Жігіт пен қыз қанша уақыт кездескені дұрыс?

Жігіт пен қыз қанша уақыт кездескені дұрыс?

Бұл өмірде түрлі тағдыр бар. Бір жұп 4-5 жыл кездесіп, тәуекелге барып, некелесу күнін белгілеп қойғаннан кейін де ажырап жатса, енді бір жұп бір айға жетер-жетпес уақытта танысып үлгерместен үйлене салады. Жастар тілінде жігіт пен қыздың жүруі деген сөзді кездесуі деп алайық. Қос ғашық танысып-білісіп, таңдауына өкінбес үшін қанша уақыт қажет?

1-6 ай. Адамды қанша уақыт өтсе де толық тани алмауымыз мүмкін. Бірақ балаларыма әке (ана), өзіме өмірлік серік болады деп тоқтаған жарымызды кемшіліктерімен бірге қабылдауымыз керек. Ал басты олқылықтарын тану үшін бұл уақыт тым аз. Егер таңдағаныңыз бұрыннан көріп-біліп жүрген көршіміз не сыныптас, курстас, досымыз болса, ойлануға тұрады.

1-2 жыл. Құмсағаттың құмындай сырғып, білінбей өте шыққанымен, бұл аз уақыт емес. Осы кезеңде бір-бірімізге бар жағымсыз мінезімізді көрсетіп, оған төпеп беру жолдарын меңгереміз. Қай әрекетіне қалай жауап беру керек екенін және бізге қандай жауап қататынын алдын ала сезіп білеміз. Сезімнің оттай лаулап тұрған шағында ақ некеге отыру – ең дұрыс шешім.

3-4 жыл. Өткен жылдармен салыстырғанда бұл кезеңде бір-бірімізді аса жақын тани түсеміз. Дау-дамай жиі туындап, жалығу сезімі пайда болуы да ғажап емес. Қазірден бір-бірімізден жалықсақ, өмір бойы қалай бірге тұрмақпыз деп қам жемейік. Некелік өмір өзгерек болса керек. Ұрыс-керістен арадағы сыйластыққа селкеу түспей тұрғанда, отау құрып, отбасы болуға асыққанымыз жөн.

5-6 жыл. Қайтарылмайтын уақыттың қалай өтіп жатқанын аңғармай, бірімізге біріміз ерлі-зайыптылар көзімен қарап, азаматтық некеде тұрғандай боп кетеміз. Бұл – қазақ қоғамына жат. Неке, той деген ұғымдар бастапқы маңызынан ажырап бара жатқандай болады. Бәрін қойшы, балалар ше? Болашағына алаңдап, соңынан ұрпақ қалдыруды ойлайтын жан мұнша созбаса керек.

Неке, шаңырақ ұғымдары бейжай қарайтын баланың ойыншығы емес. Махаббатсыз, мәжбүрліктен бірге тұрып жатқан жанұялар қатарын көбейтпей, сүйгенімізге уақытында қосылғанға не жетсін!

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: Самат Калбаев
дереккөз
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жігіт пен қыз, қыз бен жігіт, кездесу, уақыт, махаббат, сезім, ұрпақ, бақыт, мәжбүр, танысып, керек, деген, қанша, қалай, ажырап, бірге, ғашық, білісіп, алайық, сөзді, жүруі, өмірде, таңдауына, өкінбес, бірімізге, кезеңде, қажет, қыздың

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]