынуды басатын - Но-шпа, темпалгин;
6. Дене қызуын түсіретін - физиологиялық жолмен арақпен дененің лимфа түйіндер орналасқан аймақтарын ысқылау. Егер түспесе парацетамол, терафлю сияқты түрлі дәрілер, бірақ ескеретін нарсе парацетамол, терафлю сияқты дәрілерді қабаттасып қабылдай беруге болмайды. Себебі асқазанға ауырлық түсіп кері әсерін тигізеді. Дене қызуы себепсіз көтерілмейді, ол ауруға деген иммунитеттің жауабы, сол себепті кешіктірмей дәрігерге қаралыңыз. Дәрігер негізгі ауру көзін анықтап, емін тағайындайды; ......
Кеңестер
Толық
0 0

Уақытты үнемдеудің 15 тәсілі

Төмендегі уақытты үнемдеуге септігі тиер кеңестерді оқу арқылы аз мерзім ішінде жақсы нәтижеге қол жеткізе аласыз.

1. Миыңызды артық ақпаратпен шаршатпау үшін барлығын жазып жүріңіз. Жадыңызға сеніп қалмаңыз.

2. Басым талаптар тізімін жасаңыз. Осылайша, қажетсіз істерді екінші қатарға ысырып, бар күшіңізді тек маңыздысына жұмсайсыз.

3. Әр аптаның соңында келер аптаға арнап жоспар құрыңыз. Бір қарағанда, уақытты шығындау болып көрінгенімен, ойдың нәтижелілігін арттырады. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Пияз дене қызуын түсіреді

✅ 1. Пияз дене қызуын түсіреді

Әсіресе балалардың денсаулығына пайдасы мол. Егер дене қызуыңыз көтеріліп тұрса, пиязды кесіп, алма қышқылына салыңыз. Артынша бірнеше тілімін құлағыңыздың үстіне, нәскиіңіздің ішіне салып қойыңыз. Осылайша денеңіздің қызуы жылдам түседі.
✅ 2. Инфекцияны өлтіреді
Ең алдымен, пияз пастасын дайындау қажет. Ол үшін нанның үстіне сүтті қайнатып құйыңыз. Бетіне пиязды үккіштен өткізіп салыңыз. Артынша жараңыздың үстіне жағыңыз. 2-2,5 сағат тұрса, жеткілікті. Бұл рәсімді инфекция толығымен залалсыздандырылғанша қайталауыңызға болад...
Кеңестер
Толық
0 0

Аяқтағы тамырлар көрініп тұрса

Кейбір арулар көктамырлардың түйнеліп кеңеюі мәселесіне шалдығады. Оны қалай емдейміз? Дәстүрлі медицинаны қолданып, «варикозды» кетіруге бола ма?

Сарымсақ
Ақ сарымсақтың тазартылған тілімдерін ұсақтап кесіңіз. Оны сары маймен 1:2 қатынасында араластырыңыз. Дайын қоспаны тамырлары көрініп тұратын жерге жағып, жылы орамалмен орап тастап, ұйықтаңыз. Таңертең аяқты жақсылап жуып, жылы шұлық киіп алыңыз.
Қызанақ
2 жасыл қызанақты кесіп, тамырдың үстінен басып, бинтпен орап тастаңыз. Үш сағаттан соң бинтті шешіп, аяқты жылы суда 15 минуттай ұстау керек. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Шынымен де бетті жасартатын маска

Екі үш аптаның ішінде сіз үш жылға жас көрінетіндей боласыз. Ал үш төрт апта жасасаңыз бес алты жылға дейн жасаруға болады!

Өте оңай қол жетімді мәзір. Дәріханадан кептірілген Ламинария балдырын сатып аламыз.

Ыдысқа 2-3 ас қасық саламыз, 4-5 шай қасық шамасында қайнаған су қосамыз, түсі бір қалыпты болғанға дейін қозғаймыз, Бетін жауып 5-10 минутқа дейін күте тұрамыз суы буланып кеткенше.

Бастысы - көп су қосып жібермеңіз, Әйтпесе бетке жағу қыйынға соғады - жасалған қоспа ағып кететін бола......
Кеңестер
Толық
0 0

Адамның жасына байланысты атаулар

✅ Әр халықтың адамның жасына байланысты атаулар берген. Қазақ халқы адамның жасына қарай мынадай атаулар берген:

1 жасқа дейін – шақалақ, нәресте, сәби
1 жастан 2 жасқа дейін қыз бала – бөпе, ұл бала – бөбек
2 жастан 3 жасқа дейін – бүлдіршін
3 жастан 5 жасқа дейін – балдырған, балауса
6 жастан 7 жасқа дейін – бала, балақай
8 жастан 12 жасқа дейін – ойын баласы, жеткіншек ......
Кеңестер
Толық
0 0

Сарымсақтың пайдасы

✅ Сарымсақты әлемнің кез - келген елінен кездестіре аласыз. Тамақ жасау кезінде астың дәмін келтіру үшін пайдаланады.

✅ Медицинада табиғи антибиотик болып саналады. Өйткені, сарымсақ вирустарға қарсы жақсы қорғаныс болады. Көптеген халықтың халық медицинасында маңызды рөлге ие өсімдіктің
бірі осы сарымсақ.

✅ Ертедегі Гректер мен Римдіктер: “Сарымсақ сарбаздарға батылдық, өжеттік береді” деп сенген. Қытайдағы халық медицинасында ас қорыту жолдары мен тыныс алу жолдарына қатысты ауруларды емдеуге және оба мен тырысқақ індеттерінен қорғану үшін сарымсақ пайдаланылды. Орыс халқы сарымсақты уды кетіру үшін, жылан шаққанда шипа болу үшін, жұқпалы індеттерден сақтану үшін пайдаланған. Тіпті, Қытайда тері ауруларын емдеу кезінде, ревматизм ауруына қарсы және
авитаминозға қарсы пайдаланған екен.......
Кеңестер
Толық
0 0

Нәресте күтімі

Өмірге жаңа келген нәрестені дұрыс күту-оның денсаулығының басты кепілі. Бала ауырмас үшін ана оның денесін таза ұстап, тамағын дұрыс беріп, дұрыс ұйықтата білуі керек.
Кіндігі түсіп, орны әбден жазылғаннан кейін, қайнаған жылы суға ( + 37 С) нәрестені күн сайын кешке жақын шомылдырған жөн. Бұл жағдайда ананың тырнағы өсіңкі болмауы тиіс, ол нәрестені шомылдырар алдында қолын сабындап жуып,
ваннаны ыстық сумен шайып алуы керек. Шомылдырғанда сәбидің кеудесін анасы сол қолының білегіне сүйеп, оң қолымен оның аяғын ваннадағы суға салады.
Нәрестенің құлағына, аузына, мұрнына су кетіп, көзіне сабын кіріп ашытпас үшін, ваннадағы судың деңгейі оның иығына жетер-жетпестей болғаны жөн.
Нәрестені шомылдырудан бұрын, бір ыдысқа оның бет-аузын шаятын қайнаған жылы су, екінші ыдысқа шомылдырып болған соң денесін шаятын (35—36°) су дайындап қойған жөн. Алғашқы күндері шомылдыратын суға аздап марганцовка қосады. Баланы суда 5—7 минуттан артық ұстауға болмайды. Нәрестенің терісі базданып кетпес үшін мойнына, қолтығына, шатына вазе¬лин немесе өсімдік майын жағады. Өсімдік майын 10—: 15 минут қайнатып, суытып, арнаулы ыдысқа құйып қоюы керек.......
Кеңестер
Толық
0 0

Ең бірінші жұмаққа кіретін әйел

Бір күні ардақты Мұхаммед Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қызы Фатима әкесінен сұрайды:
- Әкетай! Дүние жүзінде ең бірінші жұмаққа кіретін кім?
- Анау төменгі ауылда, пәлен үйде тұратын бір кісі бар. Бірінші жұмаққа кіретін сол.

Хазреті Фатима бұл кісіні көруге құмартады. Айтқан үйге барып, есікті қағады. Арғы жақта қартайған бір әйел кісінің дауысы шығады:
- Бұл кім екен?
- Мен ғой, Фатима. Хазреті Пайғамбардың қызы Фатима. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Жеңілдеудің жеңіл жолдары

Адам бойында өкпе-реніш пен ыза-кек жиналған сайын ол ауыр жүкке айнала береді. Әлдекімге деген реніш санаңда сайран сала бастаса, одан тезірек құтылған жөн. Әрине, тек тура жолмен ғана. Адам баласының көңілі кейде нәзік жіптей, ал кейде үзілмес қыл арқандай. Ішіңдегі бұйымтайыңды айтамын деп жақыныңның көңілін суытып алмау үшін не істеу керек? Бүгін біз осы жазба арқылы ішіміздегі бар ауыртпалықтан арылып, жеңілдеуге тырысайық.

1-әдіс: Суретіне қарап ұрысу

Оңашада ашуың келген адамның суретін қабырғаға іліп ап, оған ойыңа келгенін айт. Жасырма, бәрін айт. Өңменінен өтіп кететіндей сөз естіп тұрған өзі емес, жансыз суреті ғой. Қандай ренішің бар? Неге оған ашулысың? Көз алдыңда сурет емес, ол тұрғандай сөйлей бар. Ішіңдегі ашудың азулы арыстанын жайына жібер. Бәрін айтып босап қалған соң баяғы өкпе-ренішің бойыңда қайта қылт етпеу үшін біржола бәрін кешір. Ашуыңды төгіп болған соң, суретті жырт та, қоқысқа лақтыр.......
Кеңестер
Толық
0 0