Ер адам әйеліне «жақсы көремін» деп айтуы керек пе?

Ер адам әйеліне «жақсы көремін» деп айтуы керек пе?

Кейбір ерлі-зайыптылар бір-бірінің арасында сезім қалмағанын, араларында салқындық пайда болғанын айтып жатады. Оның себептері де әртүрлі болуы мүмкін. Солардың бірі – бір-біріне «сені жақсы көремін» деп айтпау. Кейбір ер адамдар әйеліне сезімін білдіруді артық санайды, «ол дұрыс емес», «ондай жастан өтіп кеттік», «айтқанда не пайда» немесе «әйеліне бағынышты еркектер ғана айтады» деп ойлайтындар да аз емес. Шынында, ер адамдардың әйеліне сүйіспеншілігін білдіріп, жылы сөзін айтуы керек пе? Ол дұрыс па?

Негізінен, Алла тағала ерлерге әйел адамға мейірімділікпен қарауға, жақсы қарым-қатынас жасауға бұйырады. Бұл жайлы Қасиетті Құранда: «Әйелдеріңмен жақсы тұрып, жақсы қарым-қатынаста болыңдар» делінген («Нисә» сүресі, 19-аят).

Әйел адам табиғатынан нәзік болғандықтан күйеуінен жылы сөзін, қамқорлығын, мейірімділігін көруді қалайды. Ал ерлі-зайыптылардың, бауырлардың, жақындардың бірін-бір жақсы көріп «сені жақсы көремін» деп айтулары да сауапқа жатады.

Алла елшісі (с.ғ.с.): «Алла тағала қиямет күні: «Менің разылығым мен ұлылығымның құрметі үшін бір-бірін жақсы көрген құлдарым қайда? Менің көлеңкемнен басқа пана болмаған осынау күні оларды Өзімнің көлеңкеме саялатамын», – деп айтады», – деген (Муслим, бирр 37).

Бір ғана жылы сөз жүректерді жылытып, ерлі-зайыптылардың сүйіспеншіліген арттырады, оларды жақындастыра түседі, әрі сауапқа кенелтеді. Сондықтан бір-біріңізден жылы сөздеріңізді аямаңыздар, «сені жақсы көремін» деп жиі айтыңыздар!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жақсы, көремін», Кейбір, «сені, әйеліне, жатады, дұрыс, жастан, салқындық, «айтқанда, «ондай, емес», артық, санайды, зайыптылардың, бірін, қарым, оларды, зайыптылар, тағала, біріне, сауапқа, сөзін, Солардың, айтады», араларында, мүмкін, пайда, ерлерге арналған кеңестер

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]