Ас содасының емдік қасиеттері
Ас содасының 12 емдік ерекшелігі
Күнделікті қолданыстағы ас содасы ауырғанда – дәрі, керек болса косметикалық құрал да бола алады. Айта берсек, оның кәдеге асар кезі көп. Енді оның қасиеттеріне тоқталар болсақ:
1. Жүрек тарсылдап, қатты соққан кезде де жарты шай қасық соданы тілдің астына салып қою керек.
2. Ауыр жарақаттанғанда, тамақтан уланғанда немесе көп мөлшерде қан жоғалтқан жағдайда жарты шай қасық ас содасы мен бір шай қасық тұзды бір литр қайнаған суға ерітіп, әр бес минут сайын бір ас қасығын ішіп отыру керек.
3. Ас содасының қан қысымын түсіруге де септігі зор. Ол денедегі артық ылғалды шығарып, қан қысымының төмендеуіне көмектеседі.
4. Жөтеліп жүрген адам жатар алдында бір стакан қайнаған сүтке бір шай қасық ас содасын салып ішу керек деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Сүт ішпейтіндер бір литр қайнаған ыстық суға бір ас қасық ас содасын ерітіп, тамағын буласа, жөтелі кетеді.
5. Баспа кезінде бір стакан жылы суға екі шай қасық ас содасын салып, күніне бес - алты рет тамағын шайса, тамақтың қызарғаны басылады.
6. Тұмауратып ауырғанда адамның мұрнынан су ағатыны белгілі. Сондайда күніне үш - төрт рет сода ерітіндісін тамызу керек.
7. Көз былшықтанған кезде ас содасын суға салып, мақтамен сүртсе, көз тазарады.
8. Саусаққа жара шығып, іріңдеп, қабыну байқалса жарты литр жылы суға екі ас қасық ас содасын ерітіп, саусақты батыру керек. Ауырған саусақты осылайша күніне үш - төрт рет батырса, іріңі басылады.
9. Тіс ауырмау үшін ауыз қуысын ас содасы қосылған сумен шайып тұру керек.
10. Ас содасын сабынның көбігімен араластырып, аптасына екі рет жуса бетті жасартып, «өлген» жасушаларды қалпына келтіреді.
11. Көп терлейтін адамдар күнделікті таңертең ас содасы қосылған суға мақтаны батырып, қолтығын сүртсе күні бойғы жағымсыз иістен құтылады.
12. Көп жүргеннен аяқ талып ауырғанда бес ас қасық соданы 10 литр суға ерітіп, он бес минут аяғын салып отырса, аяқтың шаршағаны басылады.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: