Ас қорытуға пайдалы азық-түліктер
Бізге дұрыс тамақтануды ұстану мүмкін емес секілді көрінеді. Себебі маңызды істерден қолымыз босамайды. Дұрыс азық-түліктер сатып алып, тамақ дайындауға кейде уақыт, кейде ынта болмайды. Ал асқазанымыздың ауыруы адам төзгісіз бола түседі. Кейін дәрігердің көмегіне жүгінсек болғаны, мәселені бірден қалпына келтіріп береді деп ойлаймыз.
Бірақ, асқазан-ішек жолы ауруларын емдеу оңай емес және ол ұзақ жүреді. Сондықтан дәрі ішумен қатар, дәрігер міндетті түрде ас қорытуды жақсартатын тамақтардан тұратын диета ұстауды ұсынады. Дәрігердің қатаң диета жазып бергенін күтпей, асқазан ауруларының алдын алуға болады. Ол үшін дұрыс тамақтанып, ас қорытуға көмектесетін тағамдарды жеу керек.
Ас қорытуды жақсартатын тағамдарды дайындаудың ең дұрыс әдісі – суға немесе буға қайнату және бұқтыру. Тамақ қатты ыстық немесе қатты суық болмауы керек. Тамақ дәмді, бірақ дәмдеуіштер мен тұз аз мөлшерде болғаны жөн.
Ас қорытуды жақсартатын азық-түліктер
Егер азық-түлікпен емделуге келсек, ең танымал құралға бал жатады. Оны халық медицинасында "асқазанның ең жақын досы" деп атайды. Оның құрамындағы темір мен марганецтің арқасында ас қорыту жылдамдайды. Сондықтан іш қату кезінде жиі бал жеуді жазып береді.
Суға бал салып, 2 ай бойы ішу жоғары қышқылды гастритті жеңілдетуге көмектеседі. Ол үшін 1 ас қасық балды бір стақан суға араластырып, тамақтануға дейін 2 сағат бұрын ішу керек. Оны күніне 2-3 рет қайталаған жөн.
Грек жаңғағы мен балдың қоспасы асқазан мен бауырдың жұмысын жақсартады. Қоспаны күніне 3-4 рет жеу керек.
Бал мен асқабақтың қоспасы ас қорытуды жақсартып, іш қатуды кетіреді.
Ас қорытуға пайдалы азық-түлікке қызылша жатады. Ол шикілей де, піскен түрінде де пайдалы. Оны күнде аш қарынға 100-150 г-нан жеу керек. Сол секілді алма да асқазанға пайдалы, ол үшін оны күніне екеуден жеу керек. Алманы да таңертең аш қарынға жеген жөн.
Іш өту кезінде күріштің немесе кепкен алмұрттың қайнатпасы көмектеседі.
Іш қату кезінде пияз тұнбасы жақсы көмектеседі. Ол үшін пиязды ұсақтап турап, онымен 0,5 л бөтелкені 2/3 болатындай етіп толтыру керек. Содан соң бөтелкені арақпен толтырыңыз. Ол 10 күндей тұру керек. Пияз тұнбасын түскі ас алдында 10 тамшыдан ішіп тұру керек.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: