Кеңестер

Үй шаруашылығына керекті кеңестер

✅ Мақталы киімге тиген дақтан арылуға пияз көмектеседі. Пияз шырынын даққа жағып, 24 сағатқа қою керек. Кейін киіміңізді əдеттегідей етіп жуып ала бересіз.

✅ Тоңазытқыштағы жемісіңіз ұзақ сақталсын десеңіз, жеміс жатқан жəшік түбіне газеттен басқа кез келген қағазды қоюға болады. Оны əрдайым ауыстырып тұруды ұмытпаңыз.

✅ Лимон қабығын тастамаңыз. Ыдыс жуып жатқан кезде суыңызға салып қойсаңыз, ыдысыңыз жылтырап, жаңа бір өңге ие болады.

✅ Егер пердеңізге антистатик сеуіп қояр болсаңыз, пердеңізге айтарлықтай шаң тұрмағанын байқайсыз.

✅ Егер аяқ киіміңіздің өкшесі тықылдайтын болса, оған кастор майын жағып, бір түнге қалдырыңыз. Ертеңіне сабын суға жуылған дымқыл шүберекпен сүртіп алу керек. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Эндометрит

Эндометрит - жатырдың кілегей қабатының қабынуы. Асқынған аборттар, босанулар, жатыр қуысын диагностикалық қыру, гистеросальпингография және басқа да жатыр ішілік араласуларынан кейін жиі кездеседі. Қабыну процесі барлық кілегей қабатқа тарауы мүмкін немесе ошақтық сипатта болады. Эндометриттің ауыр түрінде процесс диффузды және ошақты түрде болып бұлшық етке тарайды.

Клиникасы. Дене қызуының көтерілуі, іштің төменгі бөлігіндегі және шап аймағындағы ауырсынуға, іріңді сұйық, кейде жағымсыз иісті (ішек таяқшасы) бөлініске шағымданады; эндометрийдің эпителий жабындысының кейбір аймақтары десквамацияланып, нәтижесінде іріңдіге қанды бөлініс қосылады. Қынап арқылы зерттегенде жұмсақ консистенциялы, аздап ауырсынатын жатырды анықтаймыз. Жиі қабыну процесі лимфатикалық капиллярлар және қан тамырлар арқылы бұлшық ет қабатқа (эндомерит) және қоршаған қабатына тарайды......
Кеңестер
Толық
0 0

Ошаған майының пайдасы

Бүгінде көп қыздың әңгімесі әсіресе шаш күтіміне келгенде, ошаған майымен (репейное масло) тығыз байланысты болып кеткені жасырын емес. Қыздардың біразы шаштарын ошаған майымен жуып, қорытындысын мақтанышпен айтып жүр. Неге десеңіз, ошаған майы:

✅ Шаштың түсуін тоқтатады;
✅ Шашты өсіреді;
✅ Шашқа рең беріп, нәрлендіреді.
Дегенмен ошаған майын қалай қолдану керектігін білмей жататынымыз бар. Ошаған майын аларын алып алып, шашқа қалай жағу керектігін білмегендіктен, жақсы нәтижеге жете алмауымыз мүмкін......
Кеңестер
Толық
0 0

Колледжге қалай тегін оқуға болады?

Жаңа кәсіпті тегін қай жерде игеруге болады және ол үшін қажетті құжаттарды қалай реттеу керек? Бұл материал осындай сұрақтар мазалайтын жастарға арналады.

2015 жылы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Елбасы жастарға жұмысшы кәсібін игеру керектігін, бұл саладағы білікті мамандарға сұраныстың ешқашан азаймайтынын баса айтқан.....
Кеңестер
Толық
0 0

«7-20-25» бағдарламасымен «Нұрлы жердің» тұрғын үйін қалай сатып алуға болады

Нарықтан үй алғанда «7-20-25» қатысушылары пәтерді құрылыс компанияларының сату бөлімдері арқылы таңдаса, мемлекеттік тұрғын үйді алған кезде пәтерлер туралы ақпаратты жергілікті әкімдіктерден нақтылау қажет деп хабарлайды Елорда Инфо «Баспана» ипотекалық ұйымына сілтеме жасап.
Кеңестер
Толық
0 0

Құрбандық қалай шалынады?

Құрбан айтта құрбан шалудың үкімі қандай? Құрбан шалу кімдерге уәжіп? Құрбан қай уақыттан бастап шалынуы тиіс? Құрбандыққа қандай малдар шалуға болады? Бірігіп құрбан шалуға бола ма? Құрбандыққа қандай малдар жарамайды? Құрбан шалуда басқа біреуге өкілдік беруге бола ма? Құрбан малы қалай шалынады? Құрбандыққа шалынған малдың қандай ағзалары желінбейді? Құрбандыққа шалынған малдың еті мен терісі қалай үлестіріледі? Құрбандыққа арнайы мал алып соймай, орнына сол құрбанның құнын ақшалай садақа ретінде кедейлерге беруге бола ма? Көз жұмған кісі үшін құрбан шалуға бола ма? Ақиқа құрбаны деп қандай құрбанға айтылады? Нәзір құрбаны деген не?
Кеңестер
Толық
0 0

Бір минут ішінде

-Фатиха сүресiн 5 мәрте қайталап оқи аласың әрi осы үшiн саған 7000 жақсылық жазылады.
-Ықылас сүресiн 15 мәрте оқи аласың. Яғни, Құранды бес рет оқып шыққандай сауап аласың.
-«Лә иләһә иллаллаһу уахдаһу лә шәрикә ләһ, ләһул мулку уә ләһул хамд, уә һуа ъала кулли шайин қадир» дұғасын 20 мәрте қайталай аласың. Яғни Аллаһ жолында Исмаилдың сегiз ұлын босатқандай боласың.
-«Субханаллаһи уа бихамдиһ» дұғасын 100 мәрте айт аласың әрi күнделiктi күнәларың кешiрiледi.
-«Лә хаулә уа лә қууата иллә билләһ» дұғасын 40-тан аса қайталай аласың. Ал бұл жаннаттың байлықтарының бiрi.
-«Астағфируллаһ» деп 100 мәрте айта аласың. Яғни Аллаһтан күнәларының кешiрiлуiн сұрау. Истиғфар айту – күнәлардың кешiрiлуiне, жәннатқа кiруге, қуатты болуға, бәленiң алдын алуға, өмiрiңнiң жақсаруына, жаңбырдың жаууына, бала-шаға мен дүниенiң көбеюiне себепкер болады.......
Кеңестер
Толық
0 0

​Ангинаны 8 түрлі жолмен емдеуге болады

Баспа ауруын басып емдеуге болмайтынын аты айтып тұр. Сонда да тамақтағы ісікті басатындар бар ел арасында. Бірақ бұл әдіс аурудан айықтырмайды, керісінше асқындырады. Сондықтан да ангинаны ешқашан басушы болмаңыз. иллюстрациялық

Баспа (ангина) – бадамша безінің қабынуынан белең алатын ауру. Тамаққа түскен инфекция қызуды көтереді, тамақты қызартады, әлсіздікке бой алдырады, басы ауырып, жұтынған кезде қиындық туындайды. Осы белгілер байқалған кезде дәріханада сатылатын емдік шөптер арқылы аурудың алдын алыңыз. Сізге көмек ретінде 8 әдісті ұсынамыз. ......
Кеңестер | Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық
0 0

Жиһаз күтімі

Жиһазды ұзақ уақыт қолданғыңыз келсе, оған дұрыс күтім жасау керек. Оны пеш пен орталықтан жылыту батареяларына жақын және күннің көзі тікелей түсіп тұратын орындарға қоюға болмайды.Жылу мен күн көзінің әсерінен жиһаз қақсып, қисайып, оңып кетеді.

Лак жағылған және жылтыратып өңделген жиһаздың бетіндегі шаң мен кірді ешқашан дымқыл шүберекпен немесе сумен кетіруге болмайды. Бұдан өңі күңгірттеніп қана қоймай, мебельдің бетіне ұсталған фанер қабаты ажырап кетуі мүмкін.

Жиһазды, оның лак жағылған және жылтыратып өңделген бетіндегі шаңды таза құрғақ фланель, шұға немесе пүліштің қиындысымен сүртіп тазалайды. ......
Кеңестер
Толық
0 0