Ер азамат жұбайынан не күтеді?
Ер азамат отбасын құрмас бұрын көп ойланады. Мың қыздың ішінен өзінің өмірлік жарын таңдау қашанда қиын болмақ. «Ер азамат жұбайынан не күтеді?» деген ой қыздар қауымын жиі мазалайтыны анық. Ал біз осы сұрақтың жауабын іздеп, сіздерге ұсынып отырмыз:
1) Отағасы жұбайының бей-берекет бөгде ерлермен араласпағанын, егер қажеттілік бола қалған жағдайда орнымен сөйлеп, шектен шықпағанын;
2) жұбайының өзінің сырт келбетіне көңіл бөлгенін және үнемі таза әрі әдемі болып жүргенін;
3) өзіне керек екенін сездіргенін;
4) дөрекі сөйлемей, өзін құрметтеп, сыпайы қарым-қатынас жасағанын;
5) рухани қолдау көрсеткенін және өзіне сенгенін;
6) өзінің құпиялары мен кемшіліктері туралы ешкімге, тіпті жақын туысқандарға да айтпағанын;
7) өзін сыйламай, өзге ерлердің артықшылықтары туралы айтпағанын;
8) жұмыстан келгенде күлімдеп қарсы алып, жағдайын жасағанын;
9) ата-анасын құрметтегенін;
10) кішігірім кемшіліктеріне назар аудармай, кешірімді болғанын;
11) балалардың көзінше ұрыс-керіс шығармағанын;
12) отбасылық құпияны өзгелерге айтып, ерін жамандамағанын;
13) орынсыз қызғанбағанын;
14) балаларға білім мен дұрыс тәрбие бергенін;
15) өсек-аяңға, күмәнға себеп болатын әңгімелерден, артық ауыз сөздерден аулақ болғанын қалайды.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: