Аяқ күтіміне арналған ванна

Аяқ күтіміне арналған ванна

Әйел адамның аяғына қаншалықты көп күш түсетіні белгілі. Көп жағдайда нәзік жандылар ауыр-ауыр жұмыстарды мойнына алып жатады. Нәтижесінде ағзаға жүк түсіп, әсіресе аяққа ауыр тиеді. Әйелдің көңіл-күйі мен белсенділігі аяғының жағдайына да байланысты. Қандай жағдай болмасын, жұмыс уақыты аяқталған соң дене толық демалуға мүмкіндік беру керек. Демалтуды аяқтан бастап, оған тұзды ванна дайындауға болады.

✔ Аяққа арналған тұзды ваннаның пайдасы

Тұзды ванна босаңсыту мен тыныштандырудан басқа, басты пайдасының бірі – ісікті басады. Жұмыс жасайтын адамдар үшін аяқтың ісінуі үйреншікті жағдайға айналады. Егер немқұрайлы қараса, айтарлықтай зияны болуы мүмкін. Аяққа арналған ваннаның тағы бір пайдасы аяқтың қатты терлеуі кезінде көмектеседі. Тұзды ваннаны 2-3 рет қабылдаған соң, аяқ қажауын да кетіреді. Аяққа тұзды ваннаны қолданып болған соң, аяқ терісі жұмсара бастайды.

✔ Аяққа арналған тұзды ваннаның негізгі принциптері

Аяққа арналған тұзды ваннаның дәстүрлі рецебі тұз бен суды ғана қолдануға негізделген. 200 грамм теңіз тұзын ыстық суда еріту қажет. Ваннаға 9-10 минут аяқты салып, аяқтағы тұзды сумен шайып кетірмей сүрту қажет. Содан соң, аяғыңызды қозғамай, 20-30 минут жатып демалыңыз. Одан басқа әртүрлі ингредиенттер қосу арқылы жасалатын аяққа арналған тұзды ваннаның түрі көп. Суға не қосуына байланысты әсері де әртүрлі болады.

✔ Аяққа арналған тұзды ваннаның рецептері

Күні бойы жиналған шаршауды басу үшін аяқты босаңсытатын ванна дайындауға болады. Ол үшін 3-4 ас қасық теңіз тұзы мен дәріханада сатылатын бірнеше шай қасық қалақайды (крапива) араластырып, ыстық су құйыңыз. Аяғыңызды ваннада 10 минуттан артық ұстауға болмайды.

Егер сізді аяқтың терлеуі мазаласа, мынадай ванна дайындасаңыз болады: 2 уыс теңіз тұзын дәріханада сатылатын 3 шай қасық емен қабығымен араластырып, қайнаған ыстық су құйған соң 15 минут тұрсын. Одан соң дайын ваннада аяғыңызды 10 минут ұстаңыз.

Аяқ қан тамырларын нығайту үшін теңіз тұзын және жөке гүлін (цветы липа) қолдану ұсынылады. Сонымен қатар бірнеше тамшы хош иісті майлар да қосуға болады. 100 грамм теңіз тұзына 2-3 шай қасық жөке гүлін салған жөн.

Тұзды ванналарды аяқ терісін тазартуға да қолданып жатады. Шылапшынға тобыққа дейін келетін ыстық су құйыңыз. Оған 2 шай қасық теңіз тұзын және 1 шай қасық ас содасын салып, ерітіңіз. Шамамен 2-3 минут ұстап, аяғыңызды суға салыңыз. 10 минуттан соң, аяғыңызды алған соң сүртіп, ылғандандырушы немесе нәрлендіруші крем жағып қойыңыз.

Жоғарыда айтылған әрбір ваннадан соң, аяғыңызды жуудың қажеті жоқ. Себебі, әсері азайып қалады. Ваннадан соң, барлық пайдалы затты жақсылап сіңіру үшін міндетті түрде демалуға тырысыңыз.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
пайдалы кеңестер, пайдалы кеңестер журналы, пайдалы кенестер кыздарга, полезные советы на казахском языке, Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер, жігіттерге ерлерге, денсаулыкка арналған кенестер

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]