Қазақтар балаларын қалай еркелетеді?
Еркелету тек ер мен әйелдің арасында ғана емес, ата-ана мен баланың, жалпы үлкен -кіші арасында болатынын да ескеріп өткім келді. Сонымен, қазақтар балаларын қалай еркелетеді? Қазақтар сый-құрметті үлкендерге алғашқы буынға -еке, -аға, -ке, -а, сияқты жалғаулар қосу арқылы: Мәке, Сәке, Тәке, Бәке, Нұраға, Мұқа, Бауке – деп білдіретінін белгілі. Бірақ, кішілерге сүйіспеншілікті, жылылық пен мейірімді қалай жеткізген? Осыған жауапты, аталарымыздың малшылық пен аңшылық кәсібінен іздеп, қазағымның қазіргі еркелету сөздеріне қатты әсер екетенін байқауға болады. Ботам, ботақаным, қошақаным, құлыншағым, шөжем, тайлағым, көжегім, бөлтірігім және тағы басқа фауна өкілдері. Сүйіктіңнің атына сонымен қатар: – жан, -тай, деген жалғауларды немесе -ым, -ім деген меншіктік жалғауларды қосу баяғыдан еркелету әсерін тудырады. Мысалы: -Майра -Майражан – Зережан -Сымбатжан Егер онсызда жанға бітетін болса – Гүлжан – Гүлжантай -Айжан – Айжантай Бірақ кейде бұлар есімдердің альтернативті нұсқалары ретінде пайдаланылады. Бұл орайда, “- ш” деген де жалғау да бұрындары еркелету жалғауы болғанын айта кеткен әділ болар еді. Қазір өкінішке орай жиі қолданылмайды. Мысалы: – Айна – Айнаш, – Әсия – Әсияш Әлия – Әлияш Мәрия – Мәрияш Гүлбахрам – Гүлбақыраш:)))) Қатира -Қатираш Мағрипа -Мағрипаш Қазір бұл есімдердің кәдімгі нұсқасына айналған. Ал оған қоса меншіктік жалғаулар болса, енді бәріне жарасады: – Зухра – Зухраш -Зухрашым – Фарида -Фаридаш -фаридашым – Зәбира – Зәбираш – Зәбирашым -Айгүл – Айгүлжан – Айгүлім -Несібелі – Несібелім т.с.с Тағы бір бонус : Ол “-Ақ” – деген префикс. Яғни есімнің алдына қойылатын жалғау. Мысалдар: – Асқар- Ақасқар (оқылуы: Ағасқар) – Алтын – Ақ алтын (оқылуы: Ағалтын -Марал – Ақ Марал (оқылуы: Ақмарал) т.с.с. Бұл да еркелетумен қатар өзінің алдындағы жалғаулар сияқты жаңа есімдер (Ақсәуле, Ақтолқын, Ақтоты) тудыратын морфологиялық мәнге де ие. Енді тағы бір моментке жарық түсіргім келеді. Қазіргі қазақ халқында “Сико”, “Пако, Жако, Ләкөн, Әзикөн, “Мико”, “Тико”, “Хатико” – деген сияқты ерекелету есімдері де бар. Бұлар – Ико – Ако – және – әкөн – икөн- жалғауларымен аяқталатын еркелету есімдерінің түпнұсқалығы әртүрлі болуы мүмкін, шарты тек алғашқы әріптерінің бірдейлігі. Мәселен, Сико – Серік, Пако – Парасат, Жако -Жалғас, Ләкөн – Ләззат, Әзикөн – Әзімхан, Мико- Мейірбек, Тико- Тілеубек, Хатико – Хатимолда болуы әбден мүмкін:)) Бұлардың да жоғарғы жалғаулармен бірлесе қолдаған комбинациялары кездеседі. Сикош, Паконтай, Жаконтай, Ақ -Ләкөш, Әзикөш, Микожан, т.с. Көп. Бәрін тізу бір күндік жұмыс емес. Дегенмен білмеген адамға, бұл қосымша кеңдеу мағлұмат береді деп ойлаймын.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: