Қол мен тырнақ күтімі. Ерлер білуге тиіс 7 жағдай

Қол мен тырнақ күтімі. Ерлер білуге тиіс 7 жағдай

Ерлердің тырнақ күтімі дегенде, әрине, біз тырнақ өсіру немесе оны бояп жүруді айтпаймыз. Саусақтың шымырлығын арттыра отырып, оның терісінің саулығын бақылаудың өзі бізге жетіп артылады. Егер қарапайым (саусақпен асылып, турникке тартылу, «груша» ұру сияқты) жатығулар саусақтарымызды шынықтырса, саусақтың саулығын күнделікті күтім ғана қамтамасыз етеді. Барыңызды базар етіп, «нан табатын» саусақтарыңызды күте білу заманауи жігітке қажетті қабілет. Сонымен, бастайық:

1) Егер осы мақаланы оқып отырған болсаңыз, қолмен қоқыс тазалап, кетпенмен арық қазуды кәсіп қылмағаныңызға шүкірлік етіңіз. Шүкір етіп ғана қоймай, табиғат ананың бізді жануарлардан ерекшелеп, епті қылған сыйлығына, яғни айналдырған он саусағыңызға мұқият көңіл бөлмеген болсаңыз, бүгіннен бастауға еш кедергі жоқ. Өйткені заман талабына сәйкес тіпті ханзададай киініп тұрсаңыз да, қисық-қисық кемірілген тырнақ, күйелеш-күйелеш қол мен терісі жарылып, қабыршақтанған саусақтар абыройыңызға жақсы әсер етпек түгілі, аяушылықтан басқа сезім тудырмайды да. Олай болса, ерлерге арналған маникюр деген сөзді естігенде, «атаңанәлет қызтекелердің ісі» деп түкірініп, шошу мүлде орынсыз.

2) Маникюр сөзінің құрамына үңілсек, ол латынның Manis (қол басы мен саусақ) және Curіs (ем, күтім) деген сөздерінен құралған. Қуанышымызға орай, еркектердің тырнақ пен саусақ күтімі, әйелдердікіндей аса күрделі ритуал емес.

3) Ерлерге ұзын тырнақ өсірудің мүлде қажеті жоқ. «Биылғы сән ағымына сай тырнақты қалай бояу керек» немесе «мына көйлекпен қандай жасанды тырнақ жапсырған дұрыс» деген сияқты терең эстетико-философиялық ойларды да әйелдер мен қызтекелер қауымына қалдырамыз. Ал бізге небары қолымыздың таза, саусақ терісінің сау болғаны, сондықтан тырнақты тазартып, қысқартып отыру міндет. Тырнақ алу үшін қайшы керек (бағасы дүкендерде 300 теңгеден жоғары қарай), брелок түріндегі тырнақ алғыштар ыңғайлы болғанымен, көп жағдайда тырнақты қисық алады, сондықтан оған қоса кішкентай арнайы қайшыңыз болса тіпті жақсы. 4) Тырнақтың пішінін мен түбіндегі, жан жағындағы артық етті түзеу керек. Арнайы егеу және тырнақ түбінің етін алатын саймандарыңыздыда дүкеннен сапасына қарай 500-3000 теңгеге алуға болады.

5) Саусақтарды қолға арналған арнайы кремдермен ылғалдап отырған артық болмайды. Ол үшін арсеналыңызда ең кемі қол кремі (дүкендерде 400-1000 теңге көлемінде түр-түрі бар), Және қол күтімі жылына бір рет болатын күрделі науқан емес, күнделікті әдетке айналса игі.

6) Ағзаны қажет мқлшерде кальциймен қамту керек. Әдетте пиковит, витрум, дуовит (ерлерге арналған) сияқты мультидәрімендерінде бір күндік кальций мөлшері бар. Бағалары 1000 теңгеден 3000 теңгеге дейін, мөлшеріне байланысты.

7) Әдетте орташа еркек саусақтарын күнделікті өмірде я балғамен қолын соғып алады, я қысқашпен қысып алады және цемент, әк, топырақ, темекінің түтіні (егер темекіге әуес болса) сияқты зиянды заттардың әсеріне әйелдерге қарағанда жиірек ұшырайды және саусақтарымыздың тамырлары әйелдердікіне қарағанда теріге жақынырақ орналасқандықтан зақымдалуы оңай.

Сондықтан жоғарыда айтылған шаралармен қатар, күрекпен жұмыс жасағанда, немесе жаттығу залында салмақпен жұмыс жасағанда, жалпы қара жұмыс істегенде қолға міндетті түрде арнайы қолғап кию, лас жұмыстан кейін қолды жұмсақ сұйық сабынмен мұқият жуу сияқты алдын алдын алу шаралары да қол күтімі мәселесін біршама жеңілдетеді.


Дереккөзі: Beu.KZ
Автор: Асқар Базарбай (Gastarbaiter)
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Қол мен тырнақ күтімі, Ерлер білуге тиіс 7 жағдай, тырнақ, сияқты, күтімі, немесе, күнделікті, болсаңыз, саулығын, мұқият, жұмыс, алады, арналған, болса, бізге, деген, арнайы, терісінің, керек, саусақ, тырнақты, күтім

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]