Отбасын нығайтатын 10 дәстүр
Нағыз берік отбасы – үлкен еңбектің нәтижесі. Бұл жұмыс ұзақ уақытты қажет еткенімен, міндетті түрде жемісін береді. Егер отбасыңызға жаңашылдық енгізгіңіз келсе, жақын адамдарыңызбен ара-қатынасыңызды жақсартқыңыз келсе және туғандарыңызбен көбірек уақыт өткізуді ойласаңыз, өміріңізге бірнеше отбасылық дәстүр енгізіңіз.
1. Естелік заттар альбомы
Қазір көпшілік сандық суреттерге және оларды компьютерде, флешкаға немесе ғаламторда сақтауға үйреніп қалды. Алайда, балалық шақтағыдай альбом сақтаудың орны бөлек. Жағымды сәттерді еске түсіру әрқашан қызық. Оны ерекше етіп безендіріп, қосалқы заттар қосыңыз. Мысалы, альбом бетіне суретпен қоса билет, хат, бирка жабыстыруға болады. Әсіресе, кейін балалармен бірге естелік альбомды қарап, оның ішіндегі жазбаларды оқып, түсіндіріп беріп отырған қызықты болады. Ол балаларға ерекше әсер қалдырады.
2. Шежіре
Ата-бабасын біліп жүру – әр адамның парызы. Сондықтан арғы тегіңізді, бірнеше ұрпақты біріктіретін әдемі зат ойлап табыңыз. Оның көз алдында ілініп тұрғаны жақсы. Мысалы, ол ағаш бейнесіндегі жиектеме болуы мүмкін. Бұл әрекетіңізден соң балалар арғы аталарын құрметтеуді үйренеді және олардың тарихқа деген қызығушылығы оянуы мүмкін.
3. Қонақ
Туысқандардың бір-біріне қонаққа келуі арқылы олар бір-бірімен тығыз байланыса түседі, жақсы естеліктер көбейеді және ол балалар үшін ерекше кешке айналады.
4. Бос уақыт
Былай қарасақ, бос уақытымыз үйде отбасымен бірге өтетіні анық. Бірақ әркімнің өз гаджетінде видео қарап отыруы бірге уақыт өткізуге жатпайды. Қазір ересектер мен балалар бірге ойнайтын үстел ойындары көп. Отбасы мүшелерінің барлығы бірдей демалатын бір күнді таңдап, фокус көрсетуді, сабын жасауды, бидің бір түрін және т.б үйреніңіздер.
5. Қыдыру
Айына бір рет отбасымен бір жерге баруды қолға алған жөн. Ол жер тек балалар үшін емес, ересектерге де қызық болуы тиіс. Мысалы: бассейн, коньки тебу, кинотеатр, театр және т.б.
6. Ойдан шығарылған мерекелер
Отбасы істей алатын ерекше нәрсенің бірі – өзінің жеке мерекесін ойлап табу. Мысалы, бір күні ата-ана мен балалар өз орнымен ауысып көруге болады. Сол кезде бала жақынына қамқор болуды үйренеді. Бір күнді ата-ана барлығына келісім беретін күн етуге болады. Ол ата-ананы балаларына сенуге үйретсе, балаларды сенімді теріс пайдаланбауға, шекті білуге үйретеді. Егер балаларыңыз әлі кішкентай болса, "Ертегі түнін" жасаңыз. Өздеріңіздің жеке мерекеңізді ойлап тауып, оны жыл сайын атап өтуге тырысыңыз.
7. Сыйлық
Балаларыңызды тек сыйлық алуға емес, сонымен қатар оны сыйлауды да үйретіңіз. Оларға құттықтау хатын жасатыңыз, безендіруді үйретіңіз. Бала өзінің қолынан жасалған заттары арқылы жақындарына деген махаббатын, қамқорлығын көрсете алуы керек.
8. Ерекше мәзір
Отбасыны нығайта түсетін тағы бір әдіс – қандай да бір мерекеде міндетті түрде бір тамақ түрін дайындау. Ол барлық отбасы мүшелері бірдей жақсы көретін тамақ болуы мүмкін. Сонымен қатар, тосынсыйы бар ас дайындауға болады. Мысалы: тосынсыйы бар торт (кекстер). Отырыс қызықты болу үшін әзіл қосуға болады. Мысалы, манты пісірсеңіз, бір мантыға көп етіп қант салып дайындаңыз. Тамақ ұсынғанда отбасы мүшелеріне ескертіңіз: кімге қанты бар манты түссе, соның жолы болады.
Отбасыдағы "жағымды ауа-райын" сақтау үздіксіз еңбекті қажет ететінін ұмытпаңыз. Алайда бұл жұмыс шаршатпайды, керісінше жағымды эмоциялар ғана сыйлайды.

Досты, жарды қалай таңдаймыз?

Отбасын құрамын деген жігіттерге...

Еркектің отбасы алдындағы міндеті
7. Сыйлық
Балаларыңызды тек сыйлық алуға емес, сонымен қатар оны сыйлауды да үйретіңіз. Оларға құттықтау хатын жасатыңыз, безендіруді үйретіңіз. Бала өзінің қолынан жасалған заттары арқылы жақындарына деген махаббатын, қамқорлығын көрсете алуы керек.
8. Ерекше мәзір
Отбасыны нығайта түсетін тағы бір әдіс – қандай да бір мерекеде міндетті түрде бір тамақ түрін дайындау. Ол барлық отбасы мүшелері бірдей жақсы көретін тамақ болуы мүмкін. Сонымен қатар, тосынсыйы бар ас дайындауға болады. Мысалы: тосынсыйы бар торт (кекстер). Отырыс қызықты болу үшін әзіл қосуға болады. Мысалы, манты пісірсеңіз, бір мантыға көп етіп қант салып дайындаңыз. Тамақ ұсынғанда отбасы мүшелеріне ескертіңіз: кімге қанты бар манты түссе, соның жолы болады.
Отбасыдағы "жағымды ауа-райын" сақтау үздіксіз еңбекті қажет ететінін ұмытпаңыз. Алайда бұл жұмыс шаршатпайды, керісінше жағымды эмоциялар ғана сыйлайды.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: