Сүт тағамдарының адам ағзасына тигізер пайдасы
1. Сүт өнімдерінде кальций бар, сүйекті, тісті нығайтады, бұлшық еттің қызметін жақсартады, қанның түзілуі үшін қажет, тәннің жұқпалы ауруларға күресін күшейтеді. Сонымен қатар сүт адам ағзасын артық салмақ қосудан сақтайды. Сүттің құрамындағы кальций ағзадағы майдың желінуіне әсер етіп және оның жиналуына кері әсер етеді екен. Ал американдық ғалымдар майлылығы аз сүт жүрек ауруларына, әсіресе қан қысымының көтерілуі мен инсультке шалдығуды 50 % кемітеді дейді Сиырдың сүті несеп ауруларына пайдалы, ойды ұшқырлайды, уланғанда көмектеседі. Японияның Ұлттық институты /Токио/ жасаған зерттеулерінің қорытындысы бойынша асқазанның ракпен ауруының болдырмауының алғашқы профилактикасы сүт тағамдарын қолдану болып табылады. Сүтті жөтелгенде, суық тигенде ішеді. Адам организмі уланған жағдайда да сүтті қолданады. Ауырған кезді тосып отырмай күнделікті сүтті ішіп отырған денсаулыққа пайдалы.
2. Уыз - жаңа туған сәби мен жас төлдің ауруға шалдықтырмайтын ерекше құрамдар көп бөлшекте болады. Мысалы: белок жай сүтте қарағанда 4 - 8 есе артық, дәрумендер Д, Е, В - 2, РР, В - 12 және темір 3 - 6 есе артық, сонымен қоса минералды элементтер де жоғары болады.
3. Ірімшік құрамында цинк бар. Сүйек және шеміршектің қалыптасуына көмектеседі. А дәрумені, ірімшікте өте көп кездеседі. А дәрумені - көздің көру қабілетін жақсы сақтау үшін қажет.
4. Майлы сүзбеде фосфор бар. Жүйке жүйесі, мидың қалыпты жұмыс істеуіне қажет, зат алмасу үрдісіне белсене қатысады. Ойлау, еске сақтау қабілетін арттырады.
5. Айранның құрамындағы қышқыл асқазан ауруына пайдалы.
6. Сары май ішкі ағзаны жұмсартады, әл - қуатты арттырады, дененің қызуын қайтарады. Май ағзаға тек энергиялық қуат үшін ғана емес, пластикалық мақсат үшін де қажет. Ол дегеніміз жаңа клетка құрылымын жасау керек. Адам майлармен бірге А, Д, Е дәрумендерін де алады.
А дәрумені – көздің көру қабілетін жақсы сақтау үшін қажет. Ағзаның бірқалыпты өсуін қамтамасыз етеді. Егер бұл дәрумен жетіспесе, адамның жүзі солғын тартады, терісі, шашы құрғақтанып, қабыршықтанады, безеу бөртпелері пайда болып, тырнақтары сына береді, жарықтан жасқанып, көзі күндіз көріп, түнде көрмейді.
Д дәрумені – ағзада кальций мен фосфор тұздарын сіңіруге көмектеседі. Бұл дәрумен жетіспеген жағдайда бала мешел ауруына шалдығады.
Е дәрумені – бұлшық еттердің қызметін жақсартады. Ол маймен қатар, сүттің құрамында болады.
Тортасын айырған майды құрғақ жөтел кезінде 1 қасық күніне 3 рет ішсе жөтелді тез басады. Себебі тамақты жібітеді.
7. Құртты өкпе, асқазан, сүйек ауруларына ем және суық тиіп ауырғанда сорпаға қосып ішкен дұрыс. Дәрігерлер қазіргі кезде балаларға құртты үнемі жеуді ұсынады.
8. Сыр кариестің алдын алады. Себебі 60% кальций құрамын күшейтеді. Сілекейді молайту арқылы кариес пен қызыл иекті қабындыратын заттардың пайда болуына кедергі жасайды. Ағзада тез сіңеді. Оның құрамында белок, сүт қышқылы, темір және магний бар. Құрамындағы кальций тұзы мен фосфор сүйек ұлпасы, жүйке жүйесін қоректендіру және қан құрамында гемоглобинді түзеуіне әсер етеді.
9. Сары су қант диабетімен ауырғанда қанттың төмендеуіне әсер етеді. Артық салмақтан арылуға, қан тамырларының кеңеюіне әсер етеді.
Сүт тағамдарының адамның ағзасына пайдасы бола тұра қаймақ пен майды көп мөлшерде жеу адам ағзасына зиянын келтіреді. Өте майлы болғандықтан көп мөлшерде қолдану бауырдың ауруына әсер етеді.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: