МӘМС төлемдерін қалай төлеуге болады


Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі деген не?
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) - денсаулық сақтау мүддесін әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттік жүйе болып табылады.
МӘМС Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік жағдайына, тұрғылықты жерiне және табысына қарамастан медициналық және дәрілік көмекке тең қолжетімділік жасауға кепілдік береді.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) - ауру, жарақат алу, туу және жүктілік, мүгедектік және кәрілік жағдайларында халықтың денсаулығының мүддесін әлеуметтік тұрғыда қорғау нысаны.
Көптеген дамыған елдер мұқтаждығы артық тұрмысы төмен адамдарға ресурстарды қайта білуге мүмкіндік беретін МӘМС жүйесін таңдаған.

МӘМС төлемдерін қалай төлеуге болады?
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық ЖК (жеке кәсіпкер) осы айда табыс болғанына немесе болмағанына қарамастан, өзі үшін МӘМС 2975 теңге мөлшерінде төлеуге міндетті.
МӘМС сондай-ақ ОПВ и СО сияқты — ағымдағы ай үшін келесі айдың 25-күнінен кешіктірмей төленеді.
Яғни, қаңтар айы үшін 25 ақпаннан кешікпей, ақпан айы үшін 25 наурыздан кешікпей төлеу қажет. 
Төлемдерді әр ай сайын төлеп отыру керек, жинап бірден төлеуге болмайды
Сонымен қатар, биылғы жылы барлық жұмыссыздар, үй шаруасындағы адамдар және басқа да жеке тұлғалар, еш жерде ресми түрде тіркелмеген және ЖК еместер де осы төлемді төлеуі тиіс.
Бұл шара толыққанды және сапалы медициналық қолдау үшін азаматтардың барлық топтарын қамту мақсатында енгізілді.
Дербес төлеуші үшін төлем мөлшері-2125 теңге.
Айта кетерлігі, әр түрлі салықтарды төлеу тұрғысынан тек қана МӘМС-ті жұмыссыз ретінде төлеу емес, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар ретінде төлеу және ай сайын ЕСП төлеу тиімді.

2020 жылы МӘМС Kaspi.kz арқылы - ЖК немесе дербес төлеуші ретінде онлайн төлеуге болады.
Бұл жерде біз тек ЖК үшін МӘМС төлемін талдаймыз.
Каспи-ге кіреміз — төлемдер ол жерден - Штрафы и платежи в бюджет - Отчисления для самозанятых и ИП - Взносы на обязательное соц. мед. страхование таңдаймыз.

Егер сіз өзіңіз үшін ЖК ретінде төлесеңіз, төлеушінің түрін жеке кәсіпкер таңдаймыз - 2975 тг.
ЖК өзі үшін МӘМС төлемінің деректемелері— КБК 904101 және КНП 122


Егер сіз жұмыссыз немесе үй шаруасындағы әйел болсаңыз, өз бетінше төлеушіні таңдаймыз — 2125 тг.
Бұдан әрі төлемді жүргізетін кезеңді таңдаймыз және ЖСН-ді енгіземіз және төлемді жасаймыз.
МӘМС есептеу формулалары
МӘМС үшін ЖК (өз-өзіне) — 1.4*МЗП*5% = 2975 теңге
МӘМС - дербес төлеушілер МЗП * 5% = 2125 теңге

МӘМС(ОСМС) – Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
ЖК – жеке кәсіпкер
МЗП - Минимальная заработная плата, биыл 42500 тенге
СО - Социальные отчисления
ОПВ - обязательные пенсионные взносы
ЕСП - Единый совокупный платеж


Источник: bilimdiler.kz
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]