3 жасқа дейінгі балаларға зиянды 10 тағам
Күнделікті балаларымызға ұсынып жүрген тамақтарымыз оның ағзасына пайдасыз, тіпті, зиянды болуы мүмкін. Сондықтан диетолог мамандар ата-аналарға баланың ас мәзіріне абай болуды, жіті қадағалауды ұсынады. Дүкен сөрелеріндегі көз сүрінетін картоп қытырлақтарының, газды сусындардың, фри т.б. зиян екенін барлық аналар біледі. Бірақ біз білмейтін зиянды астар саны мұнымен шектелмейді екен. Мамандар 3 жасқа толмаған сәбиге қажетсіз он тағамның тізімін қаперге салады.
*Еттен, балықтан дайындалған сорпа. Қайнау кезіндегі олардан бөлінген түрлі элементтер баланың азқазан-ішек жолдарына кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан сәбиге оны жиі ішкізбеңіз.
*Шұжық. Оның құрамындағы түрлі қоспалар мен тұздардың пайдасыз екенін бәріміз білеміз. Шұжықтың майлы екенін де ескеріңіз.
* Қызыл және қара уылдырық. Бұл деликатес тағамның дәрумендерге бай екенін жиі естиміз. Сондықтан жиі қолдануға тырысамыз. Бірақ оның бойында тұздың көп болуына байланысты баланың асқорыту жүйесіне ауырлық қылуы мүмкін.
*Теңіз өнімдері. Балаңыздың тәбеті жақсы болса, дәмді етіп әзірленген кальмар мен асшаяннан бас тартпауы мүмкін. Алайда мамандар кішкентай ағзаға бұл өнімдерді жиі қолдануға кеңес бермейді.
*Тұздалған көкөністер. Кәді қоспасы, зәйтүн, тұздалған қияр т.б. Кей балалар тұзды тағамдарға құмар келеді. Алайда артық мөлшердегі тұздың ағзаға зиян екенін естен шығармаңыз.
*Саңырауқұлақ. Саңырауқұлақтың қай түрін болса да мектеп жасына дейінгі балаларға ұсынбағаныңыз жөн. Өйткені ол асқазанға ауырлық қылып, асқорытуды бұзуы мүмкін.
*Жылтырлатылған (глазурленген) ақ ірімшік. Пайдалы дәрумендер бұларға қарағанда кәдімгі ірімшікте көбірек болады.
*Балмұздақ. Алдымен сыртындағы ақпараттарын оқыңыз. Құрамымен танысқан соң оны балаға бергіңіз келмейтініне күмәніміз жоқ.
*Тәтті бөлке нан. Сонымен қатар, печенье, вафли, торт. Ұннан әзірленген тағамдар асқазанға ауырлық қылады. Оның үстіне ағзаға артық май, қант жинауға жағдай жасайды.
*Шоколад. Сәбиден бұл тәттіні алысырақ ұстай тұрыңыз. Ол аллергия тудыруы мүмкін. Өйткені тәтті кәмпиттің, шоколадтың құрамында жасанды қоспалар көптеп кездеседі. Және толысуға, артық салмақтың пайда болуына әкеледі.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: