Аналарға кеңес: Тәттілердің пайдалы түрі бар ма?
Әдетте тәтті тағам семіртетіндіктен, арықтағысы келетін адамдар тағам мәзірінен оларды алып тастауға мәжбүр. Алайда ағзаның дұрыс қызметі үшін тәттілерді белгіленген мөлшерде жеп тұру керек.
Олар:
1. Қара шоколад
Сүтті шоколадтан бас тартып, қара шоколадқа өтуіңізге тура келеді. Оның құрамында калорий аз әрі антиоксидант, флавоноид, кальций, ағуыз, темір, магний және дәрумен секілді пайдалы заттар көп.
2. Зефир
Басқа тәттілерге қарағанда зефирдің құрамында калорий әлдеқайда аз. Темір мен фосфор бұлшық еттерді қатайтатын ағуыздарға бай.
3. Жеміс қағынан жасалған кәмпит (пастила)
Аз мөлшерде жесеңіз, дене сымбатына зиян келтірмейсіз. Ол мармелад секілді радиацияның кері әсерін азайтып, ағзадан ауыр металдардың тұзын шығарады.
4. Мармелад
Құрамындағы пайдалы компонент – пектиннің холестерин құрамын азайтатын қасиеті үшін пайдалы тәттіге жатады. Сондай-ақ пектин ағзадағы токсиндерді шығарып, ішек-қарын жолдарының қызметін қалыпқа келтіреді. Мармеладтың құрамында калорий аз.
5. Бал
Балдың құрамындағы калорий деңгейі қанттың құрамымен теңдес. Алайда қант балдан да тәтті болғандықтан, шайға ендігәрі қанттың орнына бал қосуды әдетке айналдырыңыз. Сондай-ақ балдың құрамында ағзаға қажет дәрумен, минерал мен аминоқышқылдар баршылық. 100 грамм балдың құрамында магний, марганец пен темірдің тәуліктік нормасы бар.
6. Халуа (халва)
Ол өте дәмді болып келуімен қоса ағзаны жасартатын қасиеті бар. А, Е және В тобының дәрумендері теріге игі әсер етіп, жүрек тамырлар жүйесін мықты етеді. Халуаны бұрыннан бері косметикалық құрал ретінде қолданады.
7. Цукат
Цукат – құрамында бета-каротин, токоферол және аскорбин қышқылы секілді бағалы дәрумендері бар табиғи азық. Цукат есте сақтау қабілетін жақсартып, жүйкені «билеуге» көмектеседі. Сонымен қатар ол өте пайдалы әрі құрамында калорий аз.
8. Тосап
Тосап дәрумендер мен минералдарға бай. Алайда пайдалы заттарын жойып жібермес үшін оны әдеттегідей қайнатуға болмайды. Тосаптың ішіндегі ең пайдалылары – таңқурай, айва, қызыл тал мен жаңғақ тосаптары.
9. Құрақ қанты
Тазартылған ақ қанттан қоңыр құрақ қанты әлдеқайда пайдалы. Оның құрамында кальций, магний, темір, фосфор, калий секілді пайдалы микроэлементтер баршылық.
10. Жеміс-жидектер
Олардың құрамында денсаулық пен ұзақ өмір сүруге әсер ететін дәрумен, микроэлементтер, минералды тұздар мен антиоксиданттар мол. Органикалық қышқылдар, эфир майлары, ағуыз, көмірсулар, илік заттар, пектин мен жасұныққа бай болғандықтан, құнарлы азыққа жатады. Арықтағысы келетіндерге жасұныққа бай жеміс-жидектер жақсы көмекші болады.

Дайындаған: Фариза Абилова, дереккөзі
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: