3-6 жастағы балада қандай өзгерістер болады?

3-6 жастағы балада қандай өзгерістер болады?

Соңғы кезде балаларының мінезін айтып шағымданатын ата-аналар көбейді. Ол көбінде баланың психологиясын дұрыс білмеуден болып жатады. Осы жазбамда 3-6 жас аралығындағы балаларға мінездеме беріп көрейін.

1. Бұл жаста бала әлеуметтік ортаға бейімделе бастайды. Мінезі қалыптасып, жаңа қызығушылықтар туындайды. 3 жастан бастап балада физиологиялық өсу жиілеп, 6 жасқа толғанда ересек адамның дене бітімінің бел ортасына жетеді.

2. Баланың бас сүйек миының есте сақтау қабілеті 4/5 көлеміндей болады. Яғни бұл жастағы бала зияткерлік ойындарға қабілеттілігі арта түседі деген сөз. Егер балаңыз 3 пен 6 аралығында болса, онда «Не үшін, неге?» деген сұрақтарға жиі жауап беруге дайындалыңыз. Себебі, осы жастағы балалар айналада болып жатқан барлық құбылысқа қызығушылықпен қарайды.

3. Сөйлеу қабілеті дами түседі. Бұл жаста бала ертегіні естіп қана қоймай, сонымен қоса өзі де ертегі құрастырып, санамақ, өлеңдер айта бастайды. Ал 6 жасқа толғанда өз ойын толығымен және анық түрде жеткізе алатын күйге жетеді.

4. Психиатрлардың айтуынша, осы жастағы сәбилер өнерге, сурет салуға, ән айтуға бейім болады. Осы периодта баланың қандай салаға қызығушылығы басым болатындығын жіті қадағалау маңызды.

5. Бала ойын анық жеткізу үшін онымен сөйлесіп тұру өте маңызды. Оның ең бірінші сұхбаты ата-анасымен болатыны белгілі. Сонымен қатар, баланың ата-анасына қарап еліктейтінін, олардан үлгі алатынын естен шығармау керек. 5 жасқа келгенде бала өзінің құрдастарымен араласа бастайды.

6. Дәл осы кезде ол үшін өзімен жасты достарының оған деген қарым-қатынасы маңызды болады. Яғни баланың бойында «симпатия» белгілері дами түседі. Оның айналасындағы адамдар оған қандай көз-қараспен қарайтыны оны алаңдата бастайды.

7. Осы жастағы балаларға қоршаған орта, жан-жануарлар және өсімдіктер туралы көп ақпарат беру өте маңызды. Баланы жиі хайуанаттар бағына апарып, өсімдіктерге жиі су құйып тұру қажеттігін, құстардың әнін тыңдаттырып, табиғатты қорғап, аялауды үйрету баланың экологиялық тұрғыдан ой- өрісінің дамуына үлкен септігін тигізеді.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
бала, ұрпақ, 3-6 жас, Ұрпақ, баланың, бастайды, жасқа, маңызды, жастағы, деген, балаларға, жаста, түседі, болып, болады, толғанда, кезде, ересек, адамның, жетеді, жиілеп, физиологиялық, бастап, балада, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі, бала тәрбиесі туралы, бала тәрбиесі туралы мақала, бала көркем сөйлеу, Балаңыз көркем сөйлеп шешен болсын десеңіз, баланы оқуға үйрету, баланы сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу, баланы дұрыс сөйлеуге үйрету, балаға көркемдік тәрбие беру, бала тәрбиесі туралы баяндама, бала тәрбиесі туралы кеңестер, баяндама бала тәрбиесі жайлы, бала тарбиеси туралы баяндама, воспитание детей на казахском языке, сенімді бала тәрбие

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]