Тұмау мен суық тиіп аурудан сақтану жолдары
Тұмау мен суық тиіп аурудан сақтану жолдары
Тұмау мен суық тию белгілері жағынан ұқсас жұқпалы аурулар болып табылады. Бұл ауру түрімен халықтың көпшілігі ауырады. Суық тию – мұрын мен тамаққа әсер береді, ал тұмаумен ауырғанда тыныс жүйесіне әсер береді; дәл осы ауруға арнап шығарылған дәрі түрі жоқ. Бұл ауруларды адам ағзасы өзі де жеңе алады, кейде елеулі асқынулар болуы мүмкін. Иммундық жүйені нығайту және суық тию мен тұмаудың алғашқы белгілері білінісімен гигиенаны бақылай отырып, сауықтыру шарасын жүргізіп, кез келген асқынуларды болдырмауға болады.
- Гигиена сақтау
- Иммунитетті күшейту
- Тұмаудың бастапқы белгілері білінген кездегі емдеу шаралары.
● 1-бөлім. Гигиена сақтау
1) Қолыңызды жуыңыз. Суық тию мен тұмаудың алдын алудың ең тиімді және қарапайым шараларының бірі – қолды жиі және мұқият жуу болып табылады. Бұл қоғамдық орында, ауада, заттардың бетінде қонған бактериялар мен вирустардың әсерінен болатын тұмау және суық тиюдің таралуын азайтады. Қолды сулаңыз да сабындап 20 секундтай жуыңыз, алақаныңыз бен қолдың сыртын, саусақ араларын, тырнақ астын түгел сабын тигенін қадағалаңыз. Қолды сумен жақсылап шайып таза орамалмен сүртіңіз. Қолды жууға мүмкіндік болмаған орында пайдаланатын, қолға арналған арнайы дезинфекциялау құралын алып қойған жөн.
2) Мұрын және ауызды жабу. Жөтелу немесе түшкіру кезінде ауызды, мұрынды қолмен немесе қағаз орамалмен жабу керек, қағаз орамалды бір пайдаланған соң тастау керек. Бұл – микробтар мен вирустардың таралуын болдырмайды. Бактерия немесе вирус қолда қалмас үшін, шынтақты бүгіп, білекті басып тұрып жөтелуге, түшкіруге болады.
3) Халық көп жиналатын орыннан аулақ болыңыз. Суық тию мен тұмау өте тез таралатын жұқпалы ауру. Халық көп жиналған орында жұқтырып алу қаупі жоғары. Халық көп жиналатын қоғамдық орыннан өзіңізді алшақ ұстай отырып, ауруды таралу қаупін азайтасыз. Ондай орында әрбір затты ұстағаннан кейін қолды тазалап жуу қажет. (мысалы, есік тұтқасы т. б.)
Егер өзіңізді нашар сезініп тұрсаңыз үйден шықпаңыз, тіпті болмағанда бір күн үйде болыңыз, айналаңызға ауру жұқтыру қаупін азайту үшін.
Баланы балабақшаға берерде дұрыс таңдау жасаңыз. Гигиеналық ережелерді қатаң ұстанатын, ауру балалардың келуіне тыйым салынатын балабақшаны таңдау қажет.
4) Ортақ пайдаланатын орынды дезинфекциялаңыз. Суық және тұмау вирустары ортақ пайдаланатын орындарда, әртүрлі заттардың, жиһаздардың бетінде, ауада болады әсіресе жуынатын бөлмеде, ас бөлмеде. Суық тию мен тұмауды болдырмас үшін осындай орындарды дезинфекциялау қажет. Міндетті түрде әжетхананы тазалаңыз, қол жуғышты жуыңыз, есік тұтқаларын, жиһаздарды сулы шүберекпен сүртіңіз. Өзіңізге қол жетімді тазалау құралын пайдалануға болады бірақ вирустар мен микробтарды жоятын құрал «Лизол» пайдаланған дұрыс.
● 2-бөлім. Иммунитетті күшейту
1) Екпе (Вакцина) салғызу. Арнайы тұмауға, суық тиюге қарсы препараттар жоқ, сондықтан жылына бір рет вирусқа қарсы екпе салғызу керек. Бұл маусымдық тұмау кезінде иммундық жүйені нығайтады. Сізге тұмауға қарсы екпе салғызуға бола ма, ол туралы дәрігермен ақылдасыңыз.
Тұмауға қарсы екпені жылына бір рет салғызыңыз. Егер, екпе салғызғаныңызға бір жылдан асып кеткен болса, оның күші әлсірейді.
Тұмауға қарсы екпені 6 айлық сәбиден бастап 65 жасқа дейін адамдарға салуға рұқсат беріледі. 65 жастан асқан адамдарға әдетте пневмокок вакцинасын жасайды. (Пневмовакс)
Есте сақтаңыз! Екпе салған орын сәл - пәл ауруы қалыпты екенін ескеріңіз.
Сондай - ақ екпе мұрынға тамызатын спрей түрінде де қолжетімді. Екпемен салыстыруға келмейді, бірақ тұмау белгілерімен жақсы күреседі.
Екпе салғызған соң кез келген жанама әсерлері туралы дәрігерге айтыңыз (қызуы көтерілу, дененің ауырсыну).
Кейбір елдерде екпе салғызған адам, арнайы құжат сұрай алады. Онда екпенің түрі, әсері, неден қорғайды т. б көрсетіледі.
2) Суық тиюден қорғайтын арнайы екпе (вакцина) болмайды. Суық тиюден қорғанудың ең тиімді жолы гигиена сақтау, ағзаны нығайту яғни денсаулыққа көңіл бөлу.
Үйлесімді диета түрін ұстаныңыз, спортпен шұғылданыңыз (дене шынықтыру жаттығулары), қолды тазалап жуу т. б.
3) Науқас адаммен байланыспаңыз. Тұмаумен ауырған адаммен тар жерде ұзақ байланысудан аулақ болыңыз. Осылай кез келген бактерия немесе вирустың ағзаңызға еніп, ауру туғызуынан сақтайсыз.
Науқас адаммен байланысты сыпайы түрде үзіңіз. Мысалы, «Кешіріңіз, менің шұғыл шаруаларым бар еді, асығып тұрмын» - деген секілді.
Егер үйде ауырып жатқан адам болса, арнайы өз бөлмесінде жатуын қадағалаңыз. Басқалармен көп байланыспауын өтініңіз.
4) Өзіңізге тиесілі заттарды ғана пайдаланыңыз. Науқас адам тұтынған заттарды пайдаланбаңыз. Науқас адамның тұтынатын заттарын бөлек ұстаған дұрыс. Осылай жасай отырып сіз өз ағзаңызды кез келген бактерия мен вирустан қорғайсыз.
Тамақтанып болған соң, ыдыстардың таза жуылуына назар аударыңыз. (ыдыс жууға арналған құрал пайдалану, қайнаған ыстық сумен шаю).
5) Баламалы дәрі - дәрмек түрін пайдаланыңыз. Кейбір адамдар дәстүрлі емес дәрігерлік әдістердің тұмауға және суық тиюге көмегі барына сеніп жатады. Ғылыми зерттеушілер С витамин, эхинацея, цинк ауруға қарсы әрекет етеді дегенге, суық тию мен тұмауға көмектеседі дегенге келіспейді. Мүмкін, ауру жаңа басталып келе жатқан кезде оның көмегі бар шығар.
●3-бөлім. Тұмаудың бастапқы белгілері білінген кезінде емдеу шаралары.
1) Ағзаның құрғауына жол бермеңіз. Қызу көтеріліп терлегеннен, мұрыннан тоқтамай су аққаннан ағзадағы судың мөлшері төмендейді, сондықтан сұйық көп ішу қажет.
Сұйық көп ішу, аурудың күшеюін төмендетіп, жағдайыңыздың қалпына келуіне оң ықпал етеді.
Әйелдер үшін күніне 9 стакан, ерлер үшін 12 стакан сұйықтық ішу қажет деп есептеледі екен. (су, шырын, шөптерден дайындалған шай, кофеинсіз сусындар т. б.)
Кофе, қара шай, кофеин бар сусындар ағзаны құрғатып, ауруды асқындырады.
2) Тауық сорпасын ішіңіз. Зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей, суық тиюге қарсы ең тиімді халық емі бұл – тауық сорпасы - шын мәнінде ағзаның суық тию белгілерімен күресуіне жағдай жасайды. Тіпті, ыстық тауық сорпаның буы суық тию белгілерін жеңілдетеді.
Тауық сорпасы ағзаның құрғауының алдын алады.
Есте сақтаңыз! Тауық сорпасың адам ағзасының қабынуына қарсы дәрі - дәрмек десе болады. Сорпа жұтқыншақтағы шырыштың бөлінуін тездетіп, ағзадағы вирустың өмір сүру уақытын азайтады.
3) Алкогольді ішімдіктер мен шылым шегуден аулақ болыңыз. Түрлі ішімдік пен шылым шегу, суық тию кезінде тек зиянды болмаса, пайдасы жоқ. Ауруды асқындырмас үшін бұлардан бас тарта тұрған жөн.
4) Тұзды сумен тамағыңызды шайыңыз. Күнделікті тұтынатын тұзбен суды араластырып тамақты шаю, тамақ ауруы кезінде тиімді тәсіл. Қысқа уақытқа болса да жеңілдегенін сезінетін боласыз, тамақ шаюды шамаңыз келгенше жиі қайталаған дұрыс.
1 - 2 шай қасық тұзды 250 мл жылы суға салып тұз ерігенше араластырыңыз. Суды ауызыңызға ұрттап тамағыңызда 30 секундтай ұстап тұрыңыз да түкіріңіз. Кем дегенде күніне екі рет қайталаңыз.
5) Тамаққа арналған арнайы сорғыш тәттілер мен спрей пайдаланыңыз. Тамақ қабынуына қарсы жеңіл дәрілер пайдаланыңыз. Құрамында эвкалипт пен камфора бар, тамаққа арналған арнайы сорғыш тәттілер мен спрейлер, мұрын бітелгенде, тұмаудың алғашқы белгілері кезінде көмегі тиеді. Сорғыш тәттілер мен спрейді әр 2 - 3 сағат сайын қолдану қажет.
6) Ауырсынуды басатын препараттар қабылдаңыз. Егер сізде суық тию немесе тұмау болса, денеңізден құрысу байқайсыз. Бұл жағдайда кез келген ауырсынуды басатын, дәрігердің рецептісіз босатылған препарат түрін қабылдаңыз.
Ацетаминофен, ибупрофен немесе напроксен натрия дәрмектерін қабылдаңыз, дененің құрысуын басу үшін.
7) Көбірек демалыңыз. Адам ағзасы ауру белгілерін жеңіп, тез қалпына келу үшін көп демалу қажет. Егер ыстығыңыз көтеріліп тұрған болса, жұмысқа немесе мектепке бармаған дұрыс. Демалыстың пайдасы – ауру асқынып, қызметтестер мен достарыңызға тұмауды жұқтыру қаупін азайтады.
Күніне 8 сағат ұйықтау керек, суық тию мен тұмаудан ағзаны қорғау үшін қалғып - мүлгудің иммундық жүйеге әсері зор. Ұйықтайтын жеріңіз жылы әрі ыңғайлы, ауа ылғалдығы бір қалыпты болуы керек. Ауы ылғалдығы мұрын бітуі мен жөтелді азайтады.
Пайдалы кеңес
Тұмаудың алдын алудың ең тиімді жолы – жылына бір рет екпе салғызу.
Бір реттік екпе аурумен жылдар бойына күресуге көмектеспейді тек ауру белгілерін жеңілдетеді, жыл сайын жасатып тұру бұл иммундық жүйені күшейтеді.
Ескерту!
Егер суық тиіп немесе тұмау болып ауырсаңыз жұмысқа бармаңыз – жұмыстағы таныстарыңыздың бәріне жұқтырасыз (бұл этикаға жатпайды); бір - екі күн үйде болсаңыз, тез жазыласыз. Дәрігерден медициналық анықтама беруін сұрасаңыз болды.
Источник: bilimdiler.kz
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: